Аманкелді.Эскадрон қалай соғысар екен, басыңды көтеріңдерші, көрейін... Байдың жалшыны қуалап жүріп сабағынын көп көріп едім, жалшының байларды қуалап жүріп сабағынын көрейін, басымды көтере беріңдерші! Көтере беріңдерші... Бану!.. Миша!... Бану (Тәуке мен Бану Аманкелдінің басын сүйеп көтере береді, Аманкелді көзін аша алмай сұлық түсіп кетеді. Жайнақ келеді).
Міне, Аманкелдінің өлер алдындағы тілегі осы. Ол – еліне шексіз берілген патриот. Ел үшін, елдің теңдігі үшін басын құрбан етеді.
Аманкелді бейнесі пьесадағы конфликтіге сай өсіп, жетіліп, толысып отырады. Жалпы пьесадағы басқа кейіпкерлер де осы принципке негізделеген.
Әсіресе Кенжеғара мейлінше сұм, айлалы. Ол Аманкелдіге қарсы астыртын әрекетін ақылмен істейді.
Ол әуел бастан ояз Логиновтың тапсырмасымен Аманкелді тобына барып қайтады.
Алғашқыда он тоғыз бен отыз бірдің арасындағы жастар тізімі жасалады. Оны Аманкелді тартып әкетеді. Енді тізімді қайта толтыру үшін он тоғыз бен қырық бірдің арасын алу керек, «ендігі істің орайы осы болады» деп Кенжеғара ақыл береді. Оның жас болса да өз табы үшін берік, зымиян екенін осы жерде байқаймыз.
Кенжеғара Жанарға: «Жоқ, бұл қара қазақтың жұмысы емес, бір топ қазақ бар ғой деймін. Оның бойына мұнша өнер сыймаса керек еді»,- дейді ол Аманкелдінің тізімді алып кетуіне осындай дұрыс баға беріп.
Ояз арқылы ол Жанар болысқа тапсырма береді.
Кенжеғара:Үлкен үміт сізде, Жанеке. Ояз осыны қатты тапсырады. Жанар: Мен белімді байладым. Бірақ естеріңде болсын, бір тұсауға болмайды бұл, бұғау сала беріңдер! Кенжеғара: Бұған деген бұғауда мін болмас, Жапеке. Ақ патшаның бір қаққанынан несі қалар дейсің! Жапар: Шіркін. Ресей осындай ішінен бүлініп жатқанда, Қара теңізден бір-ақ аттап келіп түрік ағаң киіп кетер ме еді десейші! Кенжеғара: Ойбай аузыңды жап, Жанеке! Ол шеменің ішінде жатсын әрі апарып терең көм! Жапар:Жаным-ау, саған да айтуға болмай ма осы?