Курстық жұмыс Тақырыбы



бет10/14
Дата09.05.2020
өлшемі52,46 Kb.
#66767
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Думан. курстық жұмыс
Тест үй жұмысы бойынша, Үй жұмысы, Думан. курстық жұмыс, Ұлжалғас курстық жұмыс
Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер.

Жатып қалып бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең,

12

Ботташығы бұзаудай

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған...-

деп жырлайды. Мұнда жырау ж мен б дыбыстарын «ойнатады». Бұл жерде образ жасайтын стильдік мақсаттан гөрі, өлеңнің үнділігі, дыбыстық әсері көзделген деуге болады.

Абай дыбыс үнділігін образ қажетіне де жаратады. Әсіріесе мұндайда ақын аллитерацияға құрылған анафораға жиі жүгінеді. Мысалы:

Самородный сары алтын,

Саудасыз берсең, алмайды.

Саудыраған жезіне,

Саудырсыз сары қамқаны

Садаға кеткір сұрайды

Самарқанның бөзіне,-

деген өлең тармақтарында оладың бастамасы са-сау-сам деген буындардан тұрған сөздермен келуі образ үндесінен шығып тұр. «Патша Құдай, сыйындым» деп басталатын бұл шағын өлеңнің идеясы – ақын сөзінің құнын білмейтіндерге сын айту. Ал ақын сөзі – ол алтын, жай алтын емес, таза алтын, мұндағы сары сөзі парсыша «қоспасы жоқ, таза» деген сөз, демек, қоспасы жоқ таза алтын саналатын өлең сөздің бұл бағасын одан сайын көтеріп айту үшін енді орыстың самородный сөзін келтіріп,ақын екіқоянды бір оқпен атып алып отыр: самородный және сары деген екі шет тілдік сөзді қатар келтіріп, олардың эпитеттік әсерін күшейтсе, «Құдай оңдағанда» екеуі де аллитерация жасайтын бір дыбыстан басталатын сөз болып, өлең жолының үнін ғана келтіріп тұрған жоқ, сонымен қатар самородный сары алтын болып бағаланып тұрған поэзияға ой екпінін түсіріп, оған оқырман назарын аударған.

Абайда аллитерацияға құрылған дыбыстық анафора едәуір мол

13

қолданылған. Бұған мысал болатын үлгінің бірі – қайтыс болған сүйікті інісі Оспанды есіне алып жазған 16 жолдық өлеңі. Бұл – жоқтау өлең емес, портрет өлең, Оспанның адамгершілік портреті. 16 жол түгелімен ж дыбсына басталатын сөздердің жол басында келтірілуімен құрылған:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет