Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет51/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Ақынның өмірбаяны туралы не айта аласыңдар?

  2. М. Мақатаевтың ақындық қарым-қабілеті қашан байқалған?

  3. Ол кімдердің шығармаларын аударды?

  4. М. Мақатаев өлеңдеріне жазылған қандай әндер бар?

  5. Ақын өлеңдерінде қандай символдық бейнелер айрықша көзге түседі?

  6. «Ару-ана» поэмасы не жайында?

  7. Ақын өз поэмаларында қандай өмір шындығына назар аударған?

  8. Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

  9. «Моцарт. Жан азасы» (реквием) не туралы?

  10. М. Мақатаев поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін сипаттандар.

  11. «Жана азасынан» «Табиғат үні» бөлімін жатқа оқындар.

  12. «Бұлықсып жатыр...» өлеңін мәнерлеп оқындар.


«Фариза шын мәнінде бүкіл халықтық махаббатқа ие болып, оны өз көзімен көріп кетті. Бұл шын мәнінде өте сирек кездесетін құбылыс еді. Және Фаризаның ең басты бақыты да осында деп есептейміз. Фариза кете кеткенше ерлікпен арпалысты өмір үшін арпалысты»
Әбіш Кекілбайұлы


Фариза Оңғарсынова


Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (25 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл) — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).
1939 жылы 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

Фариза Оңғарсынова
( 1939-2014 )
Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан. Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғалиев (1891-1940) оқыған, елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі. Ал анасы Халима Иманғалиева (1893-1976) арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-жылдары дүниеден өткен. Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған. Ақынның Анвар, Алмас есімді ұлдары мен Анар, Аида есімді келіндері бар, Анеля, Алан, Анита, Ахметжан, Аслан, Алсу атты немерелері бар. Сондай-ақ, ақын ерте қайтыс болған жалғыз ағасының ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірген.
Қызмет жолы. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.
1966–1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.
1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.
1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.
1996-2004 жж. ҚР мәжілісінің І және ІІ шақырылымдарының депутаты болды.
2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет