Kz $$$umkd name$пэоәК «Ежелгі дәуір және Орта ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы»



бет6/7
Дата05.11.2016
өлшемі2,28 Mb.
#881
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Йассауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Йассауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Йассауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Йассауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.



&&&

$$$002-008-002$3.2.8.2 Сұрақ атауы 2 «Даналық кітабының» зерттелуі, тәржімалануы.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол ЫстамбұлҚазанТашкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.



Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Йассауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Йассауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Йассауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады. 

Йассауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлықменмендікөркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.


&&&

$$$002-008-003$3.2.8.3 Сұрақ атауы 3 С.Бақырғани шығармашылығы.

Сүлеймен Бақырғани – сопылық сарындағы хикмат-жырларымен есімі машһүр ақын. Ахмет Яссауидің фйилософиялық ой-пікірлерін ислам қағидалары бойынша жалғастырушы шәкірті.

Бақырғани кітабының негізгі идеясы – сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, ізгілікке, бауырмалдыққа үндеу. Гуманистік бағыттағы ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау.

Сүлеймен Бақырғани, Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата (12 ғ-дың 2-жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті. Еңбектері – Бақырған кітабы (қыпшақ тілінде жазылған өлеңдер жинағы), Хазрет Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы.

Өмірбаяны

Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келіпті. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ баба үрығы, Шайқы Ибраһим қүлыны, Машайықтар үлығы — Шайқым Ахмет Йассауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Йассауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сүлтанға шәкірт болған. Кейін Самарканд, Бүхара, Хорезм, Шам қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Әкім Ата деген атпен белгілі.



Еңбектері

Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) түратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғани пікірінше, қүдайдың сұлулығын пәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені карапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, қүдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылык жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сүраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тура алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгіл, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.



Әдеміліктің 3 түрі

Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген: 1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы; 2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі; 3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік қүрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылык ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Йассауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдық (бурыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. С.Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды.


&&&

$$$002-008-100$Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
1. «Даналық кітабының» зерттелуі, тәржімалануы

2. С.Бақырғани шығармашылығы


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. X. Иманжанов/. -Түркістан,1991
&&&

$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Дәрістің атауы. ХІІІ -ХҮ ғасырлардағы әдебиет. Алтын Орда дәуірінің әдебиеті.


  1. ХІІ-ХҮ ғасырларддағы тарихи-әлеуметтік жағдай.

  2. Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері

  3. Алтын Орда дәуірінің бізге жеткен үлгілер. Рабғузи қиссалары.


&&&

  1. $$$002-009-001$3.2.9.1 Сұрақ атауы 1 ХІІ-ХҮ ғасырларддағы тарихи-әлеуметтік жағдай.

Алтын Орда дәуірінің әдебиеті XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап XV ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қамтиды. Ал, бүл дәуір тарихта қыпшақ даласы мәдениеті мен ғылымының едәуір өркендеген кезеңі саналады. Алтын Орда мемлекетінің түркі тайпаларының басым көпшілігі қыпшақтар еді. Сол себепті әдеби туындылар, тарихи шежірелер, ресми қүжаттар негізінен Алты Орда қыпшақтарының тілінде жазылды.

Бұл туралы атақты араб филологы Әмин әл-Холи Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласы XIII—XIV ғасырларда ғылым мен мәдениеттің аса ірі орталығы болғанын хабарлайды. Ол Алтын Орданы билеуші әміршілер ішінен, әсіресе, Берке, Өзбек, Жәнібек хандар-ды аса білімді, түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін көп оқыған, сөзге шешен, өнер мен өлеңге қуштар адам-дар деп көрсетеді. Бүлардың түсында Египет пен Хорезмнің ең дарынды ғалымдары, ақындары, әншілері, күйшілері, т. б. Сарай қаласында тұрды. Осы кезде Алтын" Орданың астанасына есімі әлемге мәшһүр Құтуб ад-Дин ар-Рази, Садад-Дин ат-Тафтазани, Жәлел ад-Дин, Хафиз ад-Дин ал-Баззави, Ахмад ал-Хаджандари сияқты әдебиетші, тілші, тарихшы, философ ғалымдар келген болатын.


&&&

$$$002-009-002$3.2.9.2 Сұрақ атауы 2 Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері

Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.

Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки», («Түркi тiлiндегi Гүлiстан», Құтбтың «Хосрау — Шырын», Дүрбектiң «Жүсiп — Зылиха» дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң «Қиссасул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi — «Кодекс куманикус» атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi. "Кодекус куманикус кітабы"

Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк» («Түрiк шежiресi»), Қадырғали Жалайыридiң«Жамиғ-ат тауарих» («Шежiрелер жинағы»), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме»Мұхаммед Хайдар Дулаттың«Тарих-и Рашидиi» ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этикалық-дидактикалық мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-философиялық трактаттар, ғибрат сөздер, т.б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логикалық, тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты.



&&&

$$$002-009-003$3.2.9.3 Сұрақ атауы 3 Алтын Орда дәуірінің бізге жеткен үлгілер. Рабғузи қиссалары.

Орта ғасырлардағы шығыс ертегі-аңыздарының, мифтік сюжеттердің шағын әңгіме-повесть, өлеңдерінің жинағы. Олардың көпшілігі күні бүгінге дейін қазақ ертегілерінде айтылады. 1310 жылы Насреддин Тоқбұғы бек деген кісіге арналып жазылған. Туындыгері-Рабат Оғыз қыстағының қазысы Бурһанеддинұлы қазы Насреддин.

А. Қыраубаева: Жалпы мазмұнын былай бөліп қарастыруға болады:

1. Табиғат, жаратылыстың пайда болу жайындағы;

2. Әулие-әнбиелер жайындағы діни-мифологиялық әңгімелер, аңыз-қиссалар;

3. Тарихи, діни ұайраткерлер туралы қисса-хикаялар;

4. табиғат, жаратылыс туралы мифтер;

Мұнымен қоса, автордың өз жанынан шығарған өлеңдері де бар. Онда жыл мезгілдері, көктем айындағы жер дүниенің өзгерістері жырланады. Тағы бір өлеңде шығармашылық еңбек сырын баяндайды.



Басылуы, зерттелуі, аударылуы. 19-20 ғасырдың басында Қазақ, Ташкент қалаларынан соны рет қайталанып басылып шығып, ел арасында кеңірек танымал болған.

Көшірме нұсқалары. Ең ескі көшірме қолжазбалары Лондондағы Британия музейінің кітапханасында, Санкт-Петербургтегі М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада сақталған. Бірнеше көшірмесі бұрынғы Кеңестер Одағы Ғылым Академиясының Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімінің кітапханасында бар. Ең алғаш 1859 жылы Н.И. Ильминский Қазақ университетінің баспаханасынан толық мәтінін бастырып шығарған.

Қазақстанда бірінші рет1867 жылы профессорБ. Кенжебаевтың басшылығымен "Ертедегі әдебиет нұсқалары" атты хрестоматияға енгізді. Мұндағы үзінділер 1914ж. Қазан баспасынан алынған.


&&&

$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері

2. Рабғузи қиссалары.

3. Алтын Орда дәуірінің бізге жеткен үлгілер.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. X. Иманжанов/. -Түркістан,1991

&&&

$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10. Дәрістің атауы. Насреддин Рабғузи «Кодекс Куманикус» еңбегі.


  1. Н.Рабғузи - Алтын Орада дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі

  2. «Рабғузи қиссаларындағы» қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен махаббат.

  3. «Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі.


&&&

$$$002-010-001$3.2.10.1 Сұрақ атауы 1 Н.Рабғузи - Алтын Орада дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі

Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы,халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар,өлең-жырлар жинағы.


&&&

$$$002-010-002$3.2.10.2 Сұрақ атауы 2 «Рабғузи қиссаларындағы» қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен махаббат.
XІV ғасырдың басында Насреддин Рабғузидің халық арасында "Қиссас ул-әнбия" деген атпен көбірек мәлім "Қисса-и Рабғузи" деген қолжазба кітабы пайда болды. Қолжазба ғасырлар бойы бірнеше рет көшіріліп, көптеген көшірме нұсқалары көптеген елдерге тарады. ХҮ ғасырға жататын ең ерте нұсқасы Британ мұражайында сақтаулы. Ол 1990-1991 жылдары Ташкентте басып шығарылды. Автор Мауараннахрда, Рабати Оғыз деген жерде туған (оның Рабғузи деген бүркеншік аты да содан шыққан).

Кітап Мұхаммедке дейінгі пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің өзі мен мұсылман халифтарының өмірін баяндауға арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы туралы және Жер бетінде жаңа тіршіліктің басталуы туралы мифологиялық әңгімелер, түрлі аңыздар, ертегілер мен мысал әңгімелер бар. Жекелеген хикаялар ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мысалы, ат-Табари "Тарихына" барып тіреледі.

"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері; б) хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер. Осылардың бәрі ислам діні тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді фольклорлық дәріптеу айқын байқалады. "Қисас ул-әнбия" құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда автордың үлкен дарын иесі екенін дәлелдейтін дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер көп. Бұл ретте Жүсіп пен Зылиха туралы хикаяттағы махаббат сипатындағы өлең жолдары ерекше назар аударарлық. Ал құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық мағынасы да зор, оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар.
&&&

$$$002-010-003$3.2.10.3 Сұрақ атауы 3«Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі.

"КОДЕКС КУМАНИКУС", "Қыпшақ тілінің сөздігі"— кумандардың (кыпшақтардың) тілінде жазылған діни мәтіндер (текстер) мен сөздіктер (13-14 ғ-лар). Көлемі 82 парақ (бірінші бетінде "1303 жыл" деген жазу бар). Бұл қолжазба парақтарының бір кітап боп жиылып, түптелген кезі болса керек, материалдары ертеден бері айтылып жүрген сездерден кұралған). Енбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Соңғы мәліметтерге қарағанда, түпнүсқасы 1294 ж. жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 ж. жасалған, ол толығымен 1330 ж. көшіріліп біткен (Л.Лигети). Бірінші бөлімі Қырымда (Солхат қаласында) генуя авторының қолынан шыққан.

«Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ.

«Кодекс Куманикус» - /1303 ж. жазылған/ екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім: «Латынша, парсыша, куманша сөздік».

«Кодекс Куманикус» - жұмбақтар, христиандар діни аңыздарынан түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар .

«Кодекс Куманикусты» зерттеуші, тәржіма жасаушы, бастырып шығарушы ғалымдар /Г.Ю.Клапрот, Г.Кун, В.В.Радлов, К.Гренбек, Ә.Құрышжанов/ туралы.


&&&

$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Н.Рабғузи - Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі

2. «Рабғузи қиссаларындағы» қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен махаббат

3. «Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд. X. Иманжанов/. -Түркістан,1991
&&&

$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Дәрістің атауы. Хорезми мен Құтб шығармашылығы.
1. "Мұхаббат-наменің" қолжазба нұсқалары, зерттелуі.

2. Дастанның көріктеу құралдары, өлең құрылысы, тілі.

3. Құтб аудармасының көркемдік ерекшеліктері.
&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 Сұрақ атауы 1 "Мұхаббат-наменің" қолжазба нұсқалары, зерттелуі.

Хорезми Равандидің "Мұхаббат-наме" атты лирикалық поэмасы XІV ғасырдағы көркем әдебиеттің тамаша үлгісі болып табылады. Оның авторы мен поэманың жазылу тарихы туралы мәліметтер туындының өзінде бар. Онда Хорезмидің көп саяхат жасағаны, Рум (Византия) мен Шамда (Сирия) болғаны және "Мұхаббат-намені" Ақ Ордада тұрған кезінде Сырдария жағасында 754 жылы (хижра бойынша), яғни 1353-1354 жылдарда бітіргені айтылады. Автордың өзі жазғандай, поэма қоңырат бегі Мұхамедқожаның өтініші бойынша жазылған. Ол 1342 жылы ағасы Тыныбекті өлтіріп, төңкеріс жасау барысында таққа келген Жәнібек ханның туысы. Жәнібек елді 1342-1357 жылдары билеген.

Біздің заманымызға дейін жеткен Хорезми қолжазбалары көшірмелер болып табылады. Зерттеушілер кейінгі кезге дейін "Мұхаббат-наменің" екі көшірмесі сақталған деп санап келді: бірі - араб, екіншісі ұйғыр қарпімен жазылған, екеуі де Британ мұражайында сақтаулы. Алайда түрік ғалымдарының жинақтаушы еңбегінде "Мұхаббат-наменің" Стамбул кітапханасында тағы да екі көшірмесі бар екені айтылады.

"Мұхаббат-наме" - орта ғасырлардағы түркі әдебиетіндегі түрі мен мазмұны жағынан жаңа үлгідегі туынды. Ол ғашық жігіттің өз сүйіктісіне жолдаған хаттары түрінде жазылған. Поэма бірнеше бөліктен тұрады: құдіреті күшті жаратушыға жүгіну, поэмаға тапсырыс берген Мұхамедқожа бекті мадақтау, сүйіспеншілік өлең хаттары, рақым жасауды өтініп, құдайға қайта жалбарыну, өзін-өзі сипаттау және өзі туралы әңгімелеу. Сүйіспеншілік хаттар мен жекелеген бөліктер арасында автордың тыңдаушылар мен шарап құюшыларға арналған сөздері беріледі. Поэманың мазмұны таза махаббатқа құрылған. Лирикалық кейіпкер 11 өлең хат жолдайды, оларда өз сүйіктісін көркем суреттеп, оған өзінің ғашықтық сезімін білдіреді, оның сырт келбетін бейнелеп, мінез-құлқын сипаттайды.

Хорезмидің "Мұхаббат-наме" поэмасы Дешті Қыпшақтың рухани мәдениетінде қарапайым адамның жоғары сезімін жырлайтын жаңа әдебиеттің негізі қаланғандығын айшықтады.

Еділ сағасындағы Сарай қаласынан шыққан аса көрнекті ақындардың бірі Қүтб еді. Ақын XIV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген. Алғашта Қүтб Сырдария бойын-дағы мәдени орталықтардың бірі Сығанақ қаласында түрады. Ал, Тыныбек Алтын Орда мемлекетінің тағына отырған кезде ол Сарай қаласына қоныс аударды. Кейінірек ол мәмлүктік Египетке барып, сонда тұрып қалған.

Құтб ақынды қыпшақтар арасында „Құтбы" немесе „Құтып шайыр" деп те атай берген. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет жоққа тән. Тіпті оның толық аты-жөні де белгісіз. Құтб — ақынның лақап аты болса керек. Құтбтың біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған жалғыз шығармасы бар. Ол — „Хұсрау уа Шырын" дастаны. Бұл шығарма — әзербайжан халқының кемеңгер ойшылы, үлы ақыны Ілияс Жүсіпүлы Низамидің „Хұсрау мен Шырын" атты поэмасының аудармасы. Оны түпнүсқадан, яғни парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударма жасаған ақын Құтб болды.
&&&

$$$002-011-002$3.2.11.2 Сұрақ атауы 2 Дастанның көріктеу құралдары, өлең құрылысы, тілі.

Хат түріндегі дастан.



Нұсқалары. Екі көшірмесі бар. Ұйғыр(1432) және араб(1503-1509). Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы А.М. Щербактың аудармасы арқылы жақсы таныс, ал араб әрпіндегі нұсқасын Э.Н.Наджип орыс тіліне аударып зерттеген. Араб нұсқасы әлдеқайда толық, дұрыс сақталған.

Зерттелуі, аударылуы.Екі аудармасы жасалған: А. Қыраубайқызы (1983) және Ө. Күмісбаев пен М. Жармұхамбетов (1985).

Тілі. Екі тілде жазылған. Сегіз хаты түркі тілінде, үшеуі парсы тілінде.

Тақырыбы, идеясы. А. Қыраубайқызы: "А. Яссауидың сопылық поэзиясының әсерімен жазылған. Қыздың тал бойындағы мінсіздікті суреттеу-Алланың шеберлігін мабақтау болып табылады".

Хорезмиге дейін нама жанрында дастан жазу түркі поэзиясында болмаған. Әсіресе, "жауаптасу-хат" түріндегі наманы Хорезми "арнау хат" жазу арқылы байытқан. Наманың шығысқа белгілі үлгілері араб әдебиетіндегі "тарассульден" тарайды. Тарассуль арабд-тың "хат", "арнау" деген мағынаны білдіретін "рисала" сөзінен шыққан. Бұл жанр 13-ғасырда араб мемлекетінде ресми іс-қағаз стиліне мұқтаждық туған кезде пайда болған. Негізгі белгісы-біреуге немесе көпшілікке арнау ретінже юазылады. Ұйқастың әрі ырғақты қара сөз –"саж" өрнегімен орындалады. Өлең, мақал-мәтел, құран үзінділері көп қолданылған.

Дастанда ренессанстың белгілері байқалады (туындыгердің өз ана тілін құрметтеуі, сол заманда поэзия парсы тілі болып қалыптасқанм ен, ана тілінде жазуы, кейіпкердің жан дүниесін, сезім толқуын нәзік суреттеуі).

Дастанда "шарап культі" жырланады. Шығыс поэзиясындағы "шарапқа мас болу" ұғымының мәні тереңде. Шарап-бұл жерде симфолдық нышан ғана. Алланы жүрекпен танып-білуге ұмтылған, аллаға ғашық, жаны пәк адамның жан рахатының семіргендей күй кешуі, сезім күйі ғана. Мас болу - алланы сүюден жан рахатына бөленгенін елестететін нышан.

Дастанның "Хикаят" аталатын шағыт бөлімі шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек. Айтар ойы-азға қанағат тұту, дәстүрлі әдет-салтты сақтау, ақыл-парасатты материалдық құндылықтардан артық қою.

Дастанның көркемдік дастаны қазақ әдебиетінде көбірек сақталған.



Көркемдігі. Араб, парсы поэзиясының түрлері байқалады. Мысалы, бәйіт, ғазал, мәснәуи т.б. Жалпы алғанда, аруз өлең өлшемімен жазылған лирикалық дастан деуге болады.

&&&

$$$002-011-003$3.2.11.3 Сұрақ атауы 3 Құтб аудармасының көркемдік ерекшеліктері.

Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі шығармалардың бірі - "Хұсрау-Шырын" дастаны, оның авторы - шыққан тегі қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы - Сығанақ қаласында туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл туындысын билеуші Тыныбек пен оның әйелі Мәлике ханымға арнағаны мәлім. Автор дастанының түпнұсқасын билеушіге тарту еткен болуы мүмкін, өйткені ақын билеушіден өзін қызметке қабылдауды өтінгенде әмірші Құтбтың тілегін орындаған. Алайда Тыныбек елді ұзақ билеген жоқ, кейбір деректер бойынша - 1337 жылдардан 1340 жылға дейін, басқа деректерге қарағанда 1342 жылғы наурыздан 1343 жылдың басына дейін ғана билік еткен. Сарай төңкерісі нәтижесінде Тыныбекті өз інісі Жәнібек өлтірген, ал Құтбтың одан арғы тағдыры туралы деректер жоқ.

Негізінен Құтб өз дастанын 1341-1342 жылдарда жазып бітірген. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болса керек. Дастанның бір көшірмесін қыпшақ ақыны Берке Факих (Берке ибн Беракез ибн Едгу Қыпшақи) Мысырға алып кетіп, онда 1383 жылы өзінің туысы Құттықожаның өтінуімен дастанды қайта көшіріп жазған, бұл қолжазба қазір Париждің ұлттық кітапханасында 312-нөмірмен сақтаулы. Оның Парижге қалай жеткізілгені жұмбақ күйінде қалып отыр. Алеппода (Александрияда) болған қолжазбаның Наполеон экспедициясының Солтүстік Африкаға жорықтары кезінде әкетілген болуы әбден мүмкін. Ғалымдар XX ғасырда нақ осы қолжазбаны ғылыми айналымға енгізді және ол қазір де зерттелуде.

Құтбтың "Хұсрау-Шырын" дастаны Низамидің осы аттас дастанының сарыны бойынша назира үлгісінде жазылған. Құтб Низами поэмасының бүкіл желісін сақтап, негізгі эпизодтары мен басты кейіпкерлерін өзгеріссіз қалдырған. Низами сияқты ол да өз дастанында шексіз таза махаббат пен мінсіз билеуші тақырыптарын өрбітеді. Екі тақырып та шексіз берілген махаббат - адам мен қоғамның жетілуіне бастайтын негізгі кілт, махаббат - адамды тазартып, оған ізгілік беріп қана қоймай, оны өзгертетін де сезім деген идеяға сүйенеді.

Әділ билеуші және мінсіз (ізгі) қоғам идеясы халықтың утопиялық хикаяларында және Ибн Сина, әл-Фараби мен басқа да ойшылдардың ғылыми трактаттарында ежелден сөз болып келген болатын. Ол Фирдоусиде, Құл Ғалиде, Низамиде көркем көрініс тапты. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастаны Құтб үшін тікелей дерек көзі болды, сондықтан да екі ақында мінсіз билеуші мен әділетті қоғам тұжырымдамасы үндесіп жатады. Құтб пен Баласағұнидың ойларынша, халықты дана әрі әділ адам басқаруға тиіс, ол ең алдымен халықтың игілігін ойлап, өз маңындағы адамдарға, ұлықтар мен шенеуніктерге қатаң бақылау жүргізуге және қиянат жасағаны үшін оларды аяусыз жазалауға міндетті. Егер әмірші мұндай болмаса, ол ел қарғысына ұшырайды.

Құтб "Хұсрау-Шырын" сюжетін көркемдік жағынан дамытуда Низамиді барлық жағынан қайталамайды. Құтб кейіпкерлердің диалогтарын қысқаша береді, сондай-ақ ирандық өмір шындығын түркілік тұрмыс сипатымен ауыстырады: сасанид билеушілерінің емес, Алтын Орда хандарының өмірі мен тұрмысын көрсетеді, Дешті Қыпшақ табиғатын суреттейді. Құтб өз кейіпкерлерінің, әсіресе әйел кейіпкерлердің бейнелерін әйелдердің өмірдегі ролін түркілік түсінікке, Алтын Орда дәуіріндегі әйелдердің нақты қоғамдық жағдайына сәйкес бейнелейді.

Низами аудармасы. Сюжетті сақтай отырып, еркін, өз елінің жағдайына сәйкестендіріп, түркі оқырманының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап жазылған. Тынысбек шаһзананың тұсында 1341-1342 жылдары жазылған екен. Ғашықтықты, жақсылықты, ізгілік пен адамгершілікті үлгі етеді.Дастандағы негізгі бір ой-өмірдің өтпелілігі турады. Шығыс халықтарына кең тараған әдеби сюжетке құрылған. Бұл тақырыпты алғаш жырлаған Фирдоуси болса, одан кейін Низами, Әмір, Хұсрау, Жәми, Науаилер де қалам тартқан. Дастанға арқау болған кейіпкерлер-590-628 жылдары Иранды билеген, Өз баласы Шируяның бұйрығымен өлтірілген патша Хосров Парвиз Бен оның әйелі Шырын.

Бас жағы түркі поэзиясының дәстүрі Алла тағалаға тілек етумен басталады. Одан соң өзі шығарманы арнап отырған Тынысбектің жұбайы Мәликені дәріптейді.



Басылуы, зерттелуі. Париж ұлттық кітапханасында сақтаулы. Көшірген ақын-Берке Факих. Транскрипциясын поляк ғалымы А. Зайончковский 1961 жылы латын әрпімен жаниялаған. Қазақ тіліне аударып, тілдік тұрғыдан зерттеген-Ә. Ибатов.
&&&

$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. "Хұсрау-Шырын" дастанының негізгі тақырыбы.

2.«Хұсрау-Шырын» дастанының қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындастығы, үндестігі, композициялық құрылысы.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд.
&&&

$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12. Дәрістің атауы. Сайф Сарай мен Дүрбек шығармашылығы.

1. "Гулистан бит-түрки"(1391 ж.) - прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркем шығарма.

2. Э.Н.Нәжіп - "Гулистан бит-турки" қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы түрколог-ғалым.

3. "Жүсіп-Зылиха" дастанының зерттелуі.


&&&

$$$002-012-001$3.2.12.1 Сұрақ атауы 1 "Гулистан бит-түрки"(1391 ж.) - прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркем шығарма.

Сайф Сараи – Алтын Орда әдебиетінің 14-ғ. Аса көрнекті өкілдерінің бірі. С.Сараи – лирик және эпик ақын, аудармашы. «Гүлстан» /1391 ж./ прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркем шығарма.

Бұл поэма парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы.

Алтын Орда дәуіріндегі тек ғашықтык, дастандар ғана емес, сонымен бірге дидактикалық сарындағы көркем ту-ындылар да жазылғаны мәлім. Солардың бірі ақын Сайф Сараидың „Гулистан бит-турки" яғни „Түркі тіліндегі Гүлстан" дастаны болды.

Сайф Сараи — Алтын Орда әдебиетінің XIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі еді. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес халықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде да-ми түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер.

Сайф Сараи шығармашылығын ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті ғалым Ә. Н. Нәжіп ақын өз шығармаларының бәрін қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қыпшақтар ішінде кейінірек қазақ халқының негізін қүраған ру-тайпалардан шыққанын ерекше атап көрсетеді.

Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақталмаған. С. Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол „Гулистан бит-турки" ("Түркі тіліндегі Гүлстан") деп аталады. Ақын бүл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай қаласында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жа-зып бітірген екен. Бұл өзі парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің „Гүлстан" атты шығармасының еркін аудармасы.
&&&

$$$002-012-002$3.2.12.2 Сұрақ атауы 2 Э.Н.Нәжіп - "Гулистан бит-турки" қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы түрколог-ғалым.

Сайф Сараи-Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ ғ аса көрнекті өкілі. С.Сараи-лирик және эпик ақын, аудармашы. «Гүлстан бит-түркидің» (1391ж)-прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркм шығарма екендігі. «Түркі тіліндегі Гүлістанның»парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди-Ширазидың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі

Гүлстанның» парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі Гулистан» қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы.

Э.Н.Нәжіп - «Гүлістан бит-түрки» қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы тюрколог-ғалым.

Дастанның компазициялық құрылысы, тілі.

Қисса-хикаят түрінде баяндалатын 8 тараудан тұратыны,1-ел билеуші әкімдер туралы; 2-халық бұқарасы жайында; 3-қанағат жайында, 4- тілге сақ болу туралы, 5- жігіттік шақ хақында, 6- кәрілік туралы,7- тәлім-тәрбие жайында, 8- әңгімелесудегі әдептілік туралы.

Көркемдік ерекшеліктері, бейнелеу құралдары, тілі.
&&&

$$$002-012-003$3.2.12.3 Сұрақ атауы 3 "Жүсіп-Зылиха" дастанының зерттелуі.

Дүрбек – 14 ғ. Соңы мен 15 ғ. Басы кезінде өмір сүрген ақын. Жүсіп пен Зылиқа арасындағы махаббат туралы қисса-хикаяттар кезінде Шығыс әдебиетінде кең тарағаны туралы.

Дүрбек Шығыста кең тараған Жүсіп пен Зылиқа туралы тартымды сюжеттерді бетке ұстай отырып, өзінің төл туындысын жазған.

«Жүсіп-Зылиқа» дастанының негізгі идеясы – ел билеушілер арасында тәж Бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстарды, туыс адамдар арасындағы алаауыздық зардаптарын паш ету.

Дүрбек «Жүсіп-Зылиқа» сюжетіне тұңғыш реет түркі тілінде көркем туынды жазған ақын екендігі.

«Жүсіп-Зылиқа» дастанының басты қаһармандары – Жүсіп, оның 11 бауыры, Зылиқа, Жүсіптің әкесі Жақып, Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр патшасы Райян, т.б.

Дастанның зерттелуі. \Е.Э.Бертельс, С.Хайдаров,В.Валихожаев\

Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқа» дастаны негізінде назирагөйлік дәстүрі бойынша қазақтың бірқатар «кітаби ақындары» хисса-хикаяттар жазғаны.


&&&

$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1."Түркі тіліндегі Гулистанның" композициялық құрылысы, көркемдік ерекшеліктері, бейнелеу құралдары, тілі.

2. "Жүсіп-Зылиха" дастанының идеялық мазмұны.

3. "Жүсіп-Зылиха" дастанының басты қаһармандары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд.

&&&

$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Дәрістің атауы. Әбілғазы мен Қадырғали Жалайыри әдеби мұрасы.

1. "Шежірелер жинағының" алғашқы басылымдарының зерттелуі.

2."Түркі шежіресінің" алғаш табылуы, басқа тілдерге тәржіма жасалуы, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі.
&&&

$$$002-013-001$3.2.13.1 Сұрақ атауы 1 "Шежірелер жинағының" алғашқы басылымдарының зерттелуі.

Қазақ халқының көне тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне тікелей қатысты түркі жазба ес-керткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадурханның „Шежіре-и түрік" ("Түріктер шежіресі") атты кітабы ерекше орын алды. Бұл шежіре тоғыз тараудан тұрады. Шежіренің 1 —2 тарауларында Адаматадан бастап, Шыңғысханға дейінгі оқиғалар, ал 3—5 тарауларында әлем әміршісінің Шағатай және Төле деген үлдарының Мауараннахр, Моңғолстан, Иран және Қашқария жерінде билік жүргізуі, 7—8 тарау-ларында Жошы балаларының Дешті Қыпшақтағы әкімшілік істері, қазақ хандары, шешендері мен ақындары туралы әңгіме болады. Автор қара сөздің өзін бейне бір ұзақ жыр-толғау секілді ырғақпен, үйқаспен айтады. Мәселен: „Меңліхан тағы бир неша иллар ет жеп, кимиз ішіп, айдай, күндей сулулани қүшып, сынаптай йорғаларни мініп, көңлі тиген иерлерге учиб, ол дүниеге кетті. Қазақ тілі тарихы мен қазақ әдебиеті тарихын танып-білуде баға жетпес жазба ескерткіштердің бірі — Қадырғали Жалайыридың „Жамиғ-ат-тауарих" ("Шежірелер жинағы") атты шығармасы. Бүл шежіре 1602 жылы Россияда жазылғаны мәлім. Мүнда XIV—XVI ғасырлардағы қазақ елінің ішкі және сыртқы жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, біркдтар қазақ ханда-рының генеалогиясы, сахарадағы саяси-әлеуметтік оқиғалар айтылады.



&&&

$$$002-013-002$3.2.13.2 Сұрақ атауы 2 "Түркі шежіресінің" алғаш табылуы, басқа тілдерге тәржіма жасалуы, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі.
«Түркі шежіресінің» зерттелу тарихынан атты бірінші бөлімде қазақ тіл біліміндегі лингвоперсонология (лингвистикалық тұлғатаным) саласына қатысты мәселелер, атап айтқанда, шежіренің зерттелу тарихы, ондағы тарихи және тілдік деректердің шектестігі мен өзара қатынастары, шығарма материалын лингводеректанымдық тұрғыдан қарастыру т.б. мәселелер сөз болады. 

ХVІІ ғасырдағы жазба ескерткіштердің ішінен Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и түркі» атты кітабы елеулі орын алады. Оның себебі, біріншіден, кітап авторының өз заманының білімді, жан-жақты, даярлығы бар (тарихшы, ақын, полиглот, жауынгер т.т.) адамы болуында болса, екіншіден, оның шығармасының тарихи, әдеби, тілдік жақтарының аса құндылығында. Оның дәлелін Әбілғазының өзі келтірген мына сөздерінен көруге болады. Ол өз кітабының кіріспесінде былай дейді: «Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жетік меңгердім. Біріншісі − әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі, т.б.; екіншісі – ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түркі тілінде месневи, қасид, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; үшінші – бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу». Одан әрі Әбілғазы өз өнерлерінің дәрежесінен де хабардар етеді. «Егер Иран мен Үндістанда менен асатын ақын не көп тіл білетін білімді адам жоқ десем, жалған айтқандық болар. Бірақ мен білетін мұсылман немесе кәпір елдерінде қазіргі кезде әскери өнерді менен жетік білетін ешкім жоқ», − дейді [3,14 б.]. 


Бұл шығарма – Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған ірілі-уақты оқиғалар мен сол тұстағы мемлекет басқарған қайраткерлер жүргізген саясат жайындағы жылнама. Оның шежіре деген аты болмаса, ол жоғары ғылыми деңгейде жазылған шын мәніндегі тарихи шығарма деуге болады. 

Біз оқырман ретінде де, зерттеуші ретінде де уақыт кеңістігінде өзімізден едәуір алшақ тұрған мәтінмен жұмыс істейміз. Яғни бұл жағдайда тек осы мәтін ғана автордың өзін-өзі таныстыру, көрсету құралы рөлін атқарады, оның дүниені қабылдауының, құндылықтар жүйесінің, өмірлік ұстанымдары, мақсат-мұраттары, бағдарлары мен сөзжұмсамдық мінез-құлқының ерекшеліктері жөнінде мәліметтер береді. Осыған орай, ТТ-ның қалыптасуына үш түрлі экстралингвистикалық фактор үлкен ықпал ететінін атап айтқанымыз жөн. Олар: әлеуметтік, ұлттық-мәдени, психологиялық факторлар. 


Зерттеу барысында Шыңғыс хан ұрпағы, Араб Мұхаммед ханның ұлы Хиуа билеушісі Әбілғазы баһадүрдің «Шежіре...» беттерінен аңғарылатын қолданыстық (сөзжұмсамдық) мінез-құлқының ерекшеліктеріне назар аударылады. Бұл проблема Әбілғазының өз қолтаңбасын танытатын мәтінтүзімдік тәсілдері мен оның жиі қолданатын тілдік «доминанттарын» (басымдықтарын) айқындау қажеттілігін туындатады. Сондай-ақ автордың «Шежірені» жазу барысында өз заманындағы жалпыхалықтық немесе жалпытүркілік сөздік құрамнан тілдік құралдардың белгілі бір тобын іріктеп, таңдап алуына себеп болған алуан түрлі мәтіндік және экстралингвистикалық факторларды анықтаудың да маңызы зор. Осымен байланысты Әбілғазы баһадүр тұлғасын оның жазба мұрасы «Түркі шежіресінің» материалы негізінде сипаттау ТТ-ның Ю.Н. Караулов ұсынған құрылымдық моделінің когнитивтік және прагматикалық деңгейлерінде жүзеге асырылмақ.
&&&

$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Әбілғазының «Түрік шежіресі» жинағы. Оның басқа тілдерге аударылуы, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі.

2. Қадырғали Жалайыридің «Жамиғ-ат тауарих» шежіресі.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд.
&&&

$$$002-014-000$3.2.14 Дәріс №14. Дәрістің атауы. Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» еңбегі.

1. "Тарих-и Рашиди" тарихи шығарма.

2. "Тарих-и Рашидидің" зерттеуші, аудармашылары.
&&&

$$$002-014-001$3.2.14.1 Сұрақ атауы 1 "Тарих-и Рашиди" тарихи шығарма.

Мұхаммед Хайдар Дулати — қазақтың есімі әлемге мәшһур тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф.



Ұлы ғалымның әкесі Мұхаммед Хусейн кезінде Моғолстан мемлекетінің билеушісі болған Сүлтан Махмүд ханның туған қарындасы Хуб Нигар ханымға үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидің анасы Хуб Нигар ха-ным — Моңғолстанның әміршісі Жүніс ханның кенже қызы. Ал, Жүніс ханның түңғыш қызы Михр Нигар ханым — аты әлемге әйгілі Захириддин Мұхаммед Бабырдың анасы.
&&&

$$$002-014-002$3.2.14.2 Сұрақ атауы 2 "Тарих-и Рашидидің" зерттеуші, аудармашылары.

«ТАРИХИ РАШИДИ» – «Рашидтің Тарихы» – 1499 – 1551 жж. өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи Рашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесінде жазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі МоғолстанныңШығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. ҚазақстанОрта АзияАуғанстанСолтүстік ҮндістанТибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. «Тарихи Рашиди» парсы тілінде жазылған шығарма. Ол екі бөліктен (дафтар) тұрады және 1541/42 жылы екінші бөлік, ал 1546 ж. бірінші бөлік жазылған. Бірінші дәптер хронологиялық жағынан алғанда Моғолстан мен Қашқариядағы Тоғылық Темір ханнан (1347/48 – 1362/63 жж. билік құрған) Рашид ханға (1533 билікке келген) дейінгі кезеңді қамтиды. 70 тараудан тұратын бірінші дәптер тарихи баяндау түрінде жазылған. Екінші дәптер мемуарлық сипатта жазылып, автордың дүниеге келген кезінен 1541/42 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл дәптер 117 тараудан тұрады, көлемі жағынан бірінші дәптерге қарағанда 4 есе көп. Кітаптың «Тарихи Рашиди» деп аталуының үш себебі болған: 1) Тоғылық Темір ханды ислам дініне енгізген Аршададдин шейхтың құрметіне; 2) Тоғылық Темір ханның өз халқын дұрыс жолмен (Рушд) бастап жүргенінің құрметіне; 3) Сол кездерде Қашқарда билік құрып отырған Абдрашид ханның құрметіне арналған. «Тарихи Рашидидің» тарихи және мемуарлық бөліктерінде Моғолстандағы Шағатай әулеті билеушілерінің тарихы жүйелі түрде баяндалады, дулат тайпасы әмірлерінің өміріне қатысты тарихи жәйттер суреттеледі. Сондай-ақ, Орта Азияда Темір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары, моғол хандарының Қазақ хандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің ортағасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұл еңбекте 15 ғ. ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозыбасы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. аяғына дейінші Қазақ хандығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің деректеріне моғолдар арасында Шағатайлық хандарға, дулат әмірлеріне қатысты кең таралған тарихи аңыз-әңгімелер, автордың өзі көріп, қатынасқан оқиғаларды баяндауы, сондай-ақ, тарихшылар: Йаздидің, Рашид ад-Диннің, Қаршидің, Йақуттың, Жувейнидің, Абдразақ Самаркандидың еңбектеріндегі мәліметтер негіз болған. «Тарихи Рашиди» Шығыста кең тараған және танымал болған шығарма. Көптеген ортағасырлық авторлар: Амин бен Ахмед Рази, Хайдар бен Али Рази, Махмуд бен Уәли, Шах Махмуд Уорас, Мұхаммад Қасим Фиришта және т.б. Орталық АзияШығыс ТүркістанҮндіАуғанстан тарихына қатысты тарихи, географ. мәліметтерді «Тарихи Рашидиден» алған. «Тарихи Рашидидің» нұсқалары әлемнің көптеген қалаларының қолжазбалар қорында, ТМД елдері ішінде Санкт-ПетербургТашкентДушанбе қалаларында сақтаулы.Еуропа ғалымдары ішінде «Тарихи Рашидидің» деректерін В.Эрскин 19 ғ. ортасында пайдаланса, Денисон Росс 1895 ж. алғаш рет еңбекті ағылшын тіліне аударып, баспадан шығарады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққа шықты.

&&&

$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Мұхаммед Хайдар Дулати—қазақтың тұңғыш тарихшысы.

2. Ғалымның «Тарихи- Рашиди» еңбегінің ғылыми маңызы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд.
&&&

$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №015. Дәрістің атауы. Бабыр «Бабырнаме» еңбегі.


  1. "Бабыр-наменің" зерттелуі, тәржімалануы.

  2. "Бабыр-наменің" идеялық мазмұны, тарихы, әдеби мәні, тілі.


&&&

$$$002-015-001$3.2.15.1 Сұрақ атауы 1 "Бабыр-наменің" зерттелуі, тәржімалануы.

Көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды қаламгер, ғұлама-ғалым Захириддин Мұхаммед Бабыр (1483—1530 ж.) есімін әлемге мәшһур еткен прозалық шығармасы — „Бабыр-наме" болып табылады. Бұл шығарма қазақ әдебиеті тарихына тікелей қатысты ту-ынды.

„Бабыр-наме"—құнарлы, бейнелі тілмен жазылған, нағыз көркем туынды. Оған Бабыр жасаған жанды бейнелер, қанатты сөздер, табиғат суреттері, сан қилы теңеулер, т.б. көріктеу құралдары толық дәлел.

Кезінде қазақтың оқыған зиялылары „Бабыр-намені" қазақ халқының өз тарихы жазылған шығарма деп таны-ды. Мұнысы орынды да еді. Б і р і н ш і д е н, „Бабыр-наме" қазақ қауымының XV—XVI ғасырларындағы тарихына, рухани өміріне тікелей қатысы бар шығарма екені мәлім. Екіншіден, Бабырдың бұл мемуарлық еңбегі кезінде түркі тектес халык,тардың бәріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде жазылған.


&&&

$$$002-015-002$3.2.15.2 Сұрақ атауы 2 "Бабыр-наменің" идеялық мазмұны, тарихы, әдеби мәні, тілі.

Бабыр (1483-1530) – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі жазушы, атақты тарихшы- ғалым. «Бабыр –наме» - үш бөлімнен тұратын прозалық шығарма. Бірінші бөлімінде 15-16 ғасырлардағы Орта Азиядағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық-әлеуметтік, саяси оқиғалар, осы өлкенің табиғаты сөз болады. Екіншісінде – қазіргі Ауғанстан жерінде («Кабул уәлләяты») орын алған маңызды тарихи оқиғалар, үшіншісінде – Үндістанның бай табиғаты, халқы, салт-санасы, ғылым, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, ондағы саяси оқиғалар баяндалатыны. «Бабыр-намені» зерттеу, басқа тілдерге тәржімелеу, бастырып шығару ісіне көп елдердің ғалымдарының ат салысқаны: үндістандық М.Н.Хайдар, С.А.Шарми, Р.П.Трипатке, ауғанстандық А.Х.Хабиби, А.А.Кохзат, түркиялық Р.Р.Арат, И.Н.Банор, пакистандық Р.А.Надви, А.Мавлийат. «Бабыр-наменің» идеялық мазмұны, тарихы, тілі.


&&&

$$$002-015-100$Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме» еңбегі.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті—түркі тілдес халықтарға ортақ мұра.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. -А.1986.

2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырғ; А. Қыраубаева/. -А. 1991.

3. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық хрестоматия. -Л.,1996

4. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -А.,1986

5. Кобосов А. Әл-Фараби. Зерттеу. -А.,1971

6. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмат/ауд.
&&&

$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар

&&&

$$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақ №1

Көне түркі әдебиеті (ҮІ-ІХ ғасырлар) Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері.



  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет