В топшасының d-элементтерінің жалпы сипаттамасы
Элементтің сипаттамасы
|
Sc
|
Y
|
La
|
Ас
|
Реттік нөмірі
|
21
|
39
|
57
|
89
|
Салыстырмалы атомдық массасы
|
44,96
|
88,9
|
138,9
|
227
|
Табиғи изотоптары
|
45Sc
|
89Y
|
138La, 139La
|
227Ас,228Ас
|
Сыртқы жəне оның алдындағы
d деңгейшесінің құрылысы
|
3d14s2
|
4d15s2
|
5d16s2
|
6d17s2
|
Тотығу дəрежелері
|
+3
|
+3
|
+3
|
+3
|
Скандий, иттрий
Скандий – ашық сары түсті, иттрий – күмістей ақ металдар. Химиялық реакцияларда олар белсенді келеді. Қыздырғанда көптеген металдармен (оттекпен, галогендермен, күкіртпен, су- текпен) əрекеттеседі, мысалы:
4Sc + 3О2 = 2Sc2О3
2Y + 3С12 = 2YС13
Скандий жəне иттрий оксидтер мен гидроксидтер түзеді Sc2О3 жəне Sc(ОН)3; Y2О3 жəне Y(ОН)3. Скандий оксиді жəне гидроксиді екідайлы қасиет көрсетеді, мысалы:
3NaOH + Sc(OH)3= Na3[Sc(OH)6]
ал қышқылдармен əрекеттескенде, тұздар түзіледі: 2Sc(OH)3 + 3H2SO4= Sc2(SO4)3 + 6H2O
Иттрий оксиді жəне гидроксиді – негіздік қосылыстар.
Скандийді жəне иттрийді құймаларға легирлеуші қосымша ретінде қолданады.
Лантаноидтар жəне актиноидтар
Лантаноидтар жəне актиноидтар – химиялық белсенділігі жо- ғары, күмістей ақ, созылғыш металдар. Олардың көпшілігі қара-
III В топшасы элементтері 177
пайым жағдайларда немесе аздап қыздырғанда оттекпен, күкірт- пен, галогендермен əрекеттеседі, суда жəне бейорганикалық қышқылдарда ериді, мысалы:
4La + 3О2= 2La2O3
2La + 6H2O = 2La(OH)3+ 3H2
Лантаноидтар құймалардың қасиетін жақсарту үшін қосымша ретінде қолданылады, сонымен қатар оларды электронды құрыл- ғылардың бөлшектері мен магниттерін дайындау үшін пайда- ланады.
Барлық актиноидтар радиоактивті элементтер болып табы- лады. Табиғатта олардың ішінен уран жəне торий кең тараған, ал аз мөлшерде актиний, протактиний, нептуний жəне плутоний кездеседі. Торий, уран жəне плутоний ядролық энергетика сала- сында ядролық отын ретінде қолданылады. Көптеген актиноидтар ядролық айналымдар арқылы жасанды жолмен алынады.
Бақылау сұрақтары, есептер мен жаттығулар
Периодтық жүйенің III тобының негізгі жəне қосымша топшалары эле- менттері атомдарының құрылысындағы айырмашылықтарды көрсе- тіңіздер.
Ядро заряды 92-ге тең элементтің қанша энергетикалық деңгейшелері бар?
Атомдарда 4f деңгейшесінен кейін қандай деңгей толтырылады? Неліктен?
Лантан мен церий атомдарының валентті орбитальдарының электрон- дармен толтырылуының графикалық сызбанұсқасын жəне электрондық формуласын құрастырыңыздар.
Кез келген период қандай элементтен басталады жəне аяқталады?
Скандий мен галий атомдарында қанша бос 3d-орбиталі бар?
Төмендегі электрондық конфигурация қай элементке сəйкес келеді:
…3s23p63d104s24p64d104f75s25p66s2?
Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің IV B топшасы элементтеріне титан Ti, цирконий Zr, гафний Hf жəне курчатовий Ku жатады. Курчатовий элементі жасанды жолмен алынған. Элементтің атауы атақты Кеңес ғалымы И.В. Курчатов- тың құрметіне берілген. Алғаш рет 260Ku изотопы 1964 жылы Ядролық зерттеулер институтында алынған (Дубна қ.). Курча- товийдің титан, цирконий жəне гафний элементтерінің аналогы екені дəлелденген.
IV B топшасы элементтерінің валентті электронды конфигу- рациясы (n-1)d2ns2 болады. Сыртқы s жəне оның алдындағы d деңгейшесінің электрондары валентті болады. Топша элементтері қосылыстарында +1-ден +4-ке дейінгі тотығу дəрежелерін көрсетеді. Титан топшасы элементтерінің кейбір сипаттамалары 18-кес-
теде берілген.
кесте
Достарыңызбен бөлісу: |