Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Әл-Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты — Ұзлағ, ал арғы атасының аты — Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Әл-Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезде-ақ, Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған. Ол он алты жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.
Әл-Фарабидің «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы», «Логика», т.б. еңбектері бар
Кітаппен жұмыс: Әл-Фараби шығармаларын оқиды
Достарыңызбен бөлісу: |