Электрондық баланс əдісімен электрон ауысуын жəне реакцияға дейінгі жəне реакциядан кейінгі атомдардың тотығу дəрежелерін анықтаңыздар.
Тірі ағзаға сынап пен кадмийдің əсері қандай? Олар қандай аурулар ту- ғызады?
Сілтілік жер металдары мен мырыш топшасы элементтері атомдарының құрылысындағы айырмашылықтарды көрсетіңіздер.
Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің III B топшасын скандий Sc, иттрий Y жəне 15 элементі бар екі топша: лантаноидтар 57La – 71Lu жəне актиноидтар 89Ac – 103Lr құрайды. Лантаноидтар мен актиноидтар топшасы қасиеттері жа- ғынан ұқсас элементтерден тұрады.
Скандий, иттрий, лантан жəне актиний атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде екі s-электроннан, ал оның алдындағы деңгейінде бір d-электроны бар: (n-1)d1ns2. Осы электронды құ- рылысына сай қосылыстардағы скандий, иттрий, лантан жəне ак- тинийдің тотығу дəрежесі +3-ке тең болады.
Лантаноидтар атомдарында (лантаннан басқасы) төртінші энергетикалық деңгейдің f деңгейшесі электрондармен толтыры- лады. Актиноидтар атомдарының электрондық құрылысы ланта- ноидтардың құрылысына ұқсас: актиноидтар атомдарында 5f дең- гейшесі электрондармен толтырылады.
Скандий, иттрий, лантан жəне актинийдің жалпы сипаттама- лары 17-кестеде берілген.
кесте