Өлең қай тілде болмасын , ол – дыбстар гармониясы, дыбыс үндестігінің, дыбыс ырғығының көрінісі. Эвфония, яғни дыбыс әузділігі, үн гармониясы өлең жазудың басты шарты екенін қазақ әдебиеті теориясын сөз еткен ғалымдар өз зерттеулерінде кеңінен дәлелдеп өтеді. Ақындық өнер үшін ырғақтың құпия сырын сөз зергерлерінің, оның ішінде орыс ақындары В. Маяковскийдің, А. Блоктың қалай түсінгенін З. Қабдолов әдемі баяндайды.
10
Ырғақ – үндестік тудыратын қуат болса, үндестік дегеніміз өлең жасайтын сөздердің тақта-тақта, бунақ-бунақ, тармақ-тармақ болып ұйымдасуы. Бұл – бір. Екіншіден, дыбыс гармониясы сол сөздерді құрап тұрған дыбыстардың үні, ұқсастығы жағынан топтпсуы болып табылады.