Анафора мен эпифора.
Анафораның тек дыбыстық емес, өзге түрлерін де Абайжақсы қолданған. Олардың бірі – шумақтық анафора болса, оны өлеңнің әрбір шумағының немесе шоғыр сияяқты өзге де бөліктерінің басында бір сөздің, кейде бір фраза не бір сөйлемнің қайталап келуі көрсетеді. Шумақтық анафора өлеңде айтылмақ идеяны күшейте түседі. Мысалы, «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» деп басталатын өлеңінде алабұртқан жастық сезімді ақылға жеңдіріп, тежеңкіреу идеясы айтылған болса, оны ақын «сап, сап, көңілім, сап, көңілім» дегенді осы өлеңнің әр бөлігінің басында қайталап келтіру арқыылыы нығайта түседі. Екіншіден, анафоралы құрылымы осндағы бес үлкен шоғырды бір өлең етіп ұйымдастырып тұр.
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа
Күні-түніжай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Түн кезгенің мақұл ма,
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай?
Шумақтық анафоралы өлеңнің тағы бірі – «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деп басталатын аударма өлеңі.
Грамматикалық анафора біркелкі морфологиялық тұлғалардан немесе синтаксистік құрылымдардан басталатын жолдар болып келеді. Мысалы:
Ғылым таппай мақтанба,
15
Орын таппай баптанба,
Бес нәрседен қашақ бол,
Бес нәрсеге асық бол...
Келесі сәттерде Абай бір сөзді әртүрлі септікте келтіріп, лексикалық анафора жасайды:
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек...
Достарыңызбен бөлісу: |