Курстық жұмысы



бет20/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
stud.kz-63123

Пластунов: Өлмейді комиссар, өлмейді, айтпай тоыр жоқты! Комиссардың отымен! От!... от!... Өлмейді комиссар. Өлмейді (пулеметын ата береді).
Мұғалім бағдарлама талабы бойынша екінші сабақты пьессаның кейіпкерлеріне, оның ішінде Аманкелді бейнесіне арнайы тоқталады және оны қортындылайды.
Бірінші сабақта мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылар пьесадағы әр кейіпкер туралы белгілі бір түсінік алады. Одан кейінгі мақсат: пьесадағы тартысқа түскен характерлердің шынайылығы, типтілігін анықтауарқылы жаңа мен ескінің арасындағы ымырасыз күресте орын алған бейнелерді таныту.
Пьеса тарихы Тақырыпқа жазылғандықтан және өмірде болған адамдар тартысына құрылғандықтан оны өтерде мұғалімнің біраз қосымша әдебиеттерді қарастырған жөн.
Аманкелді туралы деректі материалдар 1974 жылы қоғамдық саяси әдебиеттер бас редакциясы шығарған «Аманкелді Иманов» жинағында берілген. Ал Аманкелдінің биографиялық бейнесі А. Нұрқатовтың «Халық батыры» атты ғылыми зерттеу еңбегінде бар. Бұл кітаптармен оқушыларды да таныстыра кеткен жөн.
Бұл түсінікті беруіміздің себебі халыққа кең тарап кеткен Аманкелдінің тарихи бейнесімен пьесада көрстілген типтік бейнесінің арақатынасына шығармашылықпен көз жүгірту.
Кез-келген кейіпкер дара болғанымен өмір шындығының тұтастығында қаралады. Бұл ретте тарихи жинақтау кейіпкерлердің әрекеттерінің негізі болады. Автор пьеса кейіпкерлерін өмір шындығына жеткізе алған және олар көркем бейне дәрежесіне көтерілеген. Пьесаның алғашқы вариантында көптеген адамдардың аты-жәні сақталса, соңғы вариантында (1950) олардың біразы түсіп қалған немесе өзгертіліп алынған. Ғабит Мүсірепов 1949 жылы СССР Жазушылар одағының XII пленумында сөйлеген сөзінде: «Драмалық тартыс арқылы (конфликт) жеке кейіпкерлер арасында да, қоғамдық істегі күресте де өмірден туған шындық болуы керек те, ой мен сезімге жалғандық әсерін бермеуі керек. Шығарма арқауы оңай үзіле кетпей, тартысқа түскен сайын ширай беріп, өрістен барып қана байламын табатын болуға тиісті. ... Бірақ, сол ескілік пен жаңалықтың, идея мен идеяның соқтығысы дегеніміз, ойға келсе-ақ орындала салатын нәрсе, көркем образдар арқылы, қимылға қарсы қимыл арқылы ой мен сезімге өлшеп қондыру арқылы орындалатын шарттар. Бұлай жалпылап айтқанда, әркімге түсінікті көрінгенмен, мұнда творчестволық көп мәселелер жатыр», - деген болатын. Автор өзінің шығармашылық лабораториясының осы талаптарына сай кейіпкерлердің сомдауда «арқауы оңай үзілмейтін, ілгерілеген сайын ширай беретін» етіп жасаған.
Пьесаға он сегіз кейіпкер қатыстырылған. Олардың іс-әрекеттері мен характерлері алуан бейнеде көрініс тапқан. Солардың ішінде тарихи аты сақталған Аманкелді бірнеше қырынан танылады. Қазақ халқына кең танымал Әліби бейнесі берілген. Автор Аманкелді бейнесі арқылы халық мүддесін ойлаған өз халықының адал ұлдарын танытуға тырысқан. Әрине, Аманкелді сахнаға бірден елге танымал адам ретінде шығады. Оның 1916 жылға дейінгі істерін біз басқа кейіпкерлердің (Тәуке, Петр Логинов) бағалауынан ғана байқаймыз. 1916 жылдары Аманкелді – таптық көзқарасы оянған саяси мәселелерді ой елегінен өткізе алатын дәрежеге жеткен адам. Оның екі жақты езгіні түсінуі Петрмен әңгімесінен байқалады. Оның «ақ төбет, қара төбет – бірі төбет» деген астарлы сөзі Тәуке сияқты құйма құлақтардың жадында. Патша жарлығын оқу монологында Аманкелдінің саяси деңгейі, білім дәрежесі аңғартылады. Кіріспе сөзден кейін мұғалім осы монологты оқытып талдайды. Аманкелді орысша сауатты. Ол «Инородцев» сөзін бұратана, бұралқы халық деп дәл аударады. Бірақ жалпы мәтінді еркін аударғанымен әскери термин «реквизацияға» шамасы келмеді. Ескішелеп те көреді, ұға алмайды. Сөйтіп, әйтеуір «айналайын» емессің ғой деп дұрыс тұспалдайды. Халық арасынан шыққан Аманкелдінің реквизация сөзін білмеуі - өмір шындығы еді. Қазақ халқы экономикалық салдарынан, Еуропа елдерінен ғасырлап артта қалған еді.
Аманкелді патша әкімдеріне, қазақтың бай-мырзаларына қарсы күрескенде ол орыс жолдастарына, Қарсықбай жұмысшыларына, қалың қазақ кедейлеріне арқа сүйеді. Петроградтан басшылық алады. Аманкелдінің Эверсманға берген жауабы оның саяси платформасын анық байқатады. Империалистік соғысқа елден бірде-бір адам бермейміз деп анық айтады. Аманкелді сөзіне ашынған Эвресман: «Мойның арқан сағынып тұрған жоқ па?» деп ызғар көрсетеді. Аманкелді оған қаймықпай: «Жоқ генерал-губернатор, арқам босануды сағынып тұр» деп бостандық үшін күресетінін ашына айтады.
Ол жер-жерде көтерісшілер отрядын құрып, ояз болыстардан тізімді тартып алады. Кедейлер Аманкелді отрядына ағыла бастайды. Аманкелді атты әскерге қоса жаяу әскер де құрады, жеткенінше қаруландырады.
Көтерілісшілердің елеулі жеңісі Торғай қаласын жаудан тазартуы еді. Қаланы алғаннан кейін қандай үкімет орнату қажеттігі туралы алдын ала Пластуновты Петроградқа жібереді. Қазақтың ұлтшыл байларының ескі бөрікті қайта кигізгісі келгеніне үзілді-кесілді қарсы болады. Олардың жасаған қасына ұстап, кедейлерді өз жағына шығуға үгіттейді. Совет үкіметінің жеңуін қуана қарсы алып, елді советтендіруге, жерді халыққа алып беруді жүзеге асыра бастайды. Торғайда ревком құрады. Совет үкіметін капиталистік интервенттерден қорғау үшін майданға әскер дайындайды. Патшаға қара жұмысқа кісі беруге қарсы болған Аманкелдінің жаңа Россиямен тілегі бір екеніне көзі жеткенін осыдан көреміз. Осындай аласапыран кезде Кенжеғара, Зілғара сияқты сұрқиялар Аманкелдіні қапылыста өлтіреді. Бірақ олардың арам пиғылы іске аспай, Жайнақ эскадронымен жетіп, жауға соққы береді.
Аманкелді, Жайнақ, Мұңайтпас сияқты жас қазақ кедейлерінің саяси көзін ашып, тәрбиелеп шығады. Екеуі де Аманкелдінің сенімді жолдасатарына айналады. Көтерілісшілер санында Бану сияқты қазақтың ер жүрек қыздары да шыңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет