Kz $$$umkd name$пэоәК «Ежелгі дәуір және Орта ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы»


Түркі тілді халықтарға ортақ өдебиеттің даму кезеңдері



бет4/7
Дата05.11.2016
өлшемі2,28 Mb.
#881
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

1. Түркі тілді халықтарға ортақ өдебиеттің даму кезеңдері.

2. Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер.

3. Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар.



&&&

$$$002-001-001$3.2.1.1 Сұрақ атауы 1 Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің даму кезеңдері.

Қазақ халқының қилы тағдыры, тереңнен бастау алар тарихы бар. Осынау тарих баспалдақтарында 15 – 18 ғасырлардың алар орны ерекше. Бұл кезең Алтын Орда мемлекетінің ыдырап, тарих сахнасына қазақ хандығының шығуы, түрлі шапқыншылық «Ақтабанды шұбырынды» сияқты дүбірлі оқиғаларды бастан кешіре отырып, ақыр аяғы Ресей құрамына ену сияқты оқиғалармен көзге түседі.


Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар билігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды» (М.Мағауин).

Ұлт бостандығы жолындағы азаттық күрес сипаты Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал т.б. шығармашылығынан кең көрініс тапты. 15 – 18 ғ.ғ. қазақ әдебиетінде халқымыздың көне дәуірлерден нәр алар болмыс – бітімі, дәстүр өнегесі, тілі мен діні т.т. кең көлемде көрінеді.

Аталмыш дәуір қазақ әдебиеті тарихының белгілі бір кезеңі болғандықтан жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінің студенттері оқуға міндетті. Алайда бұл кезең әдебиеті көптеген ғылыми еңбектерде әр қилы аталып жүр. Мысалы, М.Мағауин «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» деп атаса, кей монографияларда «Жыраулар поэзиясы » т.б. атаулар кездеседі. Осы жайт бір ізділікті қажет етеді.

Асан қайғыдан Абылай заманына дейінгі аралықта өмір сүрген қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері туралы деректерді жаңа уақыттың талап – тілектеріне сай зерделеуде осы бақылау – тапсырмалар өз септігін тигізеді деп сенеміз. Филология – жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім.


&&&

$$$002-001-002$3.2.1.2 Сұрақ атауы 2 Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер.


Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХғ). Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер. «Ұлы жібек жолының» ашылуы .Сол кездегі Қытай,Үндістан, Греция, Иран, СиРия, Месопатамия, Вавилон, Мысыр,т.б. елдермен сауда,мәдени, рухани байланыстар. Сақтардың тайпалық бірлестіктері,аландар мен ғұндар. Есік қаласы маңынан табылған сақ көсемінің «алтын адамның» киіміндегі зергерлік өрнектердің, сақтардың «Алтын обасынан» (Оңтүстік Қазақстан) шыққан әшекей-сәндік бұйымдардың,Таңбалытас, Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттердің,т.б. ғылыми мәні. Сақтардың салт-дәстүрі, наным-сенімі,әдет-ғұрпы,діні,олардың ата-баба әруағына, аспан денелеріне, Күнге, Айға, Жұлдыздарға және Жер анаға табынуы

Зороастризм діні. «Авеста» кітабы - Ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы.Ежелгі жазу-сызулар. Арамей, авеста, соғда, кушан, көне ұйғыр, руна жазулары. «Түрік» сөзінің мәні.

Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы (552-745ж).Түрік қағандығының екіге бөлініп кетуі.Шығыс түрік қағандығы. Батыс түрік қағанаты-көне түрік қағандығының негізінде 603-ж құрылған феодалдық мемлект. Батыс түрік қағанатынан кейін өмірге келген мемлекеттік дәрежедегі бірлестіктер. Түркеш қағанаты (704-766ж) Қарлұқ қағанаты (766-940ж). Оғыз мемлекеті (ІХ- ХІғ) Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдықмемлекет бірлестігі ретінде өмірге келгендігі. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдықмемлекеті-Қарахан мемлекеті (940-1212ж). «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кент қалалары;Отырар(Фараб), Сүяб,Тараз, Құлан, Мерке, Испаджап (Сайрам), Баба-Ата, Сығанақ, Созақ, Талхиз (Талғар)
&&&

$$$002-001-003$3.2.1.3 Сұрақ атауы 3 Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар.

Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазусызулар. Ежелгі түрік әріптері. «Орхон»немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну; Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.

Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр(684-731ж),оның ағасы елбасы Білге қаған (683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон (руна)жазба ескерткіштерін табу,руна жазуын оқу,аударма жасау, ғылыми мәтін дайындау ісіне мол үлес қосқан орыс және Еуропа ғалымдары Н.К.Видзен, И.Т.Старленберг, Н.М. Ядринцев, В.В.Радлов, В.В.Томсен, С.Е. Малов.

Ю.Немет, Х.Н.Оркун, И. В.Стеблева, т.б.туралы мәлімет. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, Қ.Өмірәлиев т.б. еңбектері.



Тарихи шындық. Скиф, үйсін, қаңлы, дулат, оғыз, қыпшақ тайпалары бірігіп, Түркі қағанатын орнатады. Түркі халықтарының тірлесуін тарихшылар 545 жылдан (Бумын қаған) санайды. 6-ғасырдың 80-жылдары хан тұқымдарының арасындағы дау-жанжал өршіп, соның салдарынан Түркі қағанаты екіге бөлінеді. 656 жылы Қытай империясы БТҚ-на шабуыл жасайды, басып алады. Бірақ әбден қорлық көргег түркі халқы көтеріліп, Құтлығ қаған дана Төныкөкті ертіп, 683 жылыҚытай басқыншыларыанан түркі жерін азат етеді. Осы әрекеті үшін халық оны Елтеріс қаған деп атайды. 396 жылы Елтеріс дүние салады. Оның орнына қатал, көтерілісшілер қорлынан қаза тапқан Қапаған хан болған. Оданк ейінгі тақтың екі мұрагері – Білге қаған мен Күлтегін.

Міне, Орхон жырларында бейнеленген тарихи оқиға осы.



Табылуы, ашылуы. Селенге, Орхон өзендері бойынан табылған. Бұл ескерткіщтерді тұтқында жүрген швед офицері Ф.И. Стралленберг тауып, Г. Спасский зерттеп, 1889 ж. орыс ғалымы Ядринцев Монғолия жерінен жаңа нұсқасын тауып, ғылыми оралымға келтіреді.

1893 ж. дат ғалымы В. Томсен оқып, неміс тіліне аударады (1895).

Академик В.В. Радлов 1894 ж. орыс тіліне аударады, 1894,97 ж.ж. жарияланады. Алайда Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым -С.Е. Малов .Ядринцевтің көрсетуі бойынша биіктігі – 3,45 м., енің – 174 м., қалыңдығы-48 см.

Аударылуы. Орыс тілінде қара сөзбен – В. Раблов, Мелиоранский, С. Малов (дәлірек). Өлең – И.В. Стеблева. Күлтегіннің кіші жазуын – Ғ. Мұсабаев. Қ. Мырзалиев – еркін өлең. М. Жолдасбеков

Кейіпкерлер. Білге қаған – мықты ел басшының қасиеттерін жинаушы тұлға. "Күлтегін" жырындағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға-Күлтегін жырда оған көп көңіл бөлініп, батыр екендігін дәріптейді.

Жырдағы Білге қаған да ақылды, батыл адам:

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың,

Аты, даңқы өлмесін деп,

Түркі халқы үшін,

Түн ұйықтамадым.

Тоныкөк бейнесі қазақ жырауларын еске түсіреді. Сол кездегі түркі қағанатының саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығын өз қолынан өткізген дана абыз, қаған ақылшысы, кемеңгер жан. Білге қаған тұсында төбе би болған.

Тілі. Малов – ұйғыр жазуы, Аристов, Малицкий – тамға, В.А. Ливщиц, С.Г. Кляшторный – арамей, Айдаров – жалпы түркі тілдерінде.

Жанры туралы бірінші көзқарас – Стеблева – поэзиялық туынды, екінші көзқарас – Щерба – тарихи тақырыптағы деректі әңгіме.

Ескерткіштегі түркілердің наным-сезімі.Қаған көк Тәңірі Ата мен жер Ананың құдіретімен дүниеге келеді. Бұл көне түркілердің аспанды-ата, жерді –ана деп ұғынуының көрінісі.
&&&

$$$002-001-100$Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер.

2. Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар.




Ұсынылатын әдебиеттер:


1.Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2.Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрсстоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3.Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986


&&&

$$$002-002-000$3.2.2
Дәріс №2. Дәрістің атауы. «Қорқыт ата кітабы»

  1. "Қорқыт ата кітабы"- оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші.

  2. "Қорқыт ата кітабының" қолжазба нұсқалары. "Қорқыт ата кітабын" зерттеуші, тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары.


&&&

$$$002-002-001$3.2.2.1 Сұрақ атауы 1 "Қорқыт ата кітабы"- оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші.

Қорқыт туралы. Қорқыт тарихи шежірелер мен халық аңыздары бойынша 8-ғасырда Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын , асқан күйші, аңыз кейіпкері, заманының ақыл-ойлы биі. Оның 3 хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Қорқыттың бейіті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы станциясынан 18 шақырым жерде тұр. Өзі оғыз тайпасының Баят руынан, анасы қыпшақ қызы. Түркі шежіресін жазған Әбілғазы:" Оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, ақылшы, кеңесші. Ол Оғыз заманындағы үлгі айтып, билік құрған дана кісі,"-деп жазады. Қорқыт есімі түркі тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім.

Түрік қағанаты дәуірінде өмірге келген ерлік эпосының бірі «Қорқыт ата кітабы». Алайда бұл кітапта Түрік қағанаты дәуірінен сан ғасырлар бұрын орын алған кейбір тарихи оқиғалар қамтылған.

«Қорқыт ата кітабы» түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мүра. Қорқыт ата хикаясы — VII—VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы үрпақтан-үрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.
&&&

$$$002-002-002$3.2.2.2 Сұрақ атауы 2 "Қорқыт ата кітабының" қолжазба нұсқалары. "Қорқыт ата кітабын" зерттеуші, тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары.

"Қорқыт ата кітабы". Түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, бай танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Ғалымдар В.Бартольд В. Жирмунский т.б. бұл кітап қырғыз, қазақ, өзбек, түрікмен, әзербайжан халықтары арасында кең тараған ескі аңыз сюжеттері негізінде жасалды дейді.

Сырдың төменгі ағысы (9-10 ғ.ғ), оғыздардың жаңа отаны Кавказда (Әзербайжан) және Кіші Азияның көрші аудандарында (11-15 ғ.ғ) әр түрлі айтушылар туғызған. В.В. Бартольд: 15 ғасыр басында көшірілген (бірақ сюжетер өте ежелгі). Э. Росси: 15 ғасырдың орта шенінде, Х. Көроғлы: 1482 жылы, Ә. Қоңыратбаев: 9-11 ғасырларда туып, 15 ғасырда хатқа түскен. Қорыта айтсақ, "Қорқыт ата" 8-ғасырларда, одан да бұрын туған аңыздардың уақыт бедерінен біраз өзгеріп, 15-ғасырда хатқа түскен.

Эпикалық сарындағы түркі эпостарымен ұқсас. Кітапта Қорқыт дананың ел аузында қалған нақыл сөздері келтіріледі. Осы сөздердің көбі бүгінге дейін қазақ мақал-мәтелдерінде айтылады.

Нұсқалары. Екі қолжазба нұсқасы сақталған.

Біріншісі Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кезесетін қолжазбалар қорында сақтаулы. Бұл қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген аты: “Кітаби дедем Коркут ғали лисани таифаи у озузан” (“Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы”) Бұл нұсқа он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады. Көшіруші - Абдаллах ибн Фарах.

Екінші нұсқасы Ватикандағы (Италия) Аристолика кітапханасында сақталып келеді. Алты жырдан құралған, ол “Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри” деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне түңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды. Ватикан нұсқасы толық емес, онда 1,2,3,4,7,12 - жырлар бар. Ватикан нұсқасы кейінірек 50-жылдары табылған.

Екі нұсқаның арасында сюжеттік, мазмұндық айырмашылық жоқ. Айырмашылық-тек жекелеген сөз, сөз тікестерінде.



Зерттелуі, аударылуы. Дрезден нұсқасын зерттеу, Европа тілдеріне аудару ісі 19-ғасырдың бірінші жартысында басталған еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г.Ф.Диц сегізінші хикасын неміс тіліне аударып, баспасһзде жариялады. Екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдке неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ бұл іске аспады да, өзінің шәкірті В.В.Бартольдке тапсырды. В.В.Батрольд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтіп, ол кітапты 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты. Бұл аударма 1962 жылы академик В.М. Жирмунский мен А.Н: Кононовтың редакциясымен жарық көрді. ТМД елдерінде 1950 жылы Бакуде, 1982 жылы Мәскеуде басылған.

Зерттеуге А.Н. Самойлович, В.В. Вельяминов-Зернов, К.А. Иностранцев, А.Ю.Якубовский, А.А. Диваев сияқты көрнекті орыс ғалымдары да мол үлес қосты.

Әзербайжан ғалымы Х.Г. Көроглы әдеби, тарихи, тілдік тұрғыдан комплексті түрде зерттеді. Бұдан басқа жырларды зерттеуге еңбек сіңірген әзербайжан ғалымдары: Ш.А. Джамшидов, Г.А. Байрамов т.б.

Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем толық тексін латын әрпімен транскрипция жасап, бастырып шығарды. Түрік ғалымы Килисли Рыфан 1916 жылы Дрезден нұсқасын араб әрпімен басып шығарған. Түрік ғалымы Фуад Капрюлю де зерттеуге өз еңбегін сіңірді.

Орыс, неміс, италиян тілдеріне аударылған.

Кітаптың сюжетін 1921 ж. Ғалымжан Шарипов "Арслан бек" деген атпен бастырады. Бірақ ол тым еркін болғандықтан, ғылыми жағынан маңызы аз дерек болды.

Қазақ ғалымдарының ішінде алғашқылардың қатарында Ә. Марғұлан 1944 жылы Қорқыттың бақсылығы, сәуегейлігі туралы мақала жазды. М. Әуезов аңыздарды сипаттап, талдаулар жасады. Қорқыт атаны ойшыл деп бағалады. Р.Бердібаев Қорқыт бейнесін ашуда аңыз бен шындық жөніндегі мәселелерді қозғады.

Ә. Қоңыратбеав жырларды жан-жақты талдап, ғылыми зерттеулер жасады, 1986 жылы қазақ тіліне аударып шықты. М. Жолдасбеков те жүйелі пікірлер айтып, қазақ эпосына жақын деп таңдаған жырға талдаулар жасады.

Бұдан басқа қазақ тіліне аударып бастырғандар - Ш. Ыбыраев, Б. Ысқақовтар. Шәкір Ыбыраев осы жырлардың поэтикасын, эпитеттеріне тән құбылыстарды айқындап, еңбек жазды.

Ал, Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты үзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә.Марғұлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыккан данышпан Асан шығармаларындағы тармақ саны да әр түрлі. "Құйрығы жоқ, жалы жоқ" немесе "Таза мінсіз асыл тас" туындылары сегіз тармақтан тұрса, "Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің" толғауы 40-қа жуық тармаққа созылған. Біздің ойымызша, Асан толғауларының тармағына бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарап, ажыратып, әйтеуір, әлденеше шумақ жасауға талпынудың қажеті аз. Тармағы аз болсын, көп болсын, жыраудың тасыған өзендей арынды ойы кейде жалғыз шумаққа сыйып кететін болса, кейде тұтас бір толғауға сыймай, әр тармақты керней түсіп, енді болмаса арнадан асып екпінге мән беру жырау поэзиясының ішкі мазмұнының кажеттерінен туған. Жырау туындыларындағы өр рух, өр пафосты беруде таза 7-8 буыннан немесе 11 буыннан құралған өлеңдер тарлық көрсетер еді", - дейді М.Мағауин.


&&&

$$$002-002-100$ Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. "Қорқыт ата кітабы"- оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші.

2. "Қорқыт ата кітабының" қолжазба нұсқалары. "Қорқыт ата кітабын" зерттеуші, тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. X. Иманжанов/. -Түркістан,1991


&&&

$$$002-003-000$3.2.3
Дәріс №3. Дәрістің атауы. Ислам дәуірі әдебиеті (Х-ХІІ ғасыр). Әбу-Насыр әл-Фараби шығармашылығы.

  1. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.

  2. Әбу-Насыр әл-Фарабидың поэзиялық мұрасы. Әл-Фараби туралы орта ғасыр ғалымдарының /Әбу Әли Ибн Сина, ол-Байхаки, ол-Кифтий, т.б./ ой-пікірлері.


&&&

$$$002-003-001$3.2.3.1 Сұрақ атауы 1 Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.
Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхам-мед ибн узлағ Тархани — деп жазылатын болған. Мундағы тархан сөз екі нәрсені аңғартады; б і р і н ш і д е н, әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын білдіреді. Е к і н ш і д е н, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтардың атақтылары гана дәстүр бойынша тархан деп аталатын болған.

Ежелден-ақ Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардың барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этностық құрамына енгені көне тарихтан жақсы мәлім. Алайда „әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да жасанды әрекет болады. Ол заманда улт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді. Сол сияқты оны өзбек деп кесіп айту да әділеттік бола қояр ма екен. Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының құрамьша қосылған түркі тайпасынан шыққан дей аламыз".



Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының ас маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаскі, Каир, т. б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергерлерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады. "Белгілі биік көк сеңгір" - Алғаш - "Ертедегі әдебиет нүскалары" басылған. "Алаңда, алаң, алан.жүрт..." алғаш Шайыр жинағында, содан сон. Ертедегі әдебиет нүскаларында жарияланды. Бүл үш шығарманын үзын саны 67 тармак өлең. 1925 жылы "Аламанда" жарияланған Мұрат акыннын, "Қазтуған" жыры дейтін толғаулардын. іигінде осы үш жыр да бар. Тұтастай карағанда; соның бәрі Қазтуғаннын. өз сөзі сияқты. М.Мағауин бұл жөнінде мынадай тұжырым айты: "Қаратокай Мұрат акыннын атына тіленіп жүрген "Қазтуған" атты ұзақ толғау бар. Мұрат ешкашан оны шығармам демеген, ескіде өткен Қазтуған атты батыр айтыпты деп жырлаған. Бұл толғауда Казтуғаннын өз аузынан шыкқан жолдар да ұшырағанмен, әртүрлі анохронизмдер, Мүраттың өз жанынан коскандары көп. Мұрын жыраудың репертуарында "Қарға бойлы Қазтуған" атты поэмада болған. Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдадта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайрымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әль-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді: Бірінші шарт —философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады: 1 — философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; 2 — оның шыққан қаласы; 3 — философияға мекен (медресе) болған орынның аты; 4 — философиялық ағымды тудырған басты себеп; 5 — философиялық талдауға түскен мәселелер; 6 — философияның алға қойған мақсаты туралы; 7 — философияның практикалық мәні, нәтижесі. Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады. Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді. Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу. Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе. Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады. Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу. Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады. Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну. Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби. Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. Фараби “Азаматтық саясатта” қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде…” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз. Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады. 
&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 Сұрақ атауы 2 Әбу-Насыр әл-Фарабидың поэзиялық мұрасы. Әл-Фараби туралы орта ғасыр ғалымдарының /Әбу Әли Ибн Сина, ол-Байхаки, ол-Кифтий, т.б./ ой-пікірлері.
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: 1. Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.); 2. Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.); 3. 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); 4. Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.). Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Наср Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.
Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Наср Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Наср Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде.

Орта ғасырда-ақ Ан-Надим(10), Әл-Байһаки (10), Ибн Саид әл Кифти (13), Хиджа Халифа (17) т.б. еңбектерінде ол туралы бар.

Қазақстанда әл-Фараби еңбектерін зерттеу1960-жылдардан кең өріс алды(1100 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары кезінен) . Ә. Марғұлан, А. Машанов, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көб. Жарықбаев т.б. бастамасымен Қаз ССр ҒА жанынан Фарабитану тобы құрылды.

Қазақ ғалымдарыАқжан Машанов ("Әл Фараби"-тарихи деректі кітабы, 1971 ж), А. Көбесов, А. Қасымжанов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев (1980, "Әл-Фарабидің эстетикасы) т.б. Аян Нысаналин 1944 жылы Бейрута шыққан Аббастың кітабынан алып, 1971 жылы төрт жолды он шақты өлең шумақтарын аударды.

А. Машанов жарты ғасырға жуық Фараби мұраларын зерттеумен айланысты.

Ақынның көркем мұрасы (поэзиясы) аз сақталғандықтан көп зертеулерде аталмайды да. Ғұлама шығармашылығының бұл қыры 20-ғасырдың ортасына дейін зерттелмей келді. 1947 жылы ғалым Декхода Тегеранда бастырған "Лұғатнаме" деген энциклопедиясында әңгіме көтеріліп, оның бірсыпыра өлеңдері келтіріледі. Е.Э.Бертельс парсы-тәжік поэзиясы тарихына арналған еңбегінде, түрік зерттеушілері Ахмет Әтеш, Хафиз Данышпан еңбектерінде Фарабидің шайырлығы, әдеби мұрасы туралы көп жаңалықтар келтіреді. Бұлар және басқа оқымыстылар Фарабидің араб, прарсы, тұрік т.б. тілдерде әр түрлі жанрда жыр жазғандығын растайды, үзінділер келтіреді. 1950 жылы Түркияда Фараби өлеңдері туралы Н. Данишманның мақаласы шықты, ал 1975 жылы ақынның 1100 жылдың мерейтойына байланысты Ташкентте А. Ирисовтың Фараби өлеңдеріне талдау жасалған "Фараби-әдебиетші" атта еңбегі жарық көрді.


&&&

$$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.

2. Әл-Фараби мұрасын зерттеуші қазақ ғалымдарының /А.Машанов, А.Қасымжанов, А.Көбесов, т.б./ еңбектері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. X. Иманжанов/. -Түркістан,1991.


&&&

$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Дәрістің атауы. Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет.

1. Орта Азия мен қыпшақ даласы үшін X—XII ғасырлар қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелер.

2. Доспамбет жырларында жаугершілік заман түрі
&&&

$$$002-004-001$3.2.4.1 Сұрақ атауы 1 Орта Азия мен қыпшақ даласы үшін X—XII ғасырлар қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелер.

Орта Азия мен қыпшақ даласы үшін X—XII ғасырлар қоғамдық-әлеуметтік, саяси тұрғыдан дамудың жаңа басқышы болып табылады. Бүл кезеңде түркі тілдес халықтардың мәдениеті, әдебиеті, ғылымы едәуір өркендеп өсті. Әсіресе, түркі әдеби тілі жан-жақты дамып, жетіле тусті. Мұның өзі түркі ха-лықтарының, соның ішінде, қазақ, өзбек, уйғыр, қырғыз, т. б. халықтардың этностық құрамының қалыптаса бас-тауы мен олардың әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі рөлінің біртіндеп артуына байланысты болды.

Сөйтіп, «қыпшақ, оғыз, қарлүқ және ұйғыр тайпалары мен халықтарының тілдері негізінде X—XII ғасырларда араб графикасындағы туркі жазуы қалыптасты. Әдебиеттің көптеген ескерткіштері аралас қарлұқ-ұйғыр және қыпшақ-оғыз тілдерінде жазылды". Орта Азия мен қыпшак даласында X—XII ғасырларда ислам діні кең қанат жайған еді.

Доспамбет жырларында жаугершілік заман түрі, соғыс сәті, адырна, садақ, алдаспан қылыш артар жүк, жорық мүраты, жауынгердін. жан арманы түскен сөздер керемет сиқыр: от боп өртеніп, теңіз боп толқып, мұз боп құрсанып, ақ түтек боп бұрқанып жатыр.


&&&

$$$002-004-002$3.2.4.2 Сұрақ атауы 2 Доспамбет жырларында жаугершілік заман түрі

Доспанбет жырау (1490-1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады.

Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т.б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.

Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен.


Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М.Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В.Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.
&&&

$$$002-004-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Орта Азия мен қыпшақ даласы үшін X—XII ғасырлар қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелер

2. Доспамбет жырларында жаугершілік заман түрі

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. X. Иманжанов/. -Түркістан,1991


&&&

$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Дәрістің атауы. Махмұд Қашғари шығармашылығы.

  1. М.Қашқаридың философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.

  2. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк» еңбегі.


&&&

$$$002-005-001$3.2.5.1 Сұрақ атауы 1 М.Қашқаридың философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.

Махмудтың өмірбаянына қатысты мәліметтер өте жарытымсыз. Оның өмірі жайындағы мәлімет өз кітабында айтқан азын-аулақ хабардан әрі аса қоймайды. Махмудтың толық аты-жөні Махмуд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған. Сөздің соңын-дағы - парсының тәндікті, белгіні білдіретін жұрнағы. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегенді білдіреді. Әкесі Қашқарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен, өмірі-нің көп кезеңін Баласағұн қаласында кешкен. Атақты ғалым осы Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Балалық және жастық шағының көп мезгілін Ыстық көл маңындағы қышлақтарда өткізеді. өз айтуынша, оның әкесі Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірі Насыр ибн Әлидің нәсіліне жатады. Махмуд алғашқы білімді Қашқар қаласында алады да кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді. Сапарының негізгі мақсаты - өзінің білімін толықтырып, жетілдіру болады. Ол сол заманғы араб мәдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында да біраз уақыт тұрғанға ұқсайды. 

Махмуд Қашқари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті ғалымы болған. Араб филология-сын жетік білген және өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған. Махмуд Қаш-қаридың дәл қай жылы туып, қанша жыл өмір сүргендігі әзірше белгісіз. Бұл жөніндегі жалғыз дерек кітабының аяғында ол ''бұл кітап мені өлімге бір табан жақындатты'' деп жазады. Бұл бір жағынан, автор өзінің бұл тарихи еңбегін жазуға ұзақ жылдар бойы еңбек еткенін дәлел-десе, екінші жағынан оның біраз жасқа келгендігін де көрсетеді. Олай болса Махмудтың туған кезі ХІ ғасырдың басы болса керек. өйткені ''Диуани лұғат-ат-түрк'' хиджра есебімен 464-жылдың бесінші айының алғашқы күні (қазіргі жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған, 466 жылдың алтыншы айының 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Осыдан екі ғасыр өткен соң 1266 жылдың тамыз айында 'Диуани лұғат-ат-түрк'' түп нұсқасынан бір сириялық кісі көшіріп алады. Көшіруші былай деп жазады: ''Әуелі Сава, кейін Шам (Дамаск) қаласының тұрғыны Мұхаммед бин Әбібәкір ибн Әбілфатих (оны тәңірі жарылқасын) осы кітапты түп нұсқасынан көшіріп, 664 жылы оныншы айдың жиырма жетінші жексенбі күні бітірді''. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' автордың соңғы еңбегі болса керек. өзі-нің айтуынша ол бұл кітаптан бұрын да түркі тілдері-нің синтаксистік жүйесі жайында (''Джавахир ан-нахви фллафи түрк'') ''Түрік тілінің синтаксистік жүйесінің негіздері'' деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бұл еңбегі сақталмаған болу керек, сондық-тан осыдан басқа еш мәлімет жоқ. 

Махмуд Қашқаридың түркі халықтарының ішінде нақ қай халық өкілі екені туралы да ешбір мәлімет жоқ. Рас, оны түркі халықтарының біріне телуге тарихи деректер мүмкіндік бермейді. өйткені қараханидтер тұсындағы түркі халықтарының кейін араласып, бір-біріне ете жақын болып кеткені соншалық, пәлен тайпа - тек қана пәлен халықтың этногенезін құрады деп айтуға келмейді. Бір тайпаның өзі кейінгі дәуірде бірнеше халықтардың құрамына кіріп, сіңісіп кетіп отырған. Ал Махмудтың сол кездегі түркі тайпаларының қайсысынан шыққандығы жайында өзінің бір ескертпесі жөнінде айта кеткен жөн. Оның айтуынша, оның ата-бабасы сөз басындағы а дыбысына х дыбысын қосып айтатын болған. Бұған қарағанда, оның туған тайпасы Орта Азия жеріне бір жақтан келген емес, осы аймақтың тұрақты ескі тұрғыны. Дегенмен, бұл ескертпенің өзі де Махмудтың нақ қай тайпадан шыққандығын анықтауға мүмкіншілік бермейді. 


Бірсыпыра зерттеушілер Махмудтың қашқарлық екеніне қарап, оны ұйғыр деп танып, оның ұлы мұрасын да ескі ұйғыр тілінің ескерткіші дейтін пікірге ойысатын сияқты. Бірақ олай деп тұжырымдауға пәлендей айқын дәлел жоқ. Қашқар қаласының ол кездегі этникалық құрамын айырып алудың өзі қиын. Оның бер жағында ''диуани лұғат-ат-түрікті'' - тек ескі ұйғыр тілінің ескерткі-ші деуге тағы да дәлел табу қажет. Онда сол кездегі түркі тайпаларының бәрінің де әдеби, тілдік мұралары бар. Онан соң, сол кезде Қашқаридың ата-бабасы шыққан рудың немесе тайпаның қай халықтың құрамына енгені де айту оңайға түсе қоймайды. Кейбір шетел зерттеушілері, де әсіресе, Түркия зерттеушілері Махмуд Қашқари Анатолия түріктерінен шыққан ғалым деп даурығып жүр. Анығында Махмуд Қашқари жоғарыда келтірілген ескертпе арқылы өз ата бабаларының қалай да ортаазиялық тұрғын екенін дәлелдеп отыр. Олай болса, бұл жерде оның тұрағы мен шыққан халқын Түркия жеріне көшіре қоярлықтай қисын жоқ. Оның үстіне дәуір ескерткіштерін Түркия ғалым-дарының панисламистік, пантүркистік мақсатпен жарама-са кетуі тегін емес. Ғылым тарихы олардың осы тәрізді талай ''кәсібін'' біледі. Олар тіпті Орхон-Енисей жазбаларын да иемдембекші болғаны да мәлім. 
Махмуд Қашқаридың атын бізге, біздің заманы-мызға жеткізген оның ұлы мұрасы ''Диуани лұғат-ат-түрк''. Сондықтан Қашқари жайындағы, оның тарихи ерлігі жайындағы мәселені - сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сөз болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын өмір сүрген, еңбек еткен ұлы ғалымның нағыз бейнесін еске аламыз. 

М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік құрылыстарын жүйе-жүйемен баян-дауға арналған. Бірақ кітаптың берер мәліметі онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп, жүргені кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыс-тысы М. Хартман ''Диуани лұғат-ат-түрк'' - халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған'' дейді де, осыдан екі-ақ жыл бұрын жазылған ''Құдатқу білігті'' (''Бақыттылық жайлы ілім'') - сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Бұл ''Диуани лұғат-ат-түрк'' түркі халық-тарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның пікірі. 


Махмуд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсетіл-гендей, сол заманғы түркі тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тәртібі, қай тайпаның қайдан келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері және т. б. болып келеді. Осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақұл. М. Қашқари ХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы әміршілерінің біріне туыстық жақындығы барын айтады. Х ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған Қарлұқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династиясының бастауымен өздерінің қуатты мемлекетін құрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халық-тары арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі Баласағұнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар қаласына ауысады. Қарақанидтер мемлекетінің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек. 
Бұл кездерде қараханидтер мемлекетінің шекарасы Жетісудан бастап Қашқар, Бұқар, Самарқанд қала-ларына, Сырдария бойларына дейінгі мол территорияны алып жатқан. Қараханид мемлекетінің құрамы да әрқилы болған. Сол заманда отырықшы әрі мәдениеті жоғары болған ұйғырлар, Сырдария мен Амудария бойларындағы иран мен түркі халықтарының арасынан шыққан қоспа тұрғындар және т. б. мемлекет құрамының ала-құлалы-ғын дәлелдеумен бірге оның мәдениетінің де қат-қабат сырларын аңғартқандай. Қараханидтер мемлекетінің мәдениеті мемлекет құрамындағы халықтар мәдениетінің қосылған түрі іспетті болған. Бұл кезде мемлекет территориясындағы қалалар да қатты дамыған. Мемлекет-тің халық құрамына қарай, екі түрлі жазба әдеби тіл қалыптасқан. Бірі - мемлекеттің шығысында қарлұқ-ұйғыр тайпалары батысында, Хорезм маңында, оғұз-қыпшақ тілдерінің негізінде екіншісі - мемелекеттің тайпалары тілдерінің негізінде қалыптасқан. 
М. Қашқари еңбегінде Қараханидтер мемлекетінің құрамына енген түрік тайпалары атап-атап көрсетіліп отырады. Қашқари түрік нәсіліне жиырма түрлі тайпа жатады деп көрсетеді. Осы тайпалардың әрқайсысы бірнеше рулардан тұратыны айтылады. ''Бірақ ол рулар-дың бастыларын атадым да, майдаларын тізіп жатпадым'' деп көрсетеді. Қашқари тайпаларды екі топқа бөліп, батыстан шығысқа қарай орналасу тәртібі бойынша санап шығады. Сонда бірінші топқа (солтүстік топқа): батыстағы тайпа - бегенек (печенег), онан соң қыпшақ, оғұз, иемек, башқұрт, басмыл, қай, йабақу, татар, қырғыз жатады. Екінші топқа (оңтүстік топқа:) ең батыстағы тайпа - чығыл, тухси, яғма, ырғақ, йарук, йумул (жумул) ұйғыр, қытай, таббач (табқач) жатады. Ал соғдақ арғу (арғұн), түбүт (тибет) тайпалары бұл жерге басқа жерден келгендер деп көрсетіледі. Түбүттер туралы Қашқари былай деп жазады: ''Түбүт - түрік жерінде тұратын тайпа. Киік әтір соларда болады. Қылмысты болып, қаша көшіп, теңіз жолымен Чинға жетіп, сонда орнығып қалған. өсіп-өнген, олар банисабат ұрпағы. Олардың солтүстігінде ұйғыр, шығысында Қытай, батысында Кашмир, оңтүстігінде үнді теңізі. Олар өз ана тілін әлде қашан ұмытып, түрік тіліне үйренсе де, түрік сөздерін өз тілінің заңдарына лайықтап айтатыны байқалады. Мысалы, ана деген сөзді ума деп, ата деген өзді оба деп атайды. Арғұлар ''Диуани'' мәлімет-тері бойынша осы күнгі Шымкент пен Тоқмақ қалалары-ның аралығындағы кең территорияда тұрған. Сол маңдағы тайпалар арасында олар көп уақыттар бойы үстем болған. ХІ ғасырда яғни ''Диуани'' жазылған мезгілдерде арғұлар өздерінің бұрынғы басымдығынан айырылады да билік басқа тайпаның қолына көшеді. Сонысына байланысты арғұрлар бұрынғы мекенін де өзгертеді. 
Ал ұйғырлар негізінен бес үлкен қалада: Сумии, Кужу, Жанбалық, Бесбалық, Ианыбалық (балық - ескі түрік тілінде қала деген сөз) деген қалаларда тұрады деген мәлімет беріледі. Қыпшақтар мекені деп Товар және Қашқар маңындағы бір кішірек қала аталады. ''Диуани-дағы'' мәліметтерге қарағанда олар шаруашылықпен, балықшылықпен айналысқан. Сонымен қатар сол кезең-де қыпшақтар әлсізденіп, ыдырап, біразы оғыздарға, біразы чығылдарға, т.б. тайпаларға қосылып кеткені де аңғарылып отырады. Ал оғұздар - түркі тайпаларының бірі, олар түрікмен болып табылатынын айта келіп, түркімендердің жиырма екі рудан құралатынын, олардың әр қайсысының өзіне тән таңбасы, малға салатын ендері барлығын, әлгі рулар өзара сол ен - таңба арқылы айырлатынын хабар-лайды. Рулардың аттары, ен-таңбалары атап-атап көрсетіледі. Мұндай тарихи этнографиялық мәліметтер Қашқари еңбегінде жиі кездеседі. 
Сөздікте берілетін әрбір сөздің тұсында (егер ол этноним, мал, құс, т.б. атауларға немесе әдет-ғұрыптарға, салт-сана, шаруашылық кәсіпке байланысты сөз болса) мүмкін боларлық бар мәлімет беріліп отырады. Сөйтіп, Қашқари еңбегінің маңызды бір жері осы материалдарға байланысты болып келеді. Әрине, Махмут Қашқари филолог және оның еңбегіде осы тұрғыда жазылған. Еңбектің құрылысының жинақы, жүйелілігі, ондағы мәселелердің ғылыми тұрғыдан маңыздылығы мен дәлдігі авторды өз заманының аса ірі оқымыстысы есебінде танытады. 

''Түркі тілдері сөздерінің сөздігі'' ең алдымен лекси-кографиялық мұра есебінде көңіл аударады. Қашқари сөздерді реттеп беруде өзіне тән тәсіл қолданады. Ол ең әуелі аз әріптерден құралатын сөздерді береді де, одан әрі әріптің санына қарай дамытып отырады. Қандай сөздерді беріп, қандай сөздерді бермеу мақұл дегенде, сол кезеңде тайпалар тілінде қолданылып жүрген яғни, актив сөздерді ғана беру керек деп мәлімдейді. Бұл автордың алдын-ала ойластырылған принцип бойынша жұмыс істегендігін дәлелдейді. Ол сөздік жасауды әйтеуір білген, естіген сөздерді тізе беру деп қарамайды. Сонымен қатар автор тілдің сөздік құрамындағы актив сөздер мен пассив сөздерді айыра қарап, екеуін екі түрлі құбылыс деп есептейді. ''Түркі тілдері сөздері жинағының'' лексико-графикалық мәні мұнымен ғана бітпейді. Онда антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас-басына ажыратылып түсіндіріліп отырады. Ал мұндай жүйеге келтіру, байқампаздық Қаш-қари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі табыс еді. Автор ескірген сөздерді, шеттен кірген сөздерді сөздікке енгізбедім деп мәлімдейді. Әрине, бүгінгі түркі тарихы тұрғысынан алғанда, олардың ''Сөздікте'' берілуі аса маңызды іс болар еді. Алайда автор өз принципіне басынан аяғына дейін берік. 

Сонымен қатар Махмуд Қашқари бұл еңбегінде түркі тілдерінің алғашқы классификациясын береді. Осы мақаланың басы жағында сөз болған түркі тайпаларын екі топқа (солтүстік және оңтүстік) бөліп қарауы - тюркология тарихындағы алғашқы классификациясы еді. Бұл классификацияда Қашқари географиялық (орналасу орнына қарай) принцип қолданады. Алғаш рет Қашқари қолданған географиялық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларда да қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари көрсетіп кеткен кейбір диалек-тілік айырмашылықтар да кейін түрік тілдерін топқа бөлуде басты принцип болып қалады. 

М. Қашқари өз заманындағы түркі тілдерінің қайсы-сы қандай дәрежеде дамығанын да айтып отырады. Оның айтуынша түркі тілдерінің ішіндегі ең жеңіл тіл оғұз тайпа-ларының тілі, ең сындарлы, әдемісі яғма, тухси тайпалары мен Іле, Ертіс, Еділ бойларынан бастап ұйғыр қалаларына дейінгі аралықта тұратын тайпалар тілдері. Бұлардың ішінде де ең сындарлысы және көп тарағаны - ұйғыр тілі. Әрине, Қашқари заманында ұйғыр тілі түрік тайпалары-ның арасында әдеби тіл міндетін атқарады. Сондықтан да ол басқа тілдерге қарағанда көп жерде қолданылады. 


Махмұд Қашқари және оның еңбегі ''Диуани лұғат-ат-түрк'' жайындағы қысқаша мәлімет осындай. Мақалада оның еңбегінің басты-басты мәселелері ғана атап көр-сетілді. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' әлі жете зерттелген емес. Соның өзінде бұл еңбектің тілін бір ғана халық тіліне телуге болмайды. Онда осы күнгі Орта Азия мен Қазақ-стан, Еділ-Орал бойлары, тіпті солтүстік Кавказ жерін мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элемент-тері бар. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' кітабы тілінің сөздік қорында болса да, грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдарымен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мән-дес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы тұрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қажет екендігін дәлелдейді. 
&&&

$$$002-005-002$3.2.5.2 Сұрақ атауы 2 М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк» еңбегі.

Қазіргі түркі халықтарының орта ғасырдағы түрік әдебиетін, өмір салтын танып-білуде Махмұд Қашқаридың Диуани лұғат ит-түрк" атты еңбегі ерекше роль атқарады.

Махмұд Қашқари — он бірінші ғасырда өмір сүрш; еңбек еткен үлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол „Диуани лұғат ит-түрк" атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасады.

Әйтсе де „Диуани лүғат ит-түрк" тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге, ол түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек. Біз үшін еқ маңыздысы — автор түсіндірме сөздікке ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэ-зиялық шығармадан аса қүнды материалдар — түрлі тақырыптағы өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер т. б. көркем сөз үлгілерін енгізген. Әдеби шығармалар мен халықтық фольклордан алынған үзінділерді Махмүд Қашқари осы сөздіктегі әрбір сөздің мән-мағынасын окуышысына тереңірек түсіндіру үшін мысал ретінде алып отырған.


&&&

$$$002-005-100$Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. М.Қашқаридың философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.

2. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк» еңбегі.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. X. Иманжанов/. -Түркістан,1991

&&&

$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Дәрістің атауы. Жүсіп Баласағұн шығармашылығы.

1.Жүсіп Баласағұн – аса көрнекті ақын, данышпан-ойшыл, ғалым, белгілі қоғам қайраткері.

2. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясы.

3. Көркемдік ерекшелігі, танымдық маңызы.


&&&

$$$002-006-001$3.2.6.1 Сұрақ атауы 1 Жүсіп Баласағұн – аса көрнекті ақын, данышпан-ойшыл, ғалым, белгілі қоғам қайраткері.
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1020-?) Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған. 
Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әккесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түрік тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери-іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық-саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. 
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қараханид мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап «Дәрдә Хұсайын» («Хұсайынның қасірет») деген үй шығарған. Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған «Хас Хажыб» деген атақ берген. Жүсіп Баласағұнның аты жөніне «Хас Хажыбтың» тіркелуінің мәнісі де осында. «Хас Хажыб» араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді.
Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубайлары да болған. Мысaлы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең

Жүсіп Бала-сағұнның „Құтты білік" дастанының мемлекетті басқару істеріне, адамгершілік-мораль мәселелеріне арналғанын аңғартады.

Жүсіп Хас Хажиб Баласағүн — XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһур болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсак,, табиғаттану, риезиет (ма-тематика), фәләкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғүлама-ғалым ретінде жақсы мәлім болған.

Әйтсе де Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мүрасы — "ҚүтаАГУ біліг" ("Қүтты білік") дастаны. Бүл дастан қазіргі түркі тілдес халықіардың орта ғасьфдағы тарихы, қоғамдык, саяси-өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғүрпы, сенімі, т. б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.



Жүсіп Баласағүнның өмірі туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. „Қүтты білік" дастанының авторы жөнінде бірен-саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Бірақ бүл алғы сөздерді Жүсіптің өзі емес, кейінірек дастанды көшірушілердің бірі жазған болса керек. Ежелгі жыраулар өнернамасындағы мекеннен айрылу азасы Жиембетте де бар.

&&&

$$$002-006-002$3.2.6.2 Сұрақ атауы 2. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясы. Көркемдік ерекшелігі, танымдық маңызы

“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүниөзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. “Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен,жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді. Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік-этик. талаптар сипатталып көрсетілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.[2] “Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.

"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.

"Құтты білік" поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған МавераннахрШығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.

Басылуы, зерттелуі, аударылуы. Дастан жөнінде баспасөзде хабар беріп, нұсқасының бір бөлігінің 1823 жылы "Азия журналында" бастырып шығарған француз ғалымы ЖаубертАмадес.

Әуелі зерттегендер венрг ғалымы Г. Вамбери (бірнеше тарауын транскрипциялап,неміс тіліне аударды, сөздік жасады, соның бәрін қосып, 1870 жылы "Құтты білікті" жеке кітап етіп шығарды), В. Радлов (шығарманың зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен 20 жыл айналысты, бңрнеше тарауын неміс тіліне аударды ).

Зерттегендер – С. Малов, А. Самойлович; грамматикалық жағынан А. Щербак, Г. Әбдірахманов, У. Асанәлиев, А. Аманжолов, Ө. Қараев. Шетел ғалымдары Т. Танджей, А. Бомбачи, Р. Пелльо, С. Руткевич т.б.

ОРыс тіліне аударғандар Н. Гребнев, С. Иванов.

Өзбек тіліне 1972 жылы Каюм Каримов аударып, транскрипциясын жасап, зерттеген.

Қазақ тіліне 1989 жылы тұңғыш А. Егеубаев аударған. Аталғандардан басқа зерттеген қазақ ғалымдары Х. Сүйіншәл иев, Қ. Жарықбаев, А. Егеубаев.



Нұсқалары.

  • Вена (Герат). Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Герат нұсқасы деп атауының себебі, 1439 жылы Гератта көшірілген. Араб әрпімен жазылған нұсқадан ұйғыр әрпімен көшірілген. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі- Хасан Қара Сейіл. Бұл қолжазба Гераттан әлдекімдер арқылы Түркияға жеткізіледі. 1474 жылы біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді.1796 жылы Австрия ғалымы Иосиф фон Хаммер-Пуршаль қолжазбаны сатып алып, Венаның Корольдік кітапханасына сыйға тартады. Тұңғыш 1870 жылы Г. Вамбери Инсбург қаласында неміс тілінде бастырады. 1890 жылы Радлов жариялайды.

  • Каир. Араб әрпімен көшірілген.1896 жылы Каирден неміс ғалымы Б. Морий тапқан. 1898 жылы көшірмесін В. Радлов Петербург ҒА-ның Азия музейіне алдырған.

  • Наманган (...Ферғана). Оны 1913 жылы А.З. Валидов Наманган шаһарынан тапқан. Араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқа Өзбек ҒА-ның әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында.

С. Малов пікірінше, Каир, Наманган нұсқалары өзара жақын.

Үш қолжазбаның басын қосып, құрама толық транскрипциясының мәтінін жасаған түрік ғалымы Рәшит Рахмати Арат.



&&&

$$$002-006-100$Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Жүсіп Баласағұн – аса көрнекті ақын, данышпан-ойшыл, ғалым, белгілі қоғам қайраткері.

2. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясы

3. Көркемдік ерекшелігі, танымдық маңызы


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. X. Иманжанов/. -Түркістан,1991
&&&

$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс №7. Дәрістің атауы. Ахмет Иүгінеки шығармашылығы.

1. Ахмет Иүгінеки өмірі мен шығармашылығы.

2. А.Иүгінеки мұрасын зерттеуші қазақ ғалымдарының /А.Машанов, А.Қасымжанов, А.Көбесов, т.б./ еңбектері.
&&&

$$$002-007-001$3.2.7.1 Сұрақ атауы 1 Ахмет Иүгінеки өмірі мен шығармашылығы.

Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-ФарабиМахмуд Қашқари, жылы БаласағұниҚожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.

Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.

Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөзТіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды.Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.

Сонымен, X—XII ғасырларда дидактикалық сарындағы әдебиет кең өріс алды. Бүл заман талабы еді. Міне, осын-дай адамгершілік, мораль, этика мәселелері күн тәртібінде тұрған күрделі кезеңде „Хибатул-хақайык,", яғни „Ақиқат сыйы" атты дидактикалық сарындағы дастан өмірге келді.

Бұл дастанның авторы Ахмед Иүгінеки (Ахмед Махмұдұлы Жүйнеки)—XII ғасырдың орта кезі XIII ғасырдың бас кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл үланғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғүлама-ғалым болған. Ол туралы:

Ақындардың ақыны, даналардың көш басы, Гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады — деген өлең жолдары сақталған. Ол өз шығармаларын сол кезде кең тараған түркі тілінде жазған.

Болашак, ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы) туып өскені мәлім.

Ахмед Иүгінекидің біздің заманымызға дейін сақталып, жеткен жалғыз шығармасы бар. Ол — "Ақиқат сыйы" немесе „Шындык, сыйы" деп аталатын дастан. Бүл дастан орта ғасырдағы түркі тектес тайпалардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Тек шығарманың аты ғана „Хибатул-хақайық" деп арабша қойылған. Марғасқа Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелетін жеті мың жолдың «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты тарихи жырды алғаш жырлаушы деп шамаланады.
&&&


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет