Квалиметрияның қолдану саласы
Басында квалиметрия өнім сапасын өлшеу және бағалау туралы ғылым ретінде анықталды. Бұл түсінікті жағдай, себебі, халықшарушылық өнімдері сапасының мәселесі – маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі уақытта квалиметрия қайда қолданылады? Оның қолдану саласы кеңейді ме?
ХХ ғ. екінші жартысында техникалық ғылымдарға ғана емес, гуманитарлық ғылымдарға да қатысты негізгі ғылыми категориялар алғашында қалыптасса, кейін сандық сипат (квантификация) алып жатыр.
Қазіргі уақытта сапаны кешенді сандық бағалау адам әрекетінің әртүрлі салаларына көптеп ендіріліп жатыр. Отандық және шетелдік ғылыми-техникалық, ғылыми-атақты және де қоғамдық-саяси әдебиеттерде еңбек өнімдері болып табылмайтын әртүрлі түрдегі объектілердің сапасын кешенді бағалау және әртүрлі процестердің жүру сапасын бағалау мәселелері қарастырылуда.
Қазіргі кезде бар сапаны бағалау әдістері (олардағы бағалау объектілерінің әртүрлілігіне қарамастан) ішкі бірегейлігімен сипатталады. Бұл осы әдістердің квалиметрияның негізгі принциптеріне негізделетіндігімен түсінідіріледі. Сондықтан, теориялық квалиметрия тұрғысынан, осы әдістер біртекті және олар бір алгоритммен сипатталуы мүмкін.
Сонымен, былай айтуға болады:
сапаны кешенді сандық бағалау әдістері тек еңбек өнімдерінің бастапқы қолдану саласынан артта қалатын барлық жаңа салаларды қамтиды;
олардың негізделетін әдістер мен прициптердің алгоритмі теориялық квалиметрияда қабылданғандардан айырмашылығы жоқ;
осы әдістердің көпшілігінің қолдану саласы, мысалы мамандардың сапасын бағалау өте маңызды.
Сондықтан, халықшарушылығының әртүрлі салаларында сапаны бағалау мәселесімен айналысатын зерттеушілер жұмысында бір бағыт туралы мәселені қоюға болады, бұл мұндай зерттеулердің ғылыми деңгейінің жоғарылауына әсер етеді. Сонымен қатар, квалиметрия саласының кеңеюі ғылыми базаны еңбек өнімдері болып табылмайтын әртүрлі процестер мен заттардың сапасын бағалау бойынша мәселелерді шешу әдістерінің кешеніне алып келуі мүмкін, бұл үлкен халықшаруашылық мәнге ие.
Қазіргі уақытта квалиметрияәртүрлі өнім түрлерінің сапасын бағалау әдістерін ғана емес және өнім болып табылмайтын заттардың, сонымен қатар әртүрлі процестердің сапасын бағалау әдістерін біріктіре бастады деп айтуға негіз бар.
Квалиметрияда екі термин қолданылады - өлшеу және бағалау. Егер метрологияда өлшеу бағалаудың жеке түрі ретінде қарастырылса, квалиметрияда олар екі тәуелсіз түсінікті сипаттайды. Квалиметрияда сандық бағалау деп қарастырылатын өнім сапа көрсеткішін эталон ретінде қабылданған сапа көрсеткішіне қатысты (көбінше пайызбен сипатталады) функция ретінде қарастырылады.
Қандай бағалауларды квалиметрия қолданады? Кешенді бағалаулар үлкен роль атқарады, яғни өнім қасиетінің жиынтығына қатысты өнім сапа көрсеткіштерін бағалау. Кешенді бағалаудың маңыздылығы және зерттеушілердің оған назар аударуы, квалиметрия бір тәсілмен есептеу нәтижесінде алынған кешенді өлшемсіз бағалауларды ғана қолданады деген көзқарастың тарауына алып келді. Бұл квалиметрияның саласын тарылтады, себебі квалиметрия саласынан сапаны бағалаудың дифференциалдық әдісін (яғни сапа қасиетінің жеке, бірлік көрсеткіштері) алып тастайды. Квалиметрия атауының өзі оның аппараты әртүрлі тәсілмен алынған кез келген өлшемдегі барлық бағалау түрі болып табылатындығын көрсетеді.
Дифференциалдық бағалау квалиметрияның құралы ғана болып табылмайды, онсыз кешенді бағалау мүмкін емес. Іс жүзінде, кешенді әдістер негізделетін жеке көрсеткіштерді бағалау дифференциалды бағалау болып табылады.
Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және жетілдіру. Сапаны кешенді бағалау барлық жағдайда қажет емес. Кейбір жағдайларда сапа қасиетінің бірін дифференциалды бағалау (мысалы, екі үлгінің жақсысын таңдау мақсатымен оларды салыстыру кезінде бір үлгінің басқа барлық қасиеттері келесі өнімнің сәйкес қасиеттеріне тең болады) жеткілікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |