Курстық жұмыс Тақырыбы



бет4/14
Дата09.05.2020
өлшемі52,46 Kb.
#66767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Думан. курстық жұмыс

Абай фразеологиясы.

Ең алдымен, қалың оқырманға «фразеологизм» деген «орысшалау» терминді қолданғанымызды білдіріп, оның «бір мағынаны беретін сөз тіркесі» деген атау екенін ескертеміз. Ал «фразеология» дегеніміз – біріншіден, «фразеологизмдердің жиынтығы, әлемі, қазнасы», екіншіден, «фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы». «Абай фразеологиясы» дегенге осы екі ұғымның екеуі де енеді.

Поэзия тіліндегі фразеологизмдердің басты белгісі – олардың образды болатындығы. Ал бейнеліліктің «сүйегі» тілдік метафорада жатады. Метафора дегеніміз – сөздердің мағына ауыстрып жұмсалуы болса, фразеологизмдер сөз мағынасын құбылтудың бірден-бір көзі болып табылады. Мұны ақын-жазушылар жақсы біледі де, шебер пайдаланады.

Өлең дегеніміз дыбыс пен сөзден өрілген өрнек, төгілген кесте болса, бұл кестені салуда фразеологизмдердің орны айрықша. Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл бір жағынан, екінші жағынан, ол – жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі. Фразеологиялық тіркестер – семантикалық шоғырлар, яғни жеке сөз мағыналарының бір-бірімен түйісуінен туған жаңа мағыналық дүниеліктер. Демек, белгілі бір қаламгердің жалпы тілдік қазынасын және көркемдік байлығын зерттеуде оның фразеологиясын тауып тану ерекше орын алады.

Поэзияя тілі жұмсаған фразеологизмдердің қай-қайсысы да образды болып келеді, бірақ олардың өзі экспрессивтік бояуы жағынан бірі күшті, бірі

5

солғындау деген сияқты болып бөлініп тұрады. Ақын қажет жерінде тым күштілерін іздестіреді, жоқ болса өзі жасайды. Мысалы, тілдегі көңілі қалу, көңілі жабырқау дегендер де – фразеологизмдер, бірақ, Абайға бұлардың беретін әсері солғындау көрінеді, сондықтан көңілге ажым салу деген мүлде тың тіркес жасайды, мұның экспрессиясы алдыңғы тіркеске қарағанда, әлдеқайда күшті. Сол сияқты біреудің еңбегін олжалау, пайдалану деген сөздер – информативтік қызметтегі жай атаулар, ал осылардың орнына ақын адам сауу, адам аулау деген фразеологизмдерді қолданса, бұл тіркестер өздерінің сонылығымен, әсерлілігімен көзге түседі, көңілге қонады, образ болп келеді.



Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуде оларды екі қырынан қарап талдау қажет. Бірінде, жоғарыда айтқандай, фразеологиялық тіркестерді жалпы түстеп-түгендеу, мұнда негізгі назар Абайдың өзі ұсынған авторлық фразеологизмдерге аударылады, олардың жасалу механизмі сөз болады, екіншісінде фразеологизмдерді ақынның қалайша жұмсаған айқындау, мұнда негізгі назар фразеологизмдердің құрылымы мен мағынасына енгізілген өзгерістерге аударылады.

Ұлы суреткер тілінде жүздеген фразеологизм қолданылған болса, оның дені өзіне дейінгі әдеби тіл қазнасынан алынған. Ал бұлардың басым көпшілігі жалпытілдік деген топ құрайды. Мысалы, Абай жұмсаған ащы тіл (ызалы сөз, қатты айтылған кейіс сөз), қара тер болу (босқа шаршау), мал шашу (малды орынсыз жұмсау), сүттей ұю (шынымен илану,мейілінше сену), ант ішу (уәде беру, қарғанып-сілену), ақ ниет (адал ой), ала қолсыз (әділ, ешкімді бөліп-жармайтын адал) сияқты фразеологизмдер тек поэзияда емес, жалпыхалықтық тілде кеңінен қолданылатын элементтер. Әрине, бұлар да – бейнелеп айтатын сөз тіркестері. Бұлар ауызша сөйлеу тілінде де, өлең сөз бен шешендік сөздерде де жиі қолданылатын, кейде тіпті стильдік мақсат көздемей-ақ жұмсала беретін тіркестер.

Абай тіліндегі ажал жету, азат болу, арыз айту, басу айту, дау айту, ләззат алу, мазаны алу, ант ету, ар тұту, шығынға бату, ұмыт болу сияқты тіркестердің фразеологизмдер ретінде белгілі бір стильдік мақсат көздей жұмсалуынан гөрі, іс-әрекет, қимыл-қозғалысты атау қызметі басымырақ. Өзге қаламгерлерде де, тіпті ауызекі сөйлеу тілінде де солай: дау айтты, мазаны алды, шығынға батты, ойына алмады дегендер олардың дауласты, мазалады, шығындынды, ойламады деген жеке сөз болып келетін

6

эквиваленттерімен жарыса қолданыла береді, бұл екі қатардың екеуі де көбінесе жай атауыштық қызмет атқаратын тәрізді. Ғылыми таныммен айтсақ, бұлар образды фразеологизмнен гөрі лексикалық тіркес деп аталатын күрделі сөз категориясына жуықтау тұрады. Сондықтан бұл типтегі тіркестерді Абай тілінің өрнектеуіш құралдары ретінде көрсетудің жөні әрдайым келе бермейді, дәлірек айтқанда, олардың стильдік қызметіайқын сезілмейді.



Ақ пейіл, ақ көзді, жау жүрек, жел өкпе, жел буаз деген фразеологизмдерді де, жоғарыда айттық, Абай халық тілінен алып, адамдардың қасиетін, мінезін сипаттауға жұмсаған. Сұлу қыздың портретін бейнелеп сипаттау үшін ақ тамақ, қалам қас деген тұрақты тіркестерді қолдануынан да, текті атаның тұқымын сом алтынның сынығы, деп бейнелеуінен де байырғы көріктеу құралдарына иек артқаны көрініп тұр. Бірақ бұл қатардағы образды тіркестер Абайда аса көп емес.

Абай тілінде ең көп кездесетіндер – адамның ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін сипаттайтындар мен іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын суреттейтіндер. Олар да жалпыхалықтық және авторлық болып келеді.

Өлең тақырыбына алып отырған кейіпкердің сезімін, көңіл-күйін, жүрек лүпілін, жан сырын бейнелеп беру үшін көз майын ағызу (зар мұңын айту), айға талпыну (қолы жетпеске ұмтылу), шыр айналу (қайғыдан есеңгіреп қалу), дүниеге бой алдыру (өмірдіңырқына көну, қажу), қап салу (қайыршылық кешу), ит қылу (қор ету, қорлау) деген сияқты неше алуан әсерлі фразеологизмдердің Абай тіліне еркін оралуы заңды. Бұл топқа жататын образды тіркестердің бірқатары Абайдың өзі жасаған соны немесе өзгертіп қолданған байырғылар болып кледі. Мысалы, адам аулау, адам сауу, көңілге ажым салмау, аяғы маймақ тарту, күнді айдау сияқты фразеологизмдер өзгелерде жоқ, бірен-сараны кездессе де дәл Абай жұмсаған мағынада емес.

Адамның іс-әрекетін, қозғалыс-қимылын суреттеу үшін Абай фразеологизмдерді таңдағанда, олардың жалпыхалықтық тілдегі байырғыларының күштілерін алады. Мысалы, «қулықпен амалдап бір нәрсенің ебін табу» деген мағынаны беруде қарағайды талға жалғау деген образ өте әсерлі. Бұл образда биік қарағай мен бәкене тал шыбықты бір-біріне жалғастыру мүмкін емес, бұл сияқты қиынның қиынын жүзге асыру

7

үшін қулық, амал керек. Халық данасы осы образды қарағайды талға жалғау деп жасаған болса, Абай оны:



«Амалдап қарағайды талға жалғап,

Әркім жүр алар жердің ебін қамдап» деп амалдап компонентін қосып бұдан әрі әсерлі етіп жұмсаған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет