Курстық ЖҰмыс пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі,коллеграфия Тақырыбы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру» Ғылыми жетекші: Умирбекова Б


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………....21



бет2/13
Дата01.06.2020
өлшемі68,25 Kb.
#72007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ тілі Орынбай.А.
Қазақ тілі Орынбай.А.
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………....21

Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………...22

Кіріспе

Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс болғандықтан ол оның бос уақытында да жүзеге асырылуы тиіс. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше болып келеді. Ол демалу, тынығу үшін ғана емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді болып келеді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы , оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Бұл орайда оқушы демалысын, яғни бос уақытын тиімді өткізуі сынып жетекшісінің немесе пән мұғалімінің құзыреттілігіне толықтай міндеттеледі. Себебі оқушы бос уақыты дұрыс, тиімді ұйымдастырылған болса, олардың рухани өмірі, көзқарасы толықтырылуы қамтамасыз етіледі. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.

Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушының жан-жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді, бұған оқушының отбасы арасында, қоғамда да бос уақыты тиімді ұйымдастырылуы қажет. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.


Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек.

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алады, яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды

3

әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі.Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Оқушылардың бос уақытында оларды мәдени шараларға, спортпен шұғылдануға, түрлі қызықты іс-шаралар өткізуге тәрбиелеу;

  • Бала өзенің бос уақытын тиімді өткізуін үнемі қадағалау, оны кейін дағдыға айналдыруға ықпал ету;

  • Бос уақытын тиімді дұрыс жоспарлап ұйымдастыру;




4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет