Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет6/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Элементтің жалпы сипаттамасы: сутек Н2 жеңіл газ, иіссіз жəне түссіз, суда нашар ериді. Кейбір металдарда (палладий, платина, никель) жақсы ериді. Мөлшері бойынша сутек атомы өте кіші жəне барлық элементтер атомдарының арасындағы ең жеңілі. Сутек атомының электрондық формуласы – 1s1.

Басқа элементтерден сутектің негізгі ерекшелігі – оның жал- ғыз электронының аралық электрондық қабаты болмағандықтан, атом ядросының əсері аймағында болуы. Сутек атомының тұрақ- ты электрондық конфигурациясы болуы үшін бір электронын беріп жіберуі немесе жоғалтып алуы қажет. Бір электронын бере отырып, сутектің тотығу дəрежесі +1 болады да, Н+ ионы түзіледі. Бұл сутектің сілтілік металдармен ұқсастығы туралы айтуға жə- не оны периодтық жүйенің I тобының негізгі топшасына ор- наластыруға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, сутек атомына электрондық қабатын толтыру үшін бір электрон ғана жетпейді,


ал мұндай құрылыс галогендерге тəн. Бұл сутектің VII топтың негізгі топшасында орын алуына мүмкіндік береді. Периодтық жүйеде сутектің орналасуының екі жерде мүмкін болатындығы көрсетіледі, ол I жəне VII топтардың негізгі топшасы.


Табиғатта таралуы. Сутек көп тараған химиялық элементтер қатарына жатады. Жер қыртысындағы оның массалық үлесі 0,15
%-ды құрайды. 95 %-дан жоғары барлық белгілі химиялық зат- тардың құрамында сутек бар. Табиғатта боссутек жоқ. Табиғаттағы оның кездесетін негізгі түрлері – табиғи су, мұнай, табиғи газдар жəне өсімдік пен жануарлар биомассасының органикалық зат- тары. Ғарыш кеңістігінде ол ең көп тараған элемент болып табы- лады, ол басқа жұлдыздар мен Күн массасының жартысынан артығын құрайды.
Сутектің үш изотопы бар: протий 1H , дейтерий 2 H немесе D
1 1
жəне тритий 3 H немесе Т. Табиғи сутекте 99,985 % 1 H изотопы,
1 1
ал қалған 0,015 %-ын дейтерий құрайды. Тритий тұрақсыз радио- активті изотоп болып табылады, оның ыдырауы төмендегі тең- деуге сай жүреді:
3 H = 3 He + 0
1 2 1

Сутектің барлық изотоптары бірдей химиялық қасиеттер көр- сетеді. Алайда олардың физикалық қасиеттерінде айырмашылық бар. Сутектің əрбір қосылысы үшін оның дейтерийлі аналогы бар. Олардың ішіндегі маңыздысы – ауыр су деп аталатын дейтерий оксиді D2O.


Сутектің химиялық қасиеттері. Сутек бос күйінде екі атомды молекула Н2 түрінде кездеседі. Сутек молекуласының химиялық байланысы бір жалпы электрон жұбы арқылы түзілген полюссіз ковалентті байланыс. Ол берік байланысқан, сондықтан сутек химиялық белсенді емес, оның қатысуымен жүретін көптеген реакциялар тек қыздырудың əсерімен немесе платина жəне никель сияқты катализаторлардың қатысуымен жүреді. Бұл металдарда еруі арқылы сутек молекуласы атомдарға ыдырайды. Түзілген

атомдық сутек молекулалық сутекке қарағанда белсендірек бола- ды. Химиялық реакцияларда сутек тотықсыздандырғыш та (бұл оған тəн), тотықтырғыш та болып келеді. Сутек бейметалл. Металдармен қосылыстарында ол -1 тотығу дəрежесін көрсетсе, бейметалдармен қосылыстарында +1-ді көрсетеді.



  1. Сутек тотықсыздандырғыш:

а) Н2 + F2 = 2HF (қалыпты жағдайда);
ə) 2Н2 + О2 = 2Н2О (қыздырғанда немесе Pt-катализаторының қатысында);
б) Н2 + S = H2S (қыздырғанда);
в) 3H2+N2 = 2NH3 (қысымды жоғарылатқанда жəне катализа- торлар қатысуында қыздырғанда);
г) CuO + Н2 = Cu + H2O (жоғары температурада). Металдармен жəне III – VII топтың əлсіз электр оң металда-
рымен əрекеттесе отырып гидридтер түзеді, олар ковалентті қо- сылыстардың қасиеттерін көрсетеді. Бұл гидридтер қатты жəне сұйық заттардағы сутекті байланыс ұстап тұратын молекулалар- дан тұрады. Период бойымен жылжығанда гидридтердің қыш- қылдық-негіздік сипаттамалары бейтараптан негіздікке, одан соң қышқылдыққа өзгереді. Мысалы, 3-периодта:
SiH4 → PH3 → H2S → HCI
Силан Фосфин Күкіртсутек Хлорсутек
(бейтарап) (əлсіз негізді) (əлсіз қышқылды) (күшті қышқылды)

  1. Сутек тотықтырғыш:

700°С-ге дейінгі температурада сутек тікелей сілтілік метал- дармен жəне II топтың Ca, Sr, Ba сияқты элементтерімен гид-

ридтер түзе əрекеттеседі: Н2
+ Ме (IA жəне IIA топтары)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет