Қазақ әдебиеті пәні сабақтыранда драмалық шығармалардың
қамтылуы:
Мұндағы сағаттар санына қарап драмалық шығармаларды оқытуға өте аз уақыт бөлінетіндігін көріп отырмыз. Ал поэзия мен прозалық шығармалардың көлемі бұдан көбірек болып отыр. Әрине, бұдан поэзиялық туындылар мен прозаның әлде бір артықшылығы туралы ой тумайды. Мәселе бұл жерде драмалық шығармалардың да оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі маңызын жеткіліктірді түрде ескеру керектігі жөнінде болып отыр.
Драмалық шығармалар — көркем әдеби шығармалардың ішінде өзіндік орнын белгілеген сала. Драмалық шығармалар көркем өнер тндысы болғандықтан эстетикалық циклды құраушылар қатарына жатады. 5-7-сыныптардағы әдебиет сабағы оқушыларды көркем өнер туындылар арқылы тәрбиелеуде, білім беруде сурет, музыка сияқты сабақтар көмекші бола алады. Ал жоғары сыныптарда оқушының көркемдік тәрбиесі тек әдебиет сабағына ғана жүктеліп қойылған. Олай болса жоғары сыныпта білім беру процесінде драмалық шығармалардың алатын орны мен дүниетанымдық, дамытушылық қасиеттері, әдістері нақтылы түрде анықталып, жүйеленуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |