Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет51/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бақылау сұрақтары, есептер мен жаттығулар



    1. Титан топшасының барлық үш металы да балқытқыш қышқылында ериді. Реакция теңдеулерін жазыңыздар жəне HF-дың бұл реакцияларда қандай функция атқаратынын көрсетіңіздер.

    2. Титан топшасының қандай металы тұз қышқылында жəне сұйытылған күкірт қышқылында ериді? Алынған қосылыстардағы металдың тотығу дəрежесі қандай?

    3. Цирконий мен гафнийдің жəне олардың қосылыстарының химиялық қа- сиеттерінің арасындағы ұқсастықты қалай түсіндіресіздер?

    4. Титан концентрлі азот қышқылымен қорғасын тəрізді əрекеттеседі, ал сілті ерітінділерімен кремнийге ұқсас əрекеттеседі. Реакция теңдеулерін жазыңыздар.

    5. Титан мен көміртек топшалары элементтері атомдарының құрылысындағы айырмашылықтарды көрсетіңіздер.

    6. CaTiO3, H2TiO3,TiO2,Ti(SO4)O, TiN, TiС14, Ti(OН)4 қосылыстарындағы ти- танның эквивалентін анықтаңыздар.

    7. Қалыпты жағдайда жəне қозған күйінде цирконий атомының валентті орбитальдарының электрондармен толтырылуының графикалық сызба- нұсқасын жəне электрондық формуласын құрастырыңыздар.






Элементтердің жалпы сипаттамасы: Периодтық жүйенің V B топшасы элементтерін ванадий V, ниобий Nb жəне тантал Ta құрайды. Бұл d-элементтері, электронды аналогтар. Бұл топ- шаға 105-інші элемент – нильсборий Nc да кіреді. Алғаш рет нильсборий изотопы 1979 жылы кеңес ғалымдары жəне амери- калық ғалымдар бір-бірінен тəуелсіз жасанды жолмен алды. Нильсборий химиялық қасиеттері жағынан танталға ұқсас екені анықталды, алайда нильсборий мен оның қосылыстарының қа- сиеттері аз зерттелген. V B топшасы элементтерінің валентті элек- тронды конфигурациясы – (n-1)d3ns2. Ниобий атомында элек- тронның «секіруі» байқалады, бір электрон сыртқы энергети- калық деңгейден соңғы деңгейдің алдындағы деңгейдің d деңгей- шесіне өтеді, алайда бұл топшаның элементтерінің барлық атом- дарында валентті электрондардың жалпы саны беске тең болады. Ванадий, ниобий жəне тантал атомдарының электрондық құры- лысына сəйкес, өзінің қосылыстарында тотығу дəрежелері +1- ден +5-ке дейін көрсетеді. V B топшасы элементтерінің негізгі сипаттамалары 19-кестеде берілген.



      1. кесте



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет