Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-16. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Б.з.д. IV ғасыр - Аристотель өзінің «Органон» атты логикалық еңбегінде логиканың
формальді бөлімі – силлогистика туралы бөлімді ғылымға енгізеді. Оның еңбектері дүние
жүзілік логикалық ғылымның дамуына әсер етеді. XVII ғасырға дейін Еуропада логика ғылымы
Аристотельдік көзқараспен дамиды.
Б.з.д. III ғасыр – Александр қаласының грек ғалымы және физигі Ктесибиус су сағатын
құрастырады. Бұл ең алғашқы дәл хронометрлік өлшемдерді жасайтын автомат болып
табылады. Сағат қозғалатын денелерден тұрады. Бұған дейін тек құм сағаты жасалған еді.
Ктесибиустін есімі ең алғаш тістік беріліспен байланысты.
Б.з.д. II ғасыр - Қытайда күрделі
автоматтар, сонымен қоса тұтас механикалық
оркестрлар жасалды. XV – XVII ғасырлар –
механикалық адам, әйел - андроид,
ұшатын
ағаштан жасалған қоңыз,
ағаш автомат, қосу және азайту машинасы, қосу машинасы.
Достарыңызбен бөлісу: