Еңбек психологиясы адамның еңбек іс-өрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми (EFY) үйымдастырудың психологиялық астарларьш зертгейді. Еңбек псііхологиясының міндетіне адамның кәсіби ерекшеліктерін, еңбек дағдыларын дамытудың зандылықтарын, өндірістік жағдайдың ықпалын анықтау жатады. Еңбек психологиясы бірнеше болімдерден түрады: олар сонымен қатар оз бетінше дербес, бір-бірімен байланысты психология ғылымдарының салалары. Олар: инженерлік психология негізінен адам мен машинаның қызметін бөлу және үйлесім проблемаларын шешетін автоматтандырылған жүйелерді басқарушы оператордың қызметін зерттейді; авиация психологиясы үшуды үйрету мен үшуды орындау үрдісінде адамның іс-әрекетін психологиялық зерттейді; космос психологиясы организмге шамадан тыс психологиялық ауыртпалық түскен ауасыз кеңістік жағдайында адам іс-әрекетінің психологиялық ерекшелікгерін зертгейді.