Курстық жұмыс Тақырыбы



бет7/11
Дата16.01.2022
өлшемі70,65 Kb.
#112494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ккт курсовой
тест Абай, Султанова Табарак Паллиативті көмек (копия), Султанова Табарак Паллиативті көмек
Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың үшінші түрі — шығарманы оқу. Мұнда көпшілік мұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады. Осыған орай, шығарманы алдымен тұтас оқыған дұрыс па, әлде бөліп-бөліп оқыған дұрыс па деген сұрақ туады. Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тыңдаушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіріле, мәнерлеп оқылуға тиіс. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің өзі оқиды немесе оқу техникасын меңгерген, мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлендер, көркем фразалар мен сөз өрнектері қездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн. Мысалы, В. Маяковскийдің «Кім болам?» өлеңін талапқа сай, әсерлі де асқақты үнмен оқып беру балаларға оңайға түспейді. Кейбір оқуға жеңіл қысқа үзінділер мен мақала стилімен жазылған шағын әңгімелерді шамалылау оқитын оқушыларға оқытуға болады. Ондай материалдарды оку арқылы балалар оқу дағдысына төселеді, келе-келе мәнерлеп оқитын болады.
Мәтінді қалай қабылдағанын байқау, алған білімін білікке айналдыруға бағытталған қорытынды әңгімеге өткізу.
Осындай жұмыс түрлері өз жүйесін тауып жүргізілгенде ғана бала оқу материалын толық түсініп, өзінің бойына рухани азық алмақ.
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі - мәнерлеп оқу.Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсіну керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Еңдеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үирету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі - мұғалімнің өзіні дауыс интонациясы. Мәнерлеп оқу дегеніміз - дұрыс оқу. сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу. кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Екінші сөзбен айтқанда, қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып тыңдаушысына әсерлі етіп жеткізу.

Баланы мәнерлеп оқуға үйрету үшін мұғалімнің өзі мәнерлеп оқу техникасын жетік біліп, оның оқушыларына меңгерте алатындай дәрежеде болуы керек.


Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін ең алдымен дыбыстау мүшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар аударып, түрлі жаттығулар жасатып отырған жөн. Оқудың, сөйлеудің мәнерлі болуы дұрыс. еркін дем алуға байланысты. Оку процесінле ауаны керегінше жұтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, ерікті түрде дем алып, орынды пайдалана білсек, бұл мәнерлі оқудың негізгі құралы болмақ.
Мәнерлі оқуыңда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауанық бір-біріне соқтығысуы жасалады.Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс шымылдырығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдырығында пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде эр түрлі реңге ие болады. Сөйлеу мүшелерінің физиологиялық құрылысында кемшіліктер болмаса, дауыс таза, күшті шығады. Ал сөйлеу мүшелерін күтпей, суыққа шалдырса, дауыс қырылдап, дауыс шықпай немссе міңгірлеп, түсініксіз болуы мүмкін.
Әр адамның өз дауысы болады, өйткені әр адамның өзінше анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар.
Дауыстың өзіңдік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр.
Сөйлеу не оқу кезңнде дауыс күші бірде жоғары, бірде төмен болады. Мысалы: құмырска мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр.
Құмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола берді деген

сөйлемдерде көтеріңкі дауыспен оқылатын сөздер - бір сыныпта, күн сайын. екіге, ал жай, төмендеп оқылатын сөздер - оқып жүрді, алып, тола берді, артынша бір қалыпта оқылатын сөздер - құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі. Осы сөздерді оқудағы дауыс қарқыны темпі орташа болып келеді. Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды.


Ал дауыстың тембрі құбылуы тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Құбылта оқу шығарманық мазмұнын дұрыс түсінгенде ғана іске аспақ.
Дауыстың құбылуын, әсіресе мысал жанрында берілген Көркем шығармаларды оқығанда анық байқауға болады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция сөйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің, дикциясы ашық, таза болуы керек, сөйлеу тілінде мүкіс болмауы керек. Ол үшін мұғалім дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сөйлеу барысындаоны дұрыс қолданып, оқушыларынан да ооны талап етіп, түрлі артикуляциялық жаттығулар жасап отырғаны жөн. Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы-ннтонацияның орны бөлек. Көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін жиі есін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз.Интонация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс, бір бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек.
Олар дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сөйлеу мелодия нормативтік дауыс ырғағы.
Дауыстың күші, темпі қарқын , тембрі туралы жоғарыда түсінік беріліп кетті. Енді қалған элементтеріне қысқаша түсінік берелік.Интонацияны сақтауда кідірістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер пауза логикалық, психологиялық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді, Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болатын жеке сөз, не сөз тіркестері болады. Бұл сөздер сөйлемдегі басқа сөздер мен сөз тіркестеріне оқылып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Мұндай сөйлем іші жағынан мәні басым сөздерге логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс жасалып мәнерлі оқылуы керек. Мысалы, Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бүйрың береді:

- Сен, қарға, бір күнде жер дүннені аралап, жақсы сайрайтын құс тап. Қазақтың халық ертегісінен. Бұл сөйлемде логикалық кідіріс "Сүлеймен деғен патша", "сен, қарға”, "бір күнде" деген сөз тіркестерінен соң жасалады. Өйткені, ой екпіні осы тіркестерге түсіп тұр.

Логикалық кідіріс”жасап, ой екпінін дұрыс білу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысын таба білу керек.
Психологиялық кідіріс текстің мазмұн-мағынасын, ондағы кейіпкердің іс, әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда

психологиялык кідіріс дұрыс жасалса, тындаушы әрі карай не болатынын тағатсыздана күтеді.


Біраз сайрасам қайтеді? ...депті бұлбұл жалынып.

Жолбарыс: Мен саған сайрағанды көрсетейін-деп ұмтыла бергенде,бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті,Мақтаншақ жолбарыс.


Бұл мысалда психологиялық кідірістер «сайрасам қайтеді?» «жолбарыс»,»сайрағанды көрсетемін» деген тіркестерден кейін қойылады.
Грамматикалык кідірістер- тыныс белгілеріне байланысты койылатын кідістер. Жазуда белгілі нормативті басшылыққа ала отырып, сөйлемге тыныс белгілерін коямыз. Тисісті тыныс белгілерін сөйлемнің мән-мағынасы мағынасына байланысты кою – сауаттылықтың негізі.Ал осы сөздерді окуда тыныс белгі койылған жерге грамматикалык немесе нормативтік кідіріс жасау мәнерлеп оқыдың негізгі шарты. Әрбір тыныс белгіге кідірс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет