Аманкелді: Неғып асығып оралдыңыз, Тәуке?
Тәуке: «Жетікөл» жатқан үлкен бір қол келе жатыр... Ұнатпадым да, қалаға қайта шаптым. (Пластунов пен Кенжеғара келеді) Аманкелді: «Жетікөл» жақтан күтетін қолымыз жоқ еді ғой? Пластунов: Жалғыз «жетікөл » жақтан емес, Жодас комиссар, әр тұстан! Аманкелді: Бір қапымызды тапқан екен ғой, аңдып жүріп! Пластунов: Әлгі айтқаның осы болса жарар еді. Аманкелді: Тәуке, тұрмаңыз, жөнеліңіз Жайнаққа! Эскадронды алып тез қалаға жетсін: Тәуке: Жөнелейін, жөнелмейін. (Тез кетеді) Аманкелді: Ал, тұрмалық босқа! Қаруланыңдар Түгел! (Штаттан оқ, мылтық... әр жердегі күзетшілер келеді) Күзетшілер: Қалаға жау әскері кіріп келеді, Комиссар жолдас!
Түрмені қоршап алды!
Әне, осылай бет алып келеді.
Аманкелді: Осында болыңдар. Бұл қамалды оңай бермеспіз? Болады деген үміт не үшін де алысып көргенміз, Болғанды қорғап қала алалармыз, жолдастар! Миша, отыр пулеметке! Үйге кір, іштен атыс! (Күзетшілер) Сендер, осы көше жақтан қорғаңдар! Мына жерге, мына жерге бекіңдер! Кенжеғара Мына жерге бекін! (Бануға) Тасалана білгейсің. ( Сырттан ат атыс) От! (Пластунв іштен, басқалары тыстан ата бастайды.) ... Аманкелді: От!... (Алыстан атылған мылтық үні) Миша, естимісің, эскадрон келеді, эскадрон!.. От!.. Кенжеғара: Апырмай, ә тағы аман қалады-ау, мынау... Жоқ, енді айналып келмес бұл кезең! ( Аманкелдіні сыртынан атып қалады. Аманкелді құлайды. Кенжеғара секіріп түсіп, қарсы жаққа қарай қанша жөнеледі.) Құлады, Аманкелді құлады! Ұмтылыңдар, ұмтылыңдар. Бану: Сенде екен ғой бар пәле! (Атып қалады, Кенжеғара құлайды. Бану жүгіріп барып Аманкелдінің Басын сүйеді) батыр-ай, Қалар ма екен жаның! (Пластунов бері жүгіріп шығады.)