Курстық жұмыс Тақырыбы



бет3/14
Дата09.05.2020
өлшемі52,46 Kb.
#66767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Думан. курстық жұмыс
Тест үй жұмысы бойынша, Үй жұмысы, Думан. курстық жұмыс, Ұлжалғас курстық жұмыс
Негізгі бөлім

  1. Образдың эстетикалық өрісі.

Сөз алды-артында (көбінесе алдында) анықтайтын, айқындайтын сөздермен келіп те, жеке тұрып та образ жасай алады. Мысалы, Абайдың:

Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шелтірейіп орысың

Шенді шекпен жапқанға деген өлең жолдарындағы шекпен сөзінің өзі тың образ болып тұр: шекпен жабу – «әкім етіп қою», «ауыл-ел басқарту» деген ауыспалы мәнде келген қолданыс. Осы шекпен сөзін келтіргенде, образын айқындап, оның алдына шенді сөзін келтіргенде, образ одан сайын ажарланып, оқырман сезіміне ерекше әсер беретін тіркеске айналған. Демек, образды айқындап, оны әр қырынан танытар өрісін кеңейтетін көріктеу құралын әдебиеттану ілімінде эпитет деп атайтынын білеміз. Бұл терминді Ахмет Байтұрсынов көркейту немесе көркейте айқындау деп атаса, Қажым Жұмалиев халықаралық ортақ термин – эпитетті қолданады, Зейнолла Қабдолов А.Байтұрсыновтың терминін жөн көреді.

Эпитет – адамның, заттың, құбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп көрсетеді; өйткені бұл белгі сол заттың, адамның, құбылыстың, табиғи қалыпты белгісі емес. Мысалы, Абайдың:

«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?



Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

О да қылған кедейге үлкен сыйы» деген шумағындағы анықтауыштар қойдың, қидың, қаптың, сыйдың қалыпты, өздеріне тән белгілерін атайды, ол белгілерді білдіріп тұрған сөздер өздерінің тура мағыналарында қолданылған, сондықтан бұлар – эпитеттер емес, жай анықтауыштар. Ал Абайдың:

3

«Қырмызы қызыл жібек бозбалалар



Оңғақ бұлдай былғайды бір дым тисе» дегенінде қырмызы мен қызыл жібек деген сөздер бозбаланың бір қасиетін, белгісін атап тұрса, ол белгі – адамның табиғи қасиеті емес, сондықтан бұл жердегі қырмызы, қызыл жібек деген сөздер – ауыспалы мағынада бейнелеп айтылған эпитет анықтауыштар.

Эпитеттер тұрақты, тұрақсыз немесе тавтологиялық (үйреншікті, көп қайталанатын) және метафоралық, синкреттік деп бөлінеді. Тілдердің қай-қайсысында да бір нәрсенің (адамның, заттың, құбылыстың, ұғымның) белгілерін бейнелеп, әсерлі түрде атайтын әрі сол атаумен үнемі бірге қолда-нылатын эпитеттер болады. Олардың көбі өздрінің тура мағынасында келеді, бірақ анықтап тұрған сөзімен тіркесіп, белгілі бір образ үшін жұмсалады. Атап айтқанда, образдың эстетикалық зонасында оның өзіне тән анықтамасы болады. Бұлар тұрақты, тавтологиялық эпитеттер болып саналады. Мысалы, Абайдың аппақ ет, қып-қызыл бет, қызыл жүз, тар төсек, бұраң бел, қызыл арай дегендері тұрақты эпитеттермен келген тіркестер, ал тәтті қыз, асау жүрек, ит жүрек, ыстық қайрат, долы қол сияқты тіркестеріндегі қыздың, жүректің, қайраттың, қолдың бір белгісінатап тұрған тәтті, асау, ит, долы деген анықтауыштар өздерінің тура мағыналарында емес, ауыспалы мәнде келіп, тұрақсыз эпитеттер болып тұр, яғни тәтті болу барлық қыздың (жалпы адамның) белгісі емес, жүректің асау болуы, ит болуы да өзіне тән тұрақты белгі емес.

Қазақ поэзиясы қай кезеңде де тұрақты эстетикалық өрісі бар образдарды пайдалануды көріктеу тәсілдерінің бірі етіп келген. Және бұл тәсіл – ауыз әдебиеті тілінен келе жатқан дәстүр. Айталық, батырлар жырларындағы образдардың көбі қару-жарақ, сауыт-сайман, батырдың өзі, оның аты сияқты ұғымдармен келеді және олардың атаулары тұрақты эпитеттермен тіркесте жұмсалып, образ жасайды. Мысалы, батырдың портретін берген жыр жолдарынан: «Жауырынына қанды көбе сыймаған» дегенді оқысақ, мұндағы қанды көбе тіркесі образ үшін жұмсалып тұр: жай сауыт емес, әрдайым ұрыс майданында болатын батыр киетін көбе, сондықтан ол қанды эпитетімен тіркесіп, батыр портретін бейнелі түрде сипаттап тұр.

Батырлар жырларында да, көркемдік жағынан бұл жанрмен іліктес 15-17 ғасыр жыраулары тілінде де қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары мен ер жігіт, ел-жұрт, тұлпар сөздері көбінесе жалаң қолданылмайды, тұрақты эпитеттермен келеді және ол эпитеттердің өзі бір сөзден тұратын дара да, көп

4

сөзді суреттеме түріндегі күрделі де болады. Мысалы, бұлғары садақ, бұқар жай, көк сүңгі, толғамалы найза, шашақты найза, алмас қылыш, ауыр қылыш, алтын қалпақ, жез телпек, ақ сүңгі дегендер жалаң эпитеттермен келсе, алдаспан ауыр қылыш, толғамалы ақ сүңгі, алтын құндақ ақ берен, бадана көзді кіреуке, торт қырлаған көк сүңгі, тобылғы торы ат, сегіз құлаш ақ шатыр,алты сан алаш, он екі баулы өзбек, алты айшылық Еділ, қырық қақпалы Қазан, тоғыз санды торғауыт, он сандайын оймауыт, алпыс үйлі арғын деген тіркестерде образдың курсивпен теріліп көрсетілген константты белгілері өте күрделі. Бұл суреттемелік әрі образдың әсерлі болуын – экспрессиясын күшейтеді, әрі өлең сөздердің өлшем, ұйқас, ырғақ сияқты қажеттіктерін өтеуге көмектеседі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет