В топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы
Элементтің сипаттамасы
|
Cu
|
Ag
|
Au
|
Реттік нөмірі
|
29
|
47
|
79
|
Салыстырмалы атомдық массасы
|
63,546
|
107,87
|
196,97
|
Табиғи изотоптары
|
63Cu,65Cu
|
107Ag,109Ag
|
197Au
|
Сыртқы жəне оның алдындағы электрондық қабат құрылысы
|
3d 104s1
|
4d 105s1
|
4f145d 106s1
|
Атомдық радиусы, нм
|
0,128
|
0,144
|
0,144
|
Иондық радиусы Э4+, нм
|
0,098
|
0,113
|
0,137
|
Иондану потенциалы, В: I : Э → Э+ + ē
1
|
7,726
|
7,576
|
9,226
|
I : Э+ →Э2+ + ē
2
|
20,290
|
21,482
|
20,51
|
Тотығу дəрежелері
|
+1, +2
|
+1
|
+3
|
ОЭО
|
2,0
|
1,9
|
2,3
|
Жай заттар: Т. балқу, ºС
|
1083
|
960,5
|
1063
|
Т. қайнау, ºС
|
2600
|
2210
|
2970
|
Тығыздығы, г/см3
|
8,96
|
10,51
|
19,32
|
Мыс
Жер қыртысындағы мыстың массалық үлесі 0,01 %-ды құ- райды. Мыс табиғатта аз мөлшерде бос күйінде, көбінесе əр- түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ол көптеген сульфидті кендерде: халькопиритте CuFeS2, халькозинде (мысты жылтыр) Cu2S, ковеллинде CuS кездеседі. Оксидті куприт Cu2О жəне гидрокарбонатты малахит CuСО3·Cu(OH)2 мыс кендері де бар. Мыс – қызыл сары түсті жұмсақ, созылғыш металл. Оның электрөткізгіштік қабілеті жоғары. Мыс – химиялық белсенділігі төмен металл. Оттекпен тек қыздырғанда ғана əрекеттеседі:
2Cu + O2 = 2CuO
Мыс қыздырғанда галогендермен, күкіртпен, оттекпен əрекет- теседі. Ол құрғақ ауада өзгермейді, ал дымқыл ауада оның бетінде мыс гидрооксокарбонатының жасыл түсті қабаты түзіледі:
2Cu + O2 + СО2 + H2O = Cu(OH)2·CuСО3
Сумен, сілті ерітінділерімен, тұз жəне сұйытылған күкірт қышқылдарымен əрекеттеспейді. Күшті тотықтырғыш болатын (азот жəне концентрлі күкірт қышқылдары) қышқылдарда мыс ериді, мысалы:
3Cu + 8HNO3(сұйыт.) = 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O Cu + 2H2SO4(конц.) = CuSO4 + SO2 + 2H2O
Мыс комплексті қосылыстар түзуге қабілеті күшті болғандық- тан, циан қышқылдары тұздарының ерітінділерінде сутек катион- дары арқылы оңай тотығады:
Cu + 2HOH + 4NaCN = Na2[Cu(CN)4] + 2NaOH + H2
Мыс сұйытылған қышқылдармен əрекеттеспейді, бірақ тотық- тырғыш ретіндегі ауадағы оттектің əсерінен олар да ериді:
Сu + O2 + 4HCl = 2CuCl + 2H2O
Тотығу дəрежесі +2 болатын мыстың қосылыстары – тұрақты қосылыстар. Мыстың (II) оксиді CuO – қара зат, оны жай заттардан немесе мыс (II) гидроксидін қыздыру арқылы алуға болады:
Cu(OH)2 = CuО + Н2О
Мыс (II) гидроксидінің Cu(OH)2 сулы ерітіндісі – көгілдір түсті қосылыс. Қышқылдарда оңай ериді, ал сілтілердің концентрлі
ерітінділерінде қыздырғанда ериді, яғни екідайлы гидроксидтер қасиетін көрсетеді:
Cu(ОН)2 + H2SO4 = CuSO4 + 2H2O Cu(OH)2 + 2NaOH = Na2[Cu(OH)4]
Мыс (II) үшін комплексті қосылыстар түзу тəн. Мұндай қосы- лыстарда мыстың координациялық саны 4-ке немесе 6-ға тең болады. Мыс (II) гидроксидінің аммиактың сулы ерітіндісінде еруі комплексті қосылыстың түзілуімен түсіндіріледі:
Cu(ОН)2+ 4NH3 = [Cu(NH3)4](OH)2
Мыс (II) тұздарының сулы ерітінділері комплексті иондарға
[Cu(H О) ]2+ тəн көгілдір түсті болады. Мыс (II) тұздарының
2 6
ішінде практикалық маңызы бары мыс (II) сульфат гидраты CuSO4·5H2O – мыс купоросы. Оны ауыл шаруашылығында өсім- дік зиянкестерімен күресу үшін; антисептикалық құрал ретінде ағашқа сіңіру үшін қолданады.
Мыс (I) қосылыстарының ішінде табиғатта Cu2O жəне Cu2S жиі кездеседі. Алайда олардың сулы ерітінділердегі тұрақтылығы төмен. Мыс (I) қосылыстары мыс (II) қосылыстарына дейін оңай тотығады:
4CuС1 + О2 + 4НС1 = 4CuС12 + 2Н2О
Мысты алу үшін шикізат ретінде сульфидті кендер жиі қол- данылады, əсіресе кеннің құрамындағы металдың массалық үлесі 1 %-дан жоғары болса ғана оны қайта өңдеу тиімді деп саналады. Мысты алу үшін мыс сульфидін Cu2S бірінші тотықтыра күйдіруге ұшыратады:
Cu2S + 2О2 = 2CuО + SО2
Түзілген мыс (II) оксидіне сульфидтің жаңа бөлігін қосады, реакция жоғары температурада жүреді:
2CuО +Cu2S = 4Cu + SО2
Реакция нəтижесінде құрамында 97-98 % Cu бар техникалық металл бөлінеді. Электртехникада қолданылатын таза мыс алу үшін CuSО4 сулы ерітіндісінде металдың рафинирленуін жүргі- зеді. Таза электролитті мыстың құрамында 99,98-99,999 % мыс болады.
Өндірілетін мыстың негізгі бөлігі электртехникалық өнеркə- сіпте қолданылады, одан сымдар жасалады. Мыс өте көп мөл- шерде құймалар өндірісіне жұмсалады.
Ерте заманнан белгілі мыс құймасы – қола, құрамында қалайы (массалық үлесі 4-30 %) бар. Қола қаттылығы жағынан жеке алынған мыс пен қалайыдан асып түседі. Ол мысқа қарағанда, жеңіл балқиды.
Қоладағы қалайыны басқа металдармен жиі ауыстырады, сон- дықтан құйманың қасиеттері де өзгереді. Алюминийлі қоланың (алюминийдің массасы бойынша 5-10 %) беріктігі жоғары. Бе- риллийлі қолалар өте берік, қатты жəне серпімді болып келеді, мұндағы бериллийдіңмассалық үлесі 2 %-ды құрайды. Құрамында қорғасын, марганец, сүрме, темір, никель жəне кремний бар құй- малар халық шаруашылығында кең қолданылады.
Мысты-никельді құймалар өте бағалы қасиеттер көрсетеді. Олардың құрамында мыс болса да, күмістей ақ түсті болып келеді. Мельхиор (никельдің массалық үлесі 18-20 %) құймасының сырт- қы пішіні əдемі, одан ыдыстар мен əшекейлік бұйымдар жа- сайды. Нейзильбер құймасының құрамында никель мен мыстан басқа мырыш та бар. Бұл құйма көркемөнер бұйымдарын, ме- дициналық құралдар дайындау үшін пайдаланылады. Констан- тан (40 % никель) мысты-никельді құймасының жəне манганин- нің (мыс, никель жəне марганец құймасы) электрлік кернеуі жоғары. Оларды электр өлшеу құрылғылары өндірісінде пай- даланады. Барлық мысты-никельді құймаларының ерекшелігі – олардың коррозияға жоғары төзімділігі. Машина жасау, химия өнеркəсібінде, тұрмыстық заттар өндірісінде мыс пен мырыш
(мырыштың массасы бойынша 50 %-ға дейін) құймасы – жез кеңінен қолданылады. Жез – жеңіл өңделетін, жақсы механикалық қасиеттері бар арзан құймалар. Жезге ерекше қасиеттер беру үшін оларға көбінесе алюминий, никель, кремний, марганец жəне бас- қа да металдар қосады.
Мыс өте қажетті микроэлементтер қатарына жатады. Адам ағзасындағы мыс мөлшері 100-ден 150 мг-ға дейін жетеді. Ол ақуыздармен жасушалық тыныс алуды реттейтін тотығу-тотық- сыздану ферменттерін түзеді. Тірі ағзаларға мыстың қажеттілігі қатаң анықталған жəне генетикалық негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |