Кусаинова Айгуль Жумагуловна



Дата17.06.2018
өлшемі49,64 Kb.
#42849


Кусаинова Айгуль Жумагуловна,

Солтүстік Қазақстан облысы,

Петропавл қаласы КГУ №2,

химия және биология пәні мұғалімі



Күкірт қышқылы

Cабақ мақсаты:

Күкірт қышқылының құрамы , құрылысы және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы түсінік беру

Күтілетін нәтиже

Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін жаза білуі.

Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады.



Түйінді идеялар

Күкірт қышқылы және оның тұздары.Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін бағалау.

Сабақтың әдісі

Топтық, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі,

Сабақтың көрнекілігі

сұйылтылған H2SO4, Na2CO3, лакмус, метилоранж, NaOH ерітінділері,CuO, Fe2O3, Cu(OH)2қант ұнтағы, металл мыс, сынауықтар.,презентация

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.







Мұғалім іс- әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

«Ой қозғау»

Шапшаңдыққа, баулу



  1. Өтілген тақырыпты қайталау.

1.Танымдық сұрақтар(слайд1-6)

  1. Күкірттің периодтық жүйедегі орны қандай?

  2. Күкірт қандай оксидтерден тұрады?

  3. Күкірттің оксидтері қандай оксидтердің тобына жатады?

  4. Әрбір оксиді сумен әрекеттескенде қандай қосылыстар түзеді?

  5. Күкірт оксидтерінің тотығу дәрежесі қандай?

  6. Олардың физикалық қасиеттері?

Тест (слайд 7-8)

1. Күкірттің табиғатта 2 түрлі аллотропиялық ____________ және ____________ түр өзгерістері болады.


2. Күкірттің физикалық қасиеттері:
а) сары түсті кристалл зат;
ә) өзіне тән иісі бар;
б) суда ериді
3. Күкірттің (VI) оксиді:
а) негіздік; ә) қышқылдық; б) амфотерлі.
4 . 6 - топтың негізгі топшасындағы элементтер қандай элемент типіне жатады?
а) s - элемент; ә) p -элемент; б) d -элемент

2.Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті)(слайд9)

1.S+O2→ А) H2SO4

2.SO3 +H2O→ ә)2SO3

3. 2SO2 +O2→ б)Н 2S

4. SO2 +H2O→ в)H2SO3

5.S +H2→ г)SO2


Бұрынғы білімдерін еске түсіру

тест жазады.

Бір- бірің тексеру





«Мағынаны тану»


Күкірт қышқылы туралы не білеміз ? Оқушыларға ассоциация құруды тапсырады.

Формативті бағалайды.




-екі негізді, - ІІ-валентті - оттекті, күшті қышқыл - Сандық құрамы: екі атом сутек бір атом күкірт төрт атом оттек - Сапалық құрамы: сутек, оттек, күкірт атомдарынан тұрады -лакмусты қызыл түске бояйды - оксидтері SO2; SO3

- SO4, SO3 қышқыл қалдығы.



Жаңа сабақ

ІІІ. Ой толғаныс

1-топ Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері,қолданылуы .Қүкірт қышқылының тұздары

2- топ Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері

Топтар постер қорғайды. Химиялы қ қасиеттері( видео )

(слайд 10-15)



Оқулықтан өз беттерінше ізденіп оқу

Хим. реакция теңдеу тақтаға жазу. Берілген сұрақтарға жауап беру.



Практикалық

іс-әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру;



ІІ тапсырма. Практикалық жұмыстар орындату.(2-топ)

Сырттарынан бақылайды

1.топ .Сульфат иондарына сапалық реакция

Күкірт қышқылына және оның тұздарына барий тұздарының ерітіндісі реактив болып табылады. Ва2+ катионы SО42- анионымен іс жүзінде ерімейтін ақ тұнба түзеді:



Ba2+ + SO42-= BaSO4

2.топ H2SO4+Zn=

Күкірт қышқылына сапалық реакция жұргізіп, тақтаға теңдеуін жазады

Сабақты бекіту

Тапсырмалар


Дихотомиялық тапсырма: «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, жауаптың графигін салу.

«Иә» - «Жоқ»

  1. Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат.

  2. Ол екі сатыда диссоциацияланады.

  3. Концентрлі күкірт қышқылы суда ерімейтін сұйық зат.

  4. Күкірт қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек.

  5. Орта тұздар-сульфаттар.

  6. Қышқыл тұздар –гидросульфаттар.

  7. NaHSO4 –натрий сульфаты.

  8. Na2SO4 – натрий гидросульфаты.

  9. Концентрлі күкірт қышқылына күшті тотықтырғыштық қасиет тән




Кубизм

Бекіту тапсырмалары (слайд16)

1. Мына қосылыстардың ішінен күкіртті қосылыстарының формуласын тауып, атын ата: СаО, Н2S, NaOH, SO2, H2O, HNO3, MgCI2, Fe2(SO4)3

2. Күкірттің (ІV) оксиді ......... оксид деп аталады.

3. Күкірттің (ІV) оксиді сумен әрекеттесіп, .......... түзеді.

4. Күкірт қышқылының формуласы және салыстырмалы молекулалық массасы?

5. Күкірт қышқылына және оның тұздарына қай зат сапалық реактив болып табылады ?






Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу.

өз ойларын айту

Бағалау







Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазу:



H2S -  S  - SO2  - SO3  - H2SO4  - СuSO4






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет