Кушерова Ж. Е., Кожахметова З. Р



бет4/6
Дата11.04.2022
өлшемі333,09 Kb.
#138856
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оқу сауаттылық жинағы

Алисаның арманы.


Бір күні Алисаны теңізге алып барды.Теңіздің ұнағаны сонша, оның судан шыққысы келмеді.
-Алиса, жетер, шық судан! –деп айқайлады оған шешесі.
-Қазір,қазір.Шығайын деп деп жатырмын,-деді Алиса.
Ал өзі «Армансыз жүзетін қанат пайда болып, балыққа айналғанша судан шықпай отрыа берейін» деп ойлады.
Сол күннен бастап кеш сайын ұйықтар алдында айна алдында тұрып ап,
«Жүзетін қанат өскен жоқ па екен?» деп екі иығына кезек-кезек қарағыштай берді.Бірақ айнаға қараған сайын денесі жабысып қалған құмның
қиыршығынан басқа ештеңге көре алмады.
Бір күні ол теңіз жағасында күндегісінен ерте келіп сонда түрлі
жәндіктерді теріп жүрген баланы кездестірді.Бұл балықшының баласы болатын, өзінің теңіз туралы білмейтіні жоқ.
-Сен білесің бе, балыққа айналу үшін не істеу керек? –деді Алиса оған.
-Ей , ол оп-оңай.Қара да тұр деді бала.
Ол теңіз жәндіктері оралған орамалын тастың үстіне қоя салды да, суға сүңгіп кетті.Бір минут өтті,екі минут өтті, ал бала болса судан әлі шыққан
жоқ.міне баланың орнына су бетіндегі дельфин шыға келді де, суды аспанға фонтанша атқылатып, Алисаның дәл қасында дамылсыз секіріп ойнақтай бастады. Қыз одан титтей де қорыққан жоқ.
Ойнақтап болып, құйрығын қайқаң еткізіп дельфин суға сүңгіп кетті.Жаңа ғана сол дельфин тұрған жерден бала шыға келді.
-Көрдің бе оп-оңай дельфин болғанымды?-деді ол жымыңдап.
-Көрдім.Тек мен ондай бола алмайтын шығармын,-деді Алиса.
-Сен байқап көр.
Алиса суға секіріп түсіп, ең құрығанда теңіз жұлдызына айналсам деген ниетпен судың түбіне бата бастады.Бірақ оның ойлағанындай болмай, үлкен екі қақпағы ашылған теңіз қауашағына құлап түседі.Алиса жәндіктің жұмсақ денесіне тиіп кетіп еді,екі қақпағының екеуіде тарс жабылып, қыз қауашақтың ішінде қалды да қойды.
«Тағы да бір бәлеге тап болдым» деп ойлады қыз.
Оның есесіне теңіздің түбі, жаңағы қауашақтың іші сондай таза, сондай жым-жырт тыныштық екен.Өмір бойы меңіреу теңіздің түбінде қалып, көне заманның су перісі сияқты өмір сүру қандай жақсы болар еді.
Осы кезде Алиса күрсініп жіберді.Шешесін есіне алды. Ол байғұс қызым ұйықтап жатқан болар деп ойлайтын шығар. Сонан соң Алиса әкесін есіне алды.Ол дәп бүгін кешке қаладан келуі керек, неге десең бүгін сенбі ғой.
«Әке-шешемді жалғыз тастағым келмейді,- деп ойлады Алиса. –Олар мені сондай жақсы көреді! Жарайды, бұл жолы жер бетіне-ақ шығайыншы».
Ол қауашықтың қақпағын аяқ-қолымен итергіштеп ашты да, сыртқа шықты. Сонан кейін жоғары қарай жүзе жөнелді. Судың бетіне жүзіп шыққан соң, бағанағы балықшы баласының секіре басып теңіз жағасынан алыстап бара жатқанын көрді.
Алиса да үйіне қарай жүгірді, ал теңіз түбінде өзінің қандай халге ұшырағанын еш уақытта, ешкімге айтқан жоқ.
Алисаның арманы мәтінінің сұрақтары.

  1. Алиса нені армандады? А) Суға жақсы жүзуді

В) Балыққа айналуды
С) Кемемен саяхаттауды Д) Теңіз жұлдызы болуды

  1. Балыққа айналуға не үшін қызықты? А) Жақсы жүзсем

В) Теңіз түбін көрсем
С) Дельфинмен ойнасым Д) Су перісін көрсем

  1. Мәтіннен балыққа айналсам ғой деген арманын тауып жаз.




  1. Балыққа айналу үшін не істеу керектігін кімнен өтінді?




  1. Бала қызға балыққа айналу жролын қандай әрекетпен көрсетті?

А) Суға сүңгіді де, жоқ болып кетті. В) Дельфинге айналды.
С) Су түбінде отырып күтті.
Д) Алисаны сендіру үшін алдады.

  1. Бала шынымен де дельфинге айналды ма, өз ойыңды жаз.




  1. Алиса теңіз түбінде не істеді?

А) Теңізге сүңгіді де балыққа айналды.
В) Теңіз қауашағына құлап, қақпағы жабылып соның ішінде қалып қойды. С) Теңіз жұлдызына айналды.
Д) Су перісін кездестірді.

  1. Қауашақтың ішінде отырып кімдерді ойлады? Жазыңдар.




  1. Әңгіменің басында Алиса нені армандады, соңында сол ойы өзгерді ме?




  1. Ертегіні оқып отырғанда сен нені армандадың?

_ 11.Егер Алиса қауашақтың ішінен шыға алмай қалса, не болар еді?
А) балық болар еді.
В) теңіз жұлдызына айналар еді.
С) Тұншығып, өлер еді.
Д) Әке-шешесі Алисаны іздер еді.
12. Мәтіндегі ең басты негізгі ой не?
А) Адамдардың балық сияқты жүзсем деген армандауы. В) Әр тіршілік иелері өз орнын тапқанда.
С) Ата-ананы қайғыға душар етпеу. Д) Арманның шындыққа айналуы.
Алып тістің құпиясы
Аба бұл көп жыл бұрынжер бетінде өмір сүрген жануарлардың немесе өсімдіктердің қалдығы. Адамдар осы қалдықтарды жартастардан, өзендердің жанынан тапқан. Біз бұл қалдықтар динозаврдың қалдықтары екенін білдік.
Баяғыда адамдар осы қалдықты тауып, ненің қалдықтары екенін білмеген.
Осы қалдық сүйектер үлкен жануарлардікі. Мысалы пілдік немесе гипопотамдікі деп ойлаған. Бірақ бұл сүйек қалдықтары өте үлкен болған. Сонда адамдар керемет алып жануарлар бар екеніне сенді.
Осыдан жүз жыл бұрын Францияда Бернард Паласси деген кісі басқа амалын ойлап тапты. Ол атақты ыдыстар жасайтын ұста болған. Бір күні ол қаушақ жасап жатқанда, ол сол батпақтың ішінен көптеген сүйек
қалдықтарын байқады. Мұқият зерттеп тірі жануарлардың сүйегі екенін анықтады. Бұл жаңалық еді. Сондай-ақ, Бернард Паласси бұл жануарлардың кейбірінің енді жерде өмір сүрмейтіндігін жазған. Олар толығымен жоғалып немес мұз дәуірінде қатып қалған.
Осы ашқан жаңалықтар үшін Бернард Поласси марапатталды ма?
Жоқ. Осы пікірі үшін оны тұтқынға алды. Кейінірек адамдар өз ойларын ашық айтатын болды. Сосын 1820 жылы Англияда тасқа айналған үлкен тіс табылды.
Джидсон Мантолдың әйелі Мэри Анна Мантол Англияда далада қыдырып жүріп, жерде тұрған үлкен тісті байқайды. Мэри Анна Мантол бұл табылған тіс өте сирек кездесетін зат, сондықтан оны күйеуіне көрсетуді жөн көрді.
Бұл тіс өте үлкен пілдің тісі сияқты. Бірақ пілдің тісіне ұқсамайды. Тістің суретін барынша үлкен етіп салған. Джидсон Мантол тіске жабысқан тастар өте көне заманда болған деді.
Осындай үлкен алып тісі бар қосмекендіні табуға тырысты. Ұзақ уақыт бойы ол ешнәрсе таба алмады. Бір күні ол игуаналарды зерттейтін ғалымды кездестірді. Джидсон Мантолдың дәптеріндегі игуананың тісінің суреті Игуана Оңтүстік және Орталық Америкадан табылған өсімдікпен қоректенетін қосмекенді жануар. Оның ұзындығы 1.5 метрге дейін жетуі мүмкін. Ғалым Джидсон Мантолге игуананың тісін көрсетті. Бұл әлгі
табылған құпия тіске ұқсайтын жорғалаушы игуананың нағыз тісінің өзі еді. Бірақ тасқа айналып кеткен тіс бұдан едәуір үлкен еді. Енді Джидсон Мантол тасқа айналып кеткен тістің игуанаға ұқсайтын жануардың тісі екеніне көзі жетті. Бірақ оның ұзындығы 1.5метрден кем емес еді. Джидсон Мантол ол
жануардың ұзындығы 30 метр болады деп сенді. Ол бұл жануарды
«Игуанадон» деп атады. Бұл сөз «Игуананың тісі» деген мағынаны білдіреді.
Джидсон Мантолда Игуанадонның толық қаңқасы болған жоқ. Жылдар бойы жинаған қаңқалардың арқасында ол жануардың қандай болғандығын анықтауға тырысты. Сүйектерге қарап, ол жануардың төрт аяқпен
жүретіндігін болжады. Ол үшкір сүйекті жануардың мүйізі деп ойлады. Ол Игуанадонның суретін тұмсығында мүйізі бар етіп салды.
Джидсон Мантол Игуанадонды осылай суреттеді. Жылдар өткен соң Игуанадонның бірнеше толық қаңқалары табылды. Оның ұзындығы 9 метр болды. Сүйегіне қарап ғалымдар бұл жануарлар бірнеше уақыт артқы
аяғымен жүрген екенін анықтады. Джидсон Мантолдың үшкір тұмсығы деп ойлаған сүйек жануардың бармағының ұшы болып шықты. Осы жаңалықтарға сүйене отырып ғалымдар Игуанадон туралы өз пікірлерін өзгертті. Джидсон Мантол бірнеше қателіктер жіберген. Сонымен қатар ол маңызды жаңалық ашты. Бірнеше жылдар бойы жинаған дәлелдері табылған алып тістің жорғалаушы қосмекендіге тиесілі екендігін дәлелдеуге тырысты. Джидсон Мантол жер бетінде алып қосмекенділердің өмір сүргендігін және кейінірек олардың жойылып кеткендігін дәлелдеген алғашқы адамдардың бірі болды. Жүздеген жылдар бұрын Бернард Паласси дәл осы сөздерді айтқаны үшін қамауға алынған еді, бірақ Джидсон атақты болды. Джидсон Мантолдың жаңалықтары осы алып қосмекенділер туралы білгісі келген адамдардың қызығушылығын тудырды. 1842 жылы ғалым Ричард Оузи осы қосмекенділерге ат қою керек деп шешті. Ол оларды динозавр деп атады. Бұл сөз «қауіпті үлкен кесіртке» деген мағынаны білдіреді. Біз оны динозаврлар деп атаймыз.
Тапсырма:

  1. Қазба дегеніміз не?

А) Жартастың үстіңгі қабаты В) Алыптың қаңқасы
С) Көне тірі жануарлардың қалдықтары Д) Пілдің тісі

  1. Баяғы заманда адамдар неге алыптарға сенетін болған?

  2. Бернард Паласси қазбаны қайдан тапты? А) Өткелден

В) Батпақтан
С) Өзен жағасынан Д) Жол жиегінен

  1. Бернард Палассидің жаңа ойы қандай болды?

  2. Бернард Палассиді неге қамауға алды? А) Адамдар жаңалықтарға дайын емес еді. В) Ол Джидсон Мантолдың идеясын алды.

С) Ол батпаққа кішкентай қалдықтарды тастап кетті. Д) Қазбаларды зерттеуге Францияда рұқсат берілмеді.

  1. Англияда тасқа айналып кеткен тісті кім тапты? А) Бернард Паласси

В) Мэри Энн Мантол С) Ричард Оузи
Д) Джидсон Мантол

  1. Адастырушылыққа апарған бауырмен жорғалаушылардың тісі туралы Джидсон Мантол не білді?

А) Қосмекенділердің тісі жоқ
В) Қосмекенділер жартастың астынан табылды.
С) Бауырмен жорғалаушылар бұрыннан өмір сүрген. Д) Бауырымен жорғалаушылар тамақтанатын.

  1. Джидсон Мантол тіс басқа да жануарға тиесілі болатынын немен дәлелдеген?

    Жануар түрі

    Не үшін осылай ойлады (дәлелдер)







  2. Джидсон Мантол тісті неге музейге тапсырды? А) Тіс музейдің заты екендігін білу үшін

В) Өзінің эксперт ғалым екендігін дәлелдеу үшін С) Басқа да ғалымдардың не ойлайтынын білу үшін Д) Музейдегі басқа тістермен салыстыру үшін

  1. Ғалым Джидсон Мантолге Игуананың тісін көрсетті. Джидсон Мантолге бұл неліктен сонша маңызды еді?

  2. Джидсон Мантол өз жаңалығын дәлелдеу үшін не қолданды? А) Жинаған сүйектерді

В) Басқа ғалымдардың ойы С) Кітаптағы суреттер
Д) Басқа жануардың тістері

  1. Қандай қазба байлық Джидсон Мантелдің қателескенін дәлелдеді? А) Тас болған тістер С) Ғылыми жазбалар, суреттер В) Тірі жануарлар, жәндіктер Д) Толық қаңқа

Балмұздақ
Жексенбі күні. Балабақшаға бірге баратын кішкене көршілер – Алмас, Мирас, Марал, Жанарлар аулада ойнап жүр. Бір кезде бұлардың тұсынан қолына тор ұстаған ағай өте берді. Ол кісі калтасынан қол орамалын алған сәтте көлемі біркелкі төрт-бес көк қағаз бірге шығып, жел екпінімен балаларға қарай қалықтап ұшты. Мұны бірінші байқаған Алмас:
- Ақша! – деп айқай салып еді, балалар қолын соза көк қағаздарға қарсы ұмтылды. Әрқайсысы әп – сәтте бір-бірден, ал Мирас екі «ақша» ұстап алды.
Алмас енді:
-Ағай! Ағай! Тоқтаңыз! – деп, әлі ұзай қоймаған әлгі кісіні қуа жөнелді. Марал мен Жанар да жүгіріп жетті.

  • Не болды? – деді бұларды таңдана күтіп алған бейтаныс.

  • Ағай, сіз ақшаңызды түсіріп алдыңыз, міне, - деп, Алмас қолындағы көк қағазды ұсынды.

  • Мінеки! – деп, Марал мен Жанар да қағып алған бір-бір «ақшаларын» берді.

Ал Мирас бұл кезде асығыс басып, үшінші қабаттағы пәтеріне көтеріліп бара жатқан-ды.
... Аздан соң бейтаныс ағай әлгі жерге қайта келді. Жұбы жазылмай ойнап жүрген төрт балаға күлімсірей жақындап:

  • Бері келіңдер, - деп, оларды өзіне шақырды. Қолында қағазға ораған әлденесі бар.

  • Балалар, -деді ол, орындыққа жайғасып жатып.

  • Әлгінде маған жинап бергендерің ақша емес, енді қажеті жоқ лоторея билеттері еді. Бірақ, сендер нағыз жігіт екенсіңдер, адал балақайлар көрінесіңдер. Сол үшін мынау менің сендерге деген сыйым. Алыңдар! – деп қолындағы қағаз орамасынан әрқайсысына бір-бірден балмұздақ ұсынды. Балалар «рақмет» деп, алып жатыр. Кезек Мирасқа келді. Ол:

  • Мен жемеймін, - деп, теріс айналды.

  • Неге: Қой, ал! – деп, бәйек болды ағай.

  • Жоқ, жоқ... – Мирас қашқандай болып, кетіп қалды. Оның бұл қылығына бәрі аң-таң. Әсіресе, Мирастың балмұздақты құмарта жейтінін білетін достары қайран.

Балақай, Мирастың балмұздақтан неліктен безгенін, мүмкін, сен айтарсың?
Тапсырма:

    1. Балалар қайда баратын еді?

А) мектепке С) серуенге
В) балабақшаға Д) үйге

    1. Олар қайда ойнап жүрді?

А) көшеде С) бақшада
В) үйде Д) аулада

    1. Олар көк қағазды не деп ойлады? А) билет С) ақша

В) лоторея Д) қағаз

    1. Олар ақшаны кімге берді?

А) анасына С) сатушыға
В) әкесіне Д) ағайға

    1. Қай бала ақшаны алып кетіп қалды? А) Мирас С) Алмас

В) Марал Д) Жанар

    1. Балаларға сипаттама бер.




    1. Ағай балалардың адалдығына сүйсініп не сыйлады?

А) балмұздақ С) ақша
В) кәмпит Д) сағыз

    1. Мирас балмұздақты неліктен алмады? Мысал келтір.




    1. Мирас өз ісінің дұрыс болмағанын түсінді ме? Мысал келтір.




    1. Сендер Мирастың орнында болсаңдар не істер едіңдер?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет