Курстық жұмысы


Киносценарийлер мына үлгіде жасалады



бет3/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123

Киносценарийлер мына үлгіде жасалады.



Оқиға орны

Көріністер

Музыка












Инсцинировкалар негізгі бір оқиға айналасында құрастырылады. Ол үшін оның эпизодтары назарға алынады. Өздері құрастырылған инсцинировкалар мәтіні бойынша оқушылар оны сахнаға әзірлейді. Кейде инсцинировкалы сабақ өтеді. Инсцинировкада кейіркер сөздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ең маңыздысы шығармада ерекше орын алатындарын теріп алуға болады.


Балалардың театрдан, клубтан көрген түрлі спектакль, қойылымдары олардың драма табиғатын тани түсуіне көмектеседі. Оқушылардың драмалық туындыларды оқып үйренуін күшейтуде мектептегі драма үйірмесінің де тигізер көмегі аз емес. Айталық, мектеп сахнасында И.А.Крыловтың “Құмырсқа мен шегіртке “ мысалына инсценировка жасау- оқушылар үшін қызықты шығармашылық іс әрі танымдық маңызы үлкен нәрсе. Мұндағы рөльдер: құмырсқа, шегіртке және автор. Бұларды көрсету (ойнау) үшін құмырсқа мен шегіртке арнаулы костюм тігіледі, сахнаға декорация жасалады, оқиғаға лайықтап алынған музыка ойналып тұрады. Жеңілтек шегіртке мен еңбекқор құмырсқаның іс-әрекеті балалар үшін әсерлі де тартымды. Бар оқиға автордың тұжырымына, идеясына (Еңбек етпеген - ішіп- жемейді) жауап болады. Міне, осындай жұмыстарда балалар инсценировканың сырт көрінісіне (костюм, ойнау т.б.) ғана алданып қалмай, солардың бәрі не үшін істеліп, автордың қандай ой-ниетін көрсетуге қызмет етіп тұрғандығын түсінеді, одан рухани әсер алады.
Драмалық шығармаларды оқыту орта буын сыныптарда басталып, жоғары сыныптарда міндетті оқу бағдарламаларына сәйкес жалғастырыла жүргізіледі. Драмалық шығармаларды оқыту мен талдау жұмысы оқу пәніне және оның әдістемелік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Әдістемелік талаптар пәннің ерекшелігі мен оқытылатын шығарма ерекшеліктері негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алғанда драмалық шығарманың басты ерекшеліктерінің бірі — оның диологты әрекетке құрылуы, театр сахнасында көрсетуге дайықталып жазылатындығы.
Драмалық көркем тіл негізінен кейіпкерлер сөзінен тұрады. Оқиға кейіпкерлер сөзімен өрбіп, әрекетке айналып жатады. К.С.Станиславский сахнада “сөйлеу дегеніміз әрекет ету” дейді(4). Өйткені пьеса кейіпкері өз ойын тек сөйлеумен ғана емес, үндемеу арқылы да аңғарта алады. Іштей сөйлеу, үзіліс жасау, ым, ишара, қимыл — осының бәрі қосыла келе драма ерекшелігін құрайды. Онда дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері де шешуші рөл атқарады. Сондықтан драмалық шығарманы сыныпта дауыстап оқу да талдаудың алғашқы және басты кезеңі болып саналады. Дауыстап оқу драмалық оқиғаны, характерді, олардың арасындағы қақтығысты оқушының көз алдына әкеледі. Онсыз шығарма идеясын ашу, шығармадағы тартысты ұғыну мүмкін емес. Сол себепті драманы өнер туындысы ретінде терең түсіну де қиындық туғызады.
Әдіскер-мұғалім Т.С.Запалованың “Уроки литературы и театр” атты еңбегінде драмалық шығарманы оқудың бірнеше түрін атап көрсетеді (5):

  1. Мұғалімнің оқуы;

  2. Рөлмен оқу;

  3. Оқушының жекелеген сценаны оқуы.

Автор мұғалім күрделі драмалық шығарманы өзі оқығанда, оқушылар пьесаның идеялық көркемдік бітімін тұтас қабылдайды, ал бұл талдау үшін жеңілдік туғызады дейді. Әйтсе де, бұлардың ішінде рөлмен оқу кең тараған. Зерттеушілір драманы бірден рөлмен оқудың онша тиімділік көрсете бермейтінін айтады. Өйткені рөлмен оқығанда оқушылар назар мен күшті оқу техникасына ғана салады да, пьесаның “үні” көмескі қалады.
Мектеп практикасында автор көрсетіп отырған оқудың үшінші түрі — жеке көріністі оқу сирек кездеседі. Дегенмен оқудың бұл түрінің пайдасы мол. Оқушылар жеке көріністі оқуға даярланған, ондағы характерді, оқиғаны, тартысты түсінуге күш салады. Сондықтан бұл оқушы білімін анықтауға кызмет етеді. Сондай-ақ көріністегі оқиғаның жалпы оқиғамен байланысын, композициялық мәнін бағалау үшін де пайдалы. Рөлмен оқу мәтіннің қысқаша мазмұны анықталып, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, ішкі дүниесі т.б. жағдайлар анықталғаннан кейін жүргізілсе өз нәтижесін береді. Бұл мұғалімнің оқушыларды күні бұрын даярлауының нәтижесінде жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет