Курстық жұмыс Тақырыбы



бет14/14
Дата09.05.2020
өлшемі52,46 Kb.
#66767
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Думан. курстық жұмыс
Тест үй жұмысы бойынша, Үй жұмысы, Думан. курстық жұмыс, Ұлжалғас курстық жұмыс
18

Қорытынды

Өлең – эстетикалық таңбалардың шоғыры. Көркемдік пен әсерлік – осы таңбалардың нәрі. Абай поэзиясының тілі көркемдігі мен әсерлігі жағынан шырқау биікке – классикалық жазба поэзиясының сөз үлгісіне көтерілді.

Қазақтың Абайға дейінгі күшті дамып келген поэтикалық тіл дәстүрінің өзіне тән белгілері болды: ол негізінен ауызша дамыды, ауызша таралды, ауызша сақталды, поэтикалық мектептердің ауысуы баяу жүрді, дағдылы нормалар ұзақ сақталды, дәстүр жалғасты мықты болды. Мұның барлығы, бір жағынан, поэтикалық тіл нормаларын берік сақтауға ықпал етсе, екінші жағынан, жаңалыққа көп жібермеді. Бірақ дамудың аты – даму, оның заңы қазақ өлеңі дүниесінде өзгеріс-жаңалықтары туғызбай тұра алмайтын еді. Бұл ұлы тарихи миссия – міндет Абайдай талант иесінің үлесіне тиді.

Өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де сөз зергерлерінен Абайдың шоқтығы биік тұруының негіз-себептері көп болса, солардың бірі – Абайдың жеке суреткер қолтаңбасы немесе шығармашылық контекст дегенді айқын көрсетуі болды, яғни ол өзінің ақындық қуатын, сөз тану қабілетін, сөз жұмсау талантын жаңаша, өзінше көрсетті, өз қолтаңбасын танытты.

19

Қолданылған әдебиеттер

Сыздықова Рәбиға Абайдың сөз өрнегі. Көптомдық шығармалар жинағы/ Рәбиға Сыздықова / - Алматы: «Ел шежіре», - 2014. ISBN 978-601-7317-88-1

Ахметов З. О языке казахской поэзии. – Алматы, 1970; Өлең сөздің теориясы Алматы, 1973.

Байтұрсынов Ахмет. Шығармалары. – Алматы, 1989ж.

Жұмалиев Қажым. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1960; Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1960.

Қабдолов Зейнолла. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы, 1970.



Нұрқатов Айқын Идея және образ. Шығармалар жинағы. –Алматы, 2010 ISBN 9965-784-77-9

20

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет