Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет5/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Li, Rb, К, Ва, Sr, Ca, Na, Mg, Al, Mn, Zn, Cr, Fe, Cd, Со, Ni, Sn, Pb, H, Sb, Bi, Cu, Hg, Ag, Pd, Pt, Аи:



    • металдың электродты потенциалы неғұрлым теріс болса, со- ғұрлым оның тотықсыздандырғыштық қасиеті басым болады;

    • əрбір металл металдар кернеулігінің электрхимиялық қата- рында өзінен кейінорналасқан металды тұзды ерітінділерінен ығыстырып шығара алады (тотықсыздандырады);

    • стандартты электродты потенциалы теріс болатын барлық

металдар, яғни металдар кернеулігінің электрхимиялық қа- тарында сутектің оң жағында орналасқан металдар қышқыл ерітінділерінен сутекті ығыстырса, ал сілтілік металдар су- текті судан ығыстырады.

Металдарға тəн тағы бір ерекшелік – олардың балқытылған күйде бір-бірімен араласуы жəне гомогенді қоспа түзуі. Оларды суытқаннан кейін де гомогенді болып қалады. Металдардың бал- қыған қоспасының қатуы кезінде түзілген жүйелер құймалар деп аталады. Құймалардың құрылысы əртүрлі болуы мүмкін. Құймалардың құрамдық бөлігі қатты ерітінді, макробіркелкі ме- ханикалық қоспа немесе химиялық қосылыс (интерметалдық қосылыстар) түзуі мүмкін. Құймалардың қай түрді түзуі метал- дың белсенділігіне байланысты болады. Металдардағы химиялық байланыс металдық байланыс, сондықтан да олар металдарға тəн барлық қасиеттерді көрсетеді. Металдар мен олардың құй- маларының адам өмірінде алатын орны ерекше.




Бақылау сұрақтары, есептер мен жаттығулар



  1. Периодтық жүйеде металдар қайда орналасқан?

  2. Металдар қандай электрондық ұяластарға жатады?

  3. Металл атомдарының сыртқы электрондық қабатында қанша электрон бар?

  4. Металдардың кристалдық торларының құрылысы қандай?

  5. Металдық байланысқа анықтама беріңіздер.

  6. Металдарға қандай физикалық қасиеттер тəн?

  7. Иондану энергиясы дегеніміз не?

  8. Неге металл атомдары химиялық реакцияларда тотықсыздандырғыш болады?

  9. Металдарға қандай химиялық қасиеттер тəн?

  10. Құймаларды дайындау металдың қандай қасиетіне негізделген?

  11. Бейметалдарға қанша элемент жатады?

  12. Бейметалдар қандай қосымша топшаларда орын алған?

  13. Бейметалдардың сыртқы электрондық деңгейінде электрон саны неше?

  14. Бейметалдардың кристалдық торында атомдар арасындағы химиялық байланыс типін көрсетіңіздер.

  15. Жай заттардың – металдар мен бейметалдардың физикалық қасиеттері бойынша қандай ерекшеліктері бар?

  16. Бейметалдар қандай заттармен əрекеттескенде тотықтырғыш, тотық- сыздандырғыш қызметін атқарады? Мысал келтіріңіздер.

  17. Ауаның құрамына қандай газдар кіреді?

  18. Биогенді элементтерге қандай бейметалдар жатады?

  19. Бейметалл оксидтері тұз түзетін оксидтердің қандай типіне жатады?

  20. а) Концентрлі күкірт қышқылының магниймен жəне күміспен əрекеттесуін; ə) сұйытылған күкірт қышқылының темірмен əрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңыздар.

  21. Zn пен сұйытылған жəне концентрлі НСl, H2SO4 реакция теңдеулерін жазыңыздар.

  22. Концентрлі азот қышқылы: а) тотықтырғыш; ə) тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді; б) алтын мен платинаны ерітеді.

  23. Реакция теңдеулерінің қайсысының жүруі мүмкін? Zn + CuSO4 = Cu + ZnSO4;

Cu + ZnSO4 = Zn + CuSO4. Неліктен?

  1. Zn + H2SO4сұйыт. → … реакциясында тотықсызданады: а) сутек;

ə) күкірт; б) мырыш.

  1. Бөлме температурасында қандай металл судан сутекті ығыстырып шы- ғарады: а) мыс; ə) темір; б) натрий.

  2. Концентрлі тұз қышқылымен əрекеттеспейді: а) Cu; ə) Al; б) Zn.

  3. Бос күйінде кездесетін металл: а) Mg; ə) Al; б) Ag.

  4. Жер қыртысында ең көп таралған металл: а) темір; ə) алюминий; б) титан.




  1. Металл кристалында байланыс жүзеге асады:

а) ортақ электрон жұптарының түзілуі нəтижесінде; ə) валентті электрондарды жұптастыру нəтижесінде;
б) бір атомның валентті электрондарының басқа атомның бос орбиталь- дарымен əрекеттесуі нəтижесінде.

  1. Металл мен металдың əрекеттесуінен не түзіледі? Мысал келтіріңіздер.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет