Кушерова Ж. Е., Кожахметова З. Р


Қоян жер сілкінісі болатынын ескертеді



бет5/6
Дата11.04.2022
өлшемі333,09 Kb.
#138856
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оқу сауаттылық жинағы

Қоян жер сілкінісі болатынын ескертеді.


Ертеде үнемі бір нәрседен мазасынданып жүретін қоян болыпты. «О, құдайым! Мен бейшарамын, бейшарамын» - деп күні бойы міңгірлейді ол.


Ол бәрінен бұрын жер сілкінісі болатынынан қатты қорықты. «Егер жер сілкінісі болса маған не болады?» - деді ол өз-өзіне.
Бір күні таңертең ол өте қатты толқыды. Алма ағашынан кенеттен үлкен алма құлап түсті де, «бумс»-деп барлық жерді дірілдетіп жіберді. Қоян секіріп түсті.
«Жер сілкінісі!» - деп айқалады да, егістік арқылы өзінің туыстарын ескерту үшін жүгірді. «Жер сілкінісі! Жүгіріңдер! Құтылыңдар!» Және бұл қояндар да өзенді, жазықты, төбені және орманды тастап, олардың соғынан ессіз ілесті. Тауға жүгіріп жеткен он мыңдаған қояндардың аяқтарының дүрсілі ашық аспанға күн күркірегендей болды. Олар таудың ең биік шыңына жетті. Бірінші қоян жер сілкінісі жақындап қалдыма деп артына қарап еді, бірақ ол топ болып жүгіріп келе жатқан қояндарды ғана көреді. Онан соң ол алдыға қарады, бірақ тек қана тауды, даланы, тағы да тауды және алыс- алыстан жылтыраған көгілдір теңізді көрді. Осы жерде әрең тыныс алып тұрғанда, қайдан шыққаны белгісіз арыстан шыға келді.

  • Мында не болып жатыр? – деп сұрады арыстан.

  • Жер сілкінісі. Жер сілкінісі! – деп барлық қояндар міңгірледі.

  • Жер сілкінісі? – деп таңқалды арыстан. – Оны кім көрді? Кім оны естіді?

  • Одан сұра, одан сұра! – деп барлық қояндар бірінші қоянды көрсетіп айқалады. Арыстан қоянға бұрылды.

  • Кешіріңіз, мырза – деді қоян жасқанып. – Мен үйімде тыныш отыр едім. Өте қатты дыбыстан шошып кетіп жер сілкінісі екенін біліп, бәріне ескерттім. Олар да қашып үлгерді. Арыстан қоянға өзінің терең ойлы көздерімен қарады.

  • Тыңда, бауырым – осы оқиғаның қай жерде болғанын көрсетуге батылың жете ме?

Шындығында қоян батыл емес еді, бірақ ол арыстанға сенуге болатынын сезді. Ол арыстанды оқиға болған жерге алып келді.

  • Осы жерде оқиға болды. Арыстан айналаны мұқият қарап, ағаштан үлкен алманың жерге зор дыбыспен құлағанын көрді. Ол алманы алып, тауға шығып жерге тастады. Қояншошынып, жер сілкінді, жаңағы жағдай қайта оралды! Бір уақытта ол арыстанның күлгенін көрді. Содан ол аяғының астында жатқан алманы байқап қалды.

  • Бұл жер сілкінісі емес. Шынымен!

  • Жоқ - деді арыстан – бұл жер сілкінісі емес, саған қорқудың керегі жоқ.

  • Мен қандай ақымақпын? – деді қоян.

  • Уайымдама – деді арыстан күліп – кей кезде біз де солай қателесеміз. Сосын ол мыңдаған қояндарға үйлеріне қайтуларына болатындарын айтты.

Тапсырма:

  1. Қоян бәрінен де неден қорықты?

А) арыстаннан В) шудан
С) жер сілкінісінен Д) құлаған алмадан

  1. Жердің сілкінуіне не себеп болды А) жер сілкінісі

В) үлкен алма
С) жүгірген қояндар Д) құлаған ағаш

  1. Оқиға тез орын алды. Жер сілкінді деп айқайлағаннан кейін осы мәтіннен оқиғаны дәлелдейтін сөздерді тауып жаз.




  1. Арыстан қайда апаруын өтінді.

_



  1. Арыстан неге алманы жерге лақтырды?

А) қоян қашсын деп
В) қоянға алманы алу үшін
С) қоянға не болғанын түсіндіру үшін Д) қоянды күлкіге қалдыру үшін

  1. Арыстан алманы жерге лақтырғанда қоян өзін қалай сезінді? А) алаңдаулы

В) қиналғандай С) ақымақ
Д) мазасыз

  1. Қандай екі жағдаймен арыстан қоянның есін жиғысы келді?




  1. Сен қалай ойлайсың, қоян арыстанға ұнады ма? Бұл туралы ертегіде не

айтады?



  1. Қояндардың сезімі оқиға барысында қалай өзгерді?




  1. Ертегідегі арыстанның әрекеті мен қоянның әрекетінің айырмашылығы

неде ? Дәлел келтір.



  1. Бұл ертегідегі басты ой неде?

А) қиыншылықтан қашу В) болған оқиғаны тексеру
С) адамның бет әлбетіне қарап сенуге болмайды Д) қояндар жүйрік жануарлар
Таңғажайып түн.
Аня он жаста. Ол көзін ашпай жатып өз бөлмесінен жуынатын бөлмесіне бара берді. Әдеттегідей оның бөлмесінің есігі сәл ашық еді, дәліздегі шамның жарығы оның телефоны тұрған үстелді айналып өтіп, жуыну бөлмесіне баруға жеткілікті еді.
Бірде түнде Аня телефон тұрған үстелді айналып өтіп ваннаға бара
жатқанда, ол жай ысылдаған дыбысқа ұқсаған бірденені естіді. Ұйқылы ояу тұрып, ол ысылдаған дыбысқа мән берген жоқ. Қандай жағдай болғанда да ол дыбыс алыстан естіліп тұрды, тек қайтар жолда ғана ол дыбыстың қайдан
шығып жатқанын түсінді. Телефон тұрған үстелдің үстенде жатқан ескі газет- журналдардың бумасы қимылдай бастады. Ысылдаған дыбыс сол жақтан
шығып жатты. Бір кезде газет-журналдар ары-бері шашыла бастады. Аня өз көзіне сенбеді. Телефон тұрған үстелдің астынан қорылдап, жан-жағына түкірігін шашып қолтырауын пайда болды. Аня бір орында қатып қалды.
Көзі тостақандай болды. Қолтырауын газеттердің астынан шығып жан-
жағына қарайлады. Ол жаңа ғана судан шыққандай көрінді, өйткені үстінен су тамшылап тұрды. Қолтырауын қай жерге аяғын басса, сол жердегі кілем су бола қалды. Қолтырауын басын айналдырып, қатты ысылдап жатты.
Аня оның апандай аузындағы асаудай тістерін көргенде демін ала алмай қалды. Қолтырауынның құйрығы жоғары-төмен жайлап қимылдап
жатты. Аня жануар туралы журналдардан қолтырауынның жемтігін қуғанда немесе жауларымен шайқасқа шыққанда құйрығымен суды осылай
ұрғылайтынын оқыған. Оның көзі аяғының астында жатқан жануарлар туралы журналдың соңғы нөмеріне түстң. Ол қайтадан қорқыныштан дірілдей бастады. Журналдың мұқабасында бұрын да өзен жағасында жатқан үлкен қолтырауынның суреті бар еді. Енді өзен жағалауы бос. Аня еңкейіп
журналды алды. Бұл мезетте қолтырауын құйрығымен қатты ұрғаны соншалықты, еденде тұрған күнбағыстар салынған үлкен ваза сынып қалып, күнбағыстар жан-жаққа шашырап ұшып кетті.
Бір секіргенде Аня өз бөлмесінде болды. Ол есікті тарс жауып, өзінің төсегін бар күшімен итеріп, есікті жапты. Сөйтіп ол өзін қолтырауыннан қорған жасап, содан кейін ғана кішкене жеңілдеп демалды. Бірақ одан кейін ойланып қалды. Қолтырауын аш болса ше? Онда қолтырауынды кетіру үшін оған жейтін бірдеңе беру керек шығар. Аня тағы да жануарлар туралы
журналға қарады. Егер қолтырауын суреттен шыға алса, оны басқа да жануарлар істей алатын шығар. Аня жылдам журналды парақтап,
джунглидағы саз балшықта тұрған фламингоның суретіне көз тастады. «Иә, маған керегі осы» - деп ойлады ол. Фламинго қолтырауын үшін тұрған күндегі бәліштей болып көрінді. Кенетте тарс ете қалды – бұл қолтырауын құйрығымен есікті тескен еді. Аня жылдам фламингоның суретін есіктегі тесіктен лақтыра салып: «Кіш, кіш саз балшықтан кетіңдер» деп айқай салды. Ол өз көзіне сенбей тұрып қалды. Дәліздің бәрі фламингоға толып кетті, олар айқайлап, қанаттарын қағып, сыйдыған аяқтарымен жүгіріп жүрді. Аня бір құстың тұмсығымен күнбағысты шоқып алғанын, ал екіншісінің
анасының қалпағын жұлып алғанын көрді және де ол бір фламингоның
қолтырауынның аузында кеткенің көрді. Қолтырауын екі рет жағымен қағып, оны жұтып қойды да, екінші тұмсығында күнбағысы бар фламингоны бас салды.
Қолтырауынға екі фламинго жеткілікті болып, ол рахаттанып дәліздің ортасына жата кетті. Ол көзін жұмып, қимылдамай жатып қалғанда Аня есікті жаймен ашып дәлізге шықты. Ол бос мұқабасы бар журналды
қолтырауынның алдына тастады. «Өтінемін, - деп сыбырлады ол, - өтінемін, үйіңе қайта қойшы». Содан кейін ол өзінің бөлмесіне қайтып, есіктің
тесігінен сығалап, қолтырауынның қайтадан журналдың мұқабасына оралғанын көрді. Одан кейін Аня қонақ бөлмесіне өтті. Онда фламинголар диван айналасында, теледидардың үстіне шығып түр екен. Ол бос, бұрын бетін сурет алып тұрған журналды еденге тастады. «Рахмет сендерге, көп- көп рахмет. Енді өз саз балшықтарыға қайта берсеңдер болады» - деді ол.
Ертеңгісін оған ата-анасына еденде пайда болған үлкен шалшық және есіктің сынғаны туралы түсіндіру қиындық туғызды. Олар анасының қалпағының із-түзсіз жоғалып кетуіне қарамастан, қолтырауынмен болған оқиғаға сенбеді.

Тапсырма:



  1. Ерекше құбылыстың болып жатқандығын бірінші көрсеткіші неде? А) газет бумасы қимылдай бастады

В) Аня журналдың мұқабасын көрді С) Оның бөлмесінің есігі сынған еді Д) Аня ысылдаған дыбысты естіді

  1. Қолтырауын қайдан пайда болды? А) жуынатын бөлмеден

В) журналдың мұқабасынан С) төсектің астынан
Д) маңайдағы өзеннен

  1. Аняның қорыққаны туралы қай сөзден білеміз? А) орнында қатып қалды

В) өз көзіне сенбеді
С) жеңілден тыныс алды Д) ысылдағанға ұқсайды

  1. Аня қолтырауынның шабуылға шығатынын неліктен шешті? А) ол тістерінің ұзын қатарын көрсетті

В) ол қатты ысылдап жатты
С) ол қорылдап, жан-жағына түкірігін шашырата бастады Д) ол құйрығымен жоғары, төмен ұра бастады

  1. Оқиңаларды ретімен орналастыр А) Аня қолтырауын көрді

В) Қолтырауын екі фламингоны жеп қойды
С) Аня өзінің ата-анасына есіктің неліктен сынғанын түсіндіруге тырысты Д) Аня жуынатын бөлмеге барды
Е) Аня өзінің бөлмесіне жүгіріп есікті тарс жапты

  1. Аня не үшін фламинголарды шақырды?




  1. Жатын бөлменің есігі қалай сынды?

А) қолтырауын құйрығымен есікті сындырды В) үлкен ваза есікке ұрылып сынды
С) фламинго өткір тұмсығымен есікті шұқыды Д) төсек есікке соғылды

  1. Журналдың Аняға қандай көмегі тиді? Екі мысал келтір.




  1. Оқиғаның соңында Аня фламинголарға қатысты қандай сезімде болды.

А) өзін кінәлі санады В) бірдеңеге қауптенді С) алғыс сезімде болды Д) тітіркенді

  1. Аняға ата-анасына түсіндіруде қиындық тудырған оқиғаның бір салдары туралы жаз.




  1. Аняның іс-қимылына қарап, оның мінезі туралы не білдің? Аняның

мінезінің бір қырын көрсет. Өзінің жауабыңды дәлелдеу үшін оның жасаған әрекеттерінен екі мысал келтір.


_

  1. Әңгіменің авторы бұл Анямен түсінде не өңінде болған оқиға екендігін көрсетпеген. Бұл түс те болу мүмкін деген бір дәлел келтір.



_

  1. Бұл түс болу мүмкін емес деген бір дәлел айт.

Қасиетті адыраспан.


Адыраспан жаз айларында, далалы жерлерде өсетін өсімдік. Бұл өсімдіктің қасиеттілігі сондай, адамды тіл-көзден сақтап, үйді зиянды қуаттан арылтады. Сондықтан да адыраспанды атам қазақ киелі санап, үйдің кіре берісіне іліп қояды. Адыраспанды тек жұма күндері ғана жұлады. Жұлар алдында «Қасиетті адыраспан, сізді бізге берді Әзірет Оспан» деп айту керек. Себебі, Мұхаммед пайғамбардың төрт сенімді серіктерінің бірі Оспанды бір қатерден алып қалған екен. Оспан жолдастарымен бір жиында отырғанда, жаулары байлаулы тұрған аттарын босатып жіберген, сонда олардың жан- жаққа бытырап, жоғалып кетпеуіне осы адыраспан себеп болыпты. Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалыпты. Басқа аттар сол араға келіп, жиналып тұрған. Сонда Мұхаммед пайғамбар Оспанға :
«Сенің құрметің үшін осы шөпке киелі қасиет дарыды», - деген екен. Содан бері адыраспан өсімдігі киелі саналады.

Тапсырма:



  1. Адыраспан өсетін мезгіл? А) күз

В) жаз С) қыс
Д) көктем

  1. Адыраспанды неліктен киелі деп санаған?




  1. Адыраспанды қай күні жұлады?

А) дүйсенбі В) сәрсенбі С) жұма
Д) бейсенбі

  1. Неліктен адыраспанды жұлар алдында «Қасиетті адыраспан, сізді бізге берді Әзірет Оспан» деп айту керек.




  1. Адыраспанның киелі саналуына қандай оқиға себепкер болған?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет