Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет42/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бақылау сұрақтары мен жаттығулар



  1. Сілтілік металдар неліктен электр оң элементтер болады?

  2. Сілтілік металдар атомдарының радиустары мен олардың тотықсыз- дандырғыштық қасиеттерінің арасындағы бір-бірімен байланысын тү- сіндіріңіздер.

  3. Сілтілік металдарды алудың жалпы əдістері қандай? Мысал келтіріңіздер.

  4. Сілтілік металдарға қандай химиялық қасиеттер тəн?

  5. «Каустикалық сода», «ас содасы», «кальцийленген сода» қосылыстарын атаңыздар.

  6. Натрий мен калийдің қандай массасы судан сутектің бірдей көлемін – 11,2 литрді ығыстырып шығарады?

  7. а) сулы ерітіндідегі алюминий мен калий гидроксидінің; ə) натрий гид- роксиді мен күкірт қышқылының реакция теңдеулерін жазыңыздар.

  8. Сілтілік металл тұздарының қасиеттерін сипаттаңыздар.

  9. Калий сульфидінің сулы ерітіндісінің реакциялық ортасы қандай? Гид- ролиз реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

  10. 4,6 г натрий сумен əрекеттескенде, қанша литр сутек (қ.ж.) түзіледі?

  11. Натрий мен калийдің биологиялық рөлі қандай?

  12. Мына айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция тең- деулерін жазыңыздар:

а) Na → NaOH → NaHS → Na2S + H2O;
ə) Na → NaH → NaOH → NaCl → HCl → AgCl.

  1. Құрамында 1,5 м3 натрий хлориді бар теңіз суындағы натрийдің мас- салық үлесін анықтаңыздар.

  2. Сілтілік металл хлормен əрекеттескенде оның атомының сыртқы элек- трондық деңгейі қалай өзгереді?

  3. Калий карбонаты ерітіндісін кальций гидроксиді ерітіндісінің қажетті көлемімен араластырғанда, массасы 40 г тұнба түзілді. Реакцияның екін- ші өнімінің қанша грамы түзілгенін анықтаңыздар.






Ауыспалы металдарға d- жəне f-элементтері жатады. Олардың атауы əрбір периодтың басындағы s-элементтер мен əрбір пе- риодты аяқтайтын p-элементтерінің ортасында орналасуымен түсіндіріледі. Барлық ауыспалы элементтер – металдар. Периодтық жүйенің төртінші жəне бесінші периодтарында бірінші жəне екінші қатарында ауыспалы элементтер (3d- жəне 4d-металдары) орналасқан. Олардың əрбірі он d-металынан тұрады. Алтыншы жəне жетінші периодтарда бұл он d-металынан басқа 14 f-металы орналасқан. Яғни, s- жəне р-элементтерінің ортасында алтыншы жəне жетінші периодтардың əрқайсысында 24 ауыспалы металл бар. Бұлар 5d- мен 4f- жəне 6d- мен 5f-металдары.
Физикалық жəне химиялық қасиеттерінің ерекше ұқсастығына сай 4f-пен 5f-металдарын лантаноидтар жəне актиноидтар деп аталатын жеке ұяластарға біріктіруге болады. Лантаноидтар химиялық қасиеттері жағынан лантанға La ұқсас, ал актиноидтар актинийге Ас ұқсас. Лантан мен актиний – d-элементтері. Олар- дың атомдарында 5d жəне 6d деңгейшелері толтырылады.
Егер d-элементтерін топ бойынша қарастырсақ, онда элементтер жіктеуінде бұл топшалар аталады: I B (мыс Cu топшасы), II B (мырыш Zn топшасы), III B (скандий Sc топшасы), IV B (титан Ti топшасы), V B (ванадий V топшасы), VI B (хром Cr топшасы), VII B (марганец Mn топшасы) жəне VIII B (9 элементтен тұратын темір Fe, кобальт Co жəне никель Ni топшасы).

Барлығы 65 ауыспалы элемент белгілі, оның ішінде 37 d- жəне 28 f-элементтері бар. Жер қыртысында 30 d- жəне 18 f-эле- менттері кездеседі. Қалған 17 ауыспалы элемент – жасанды жəне радиоактивті. Олардың барлық изотоптарының өмір сүру мерзімі аз жəне жер қыртысында кездеспейді. Кейбір ауыспалы элементтер: уран U, торий Th, актиний Ас, протактиний Ра, плутоний Pu – радиоактивті элементтер, олардың радиоактивті изотоптарының өмір сүру мерзімі көп болғандықтан, Күн жүйесінің пайда болған 4,5 мың жыл уақыт ішінде олар ыдырамай, осы күнге дейін жер қыртысында сақталған.


Ауыспалы элемент атомдарының сыртқы электрондық қа- баттарының құрылысының ұқсастықтарына байланысты олар- дың қасиеттері де ұқсас келеді. Алайда бұл ұқсастық тек салыс- тырмалы түрде, себебі d- жəне f-металдарының физикалық жəне химиялық қасиеттері алуан түрлі болады.





Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің I тобының B топшасына мыс Cu, күміс Ag жəне алтын Au жатады. Мыс, күміс жəне алтын атомдарының электрондық қабаттарының құрылысы (n-1)d10ns1 формуласымен сипатталады. Элементтердің ядро зарядтарының өсуіне байланысты мыстан күміске дейін олардың атомдарының да, иондарының да радиустары өседі, со- ған сəйкес иондану энергиялары кемиді, ал алтынның атомында лантаноидтық сығылу болғандықтан, атомның радиусы күміс- тікімен бірдей, ионының радиусы одан кіші болады. Осы элемент- тердің ішінде химиялық жағынан ең тұрақтысы – алтын.
Бұл элементтердің соңғы электрондары сырттан санағанда екінші қабаттың d-қабатшасына орналасады. Сондықтан химия- лық қосылыстарда валенттік байланыс түзу үшін сыртқы элек- трондарынан басқа екінші қабаттан бір немесе екі d-электрондар да қатысуы мүмкін. Сондықтан мыс, күміс жəне алтын қосы- лыстарда +1, +2, +3 тотығу дəрежелерін көрсетеді, мыс үшін то- тығу дəрежесі +2, күміс +1, ал алтын үшін тотығу дəрежесі +3 болатын қосылыстары тұрақты болады.
I топшасы элементтерінің кейбір сипаттамалары 15-кестеде берілген.



    1. кесте



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет