L-тарау. Математикалық ұғымдарды оқып үйрену



бет10/20
Дата24.01.2022
өлшемі134,62 Kb.
#113848
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Математикалық ұғымдардың оқыту үдерісінде қолданылуы МАРЖАН
жпт тест жауаптары, жпт тест жауаптары, жпт тест жауаптары, 2 5244677121690833734, Тексты с пробных юстади 61 Помощник столоначальника жил на больш, Тексты с пробных юстади 61 Помощник столоначальника жил на больш, 412 үлгілік лицензия
2. Ұғымдардың атын атау. Бұл деңгейде мұғалім кейбір жағдайларда, оқушылар үйренетін ұғымдың денелерін көрсетіп тұрып, оның атауын айтады. Мысалы: «Бұл бұрыштар көршілес бұрыштар дейіледі», «бұл фигура ромб дейіледі» , «сөйтіп біз жаңа геометрік фигураға ие болдық.Оны трапеция дейді» және т.б

3.Ұғымдардың анықтамасын келтіру.Оқушылар салыстыру,қарама-қарсы қою операциялары нәтижесінде қаралатын ұғымдардың жалпы негізгі қасиеттерін анықтап,мұғалімдің көмегімен осы ұғымдың анықтамасын келтіреді.

4.Ұғымдың бар екендігін дәлелдеу.Оқушыларда мынаны әдет етіп қалыптастыру керек,олар қандайда бір математикалық ұғымға анықтама бергенде сол ұғымға сәйкес обьекттер класстың (мысалы, қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болатын квадраттар) бар екендігін көрсете білсін. Төменгі және орта класстарда бұл жұмыс негізінен фигураларды жасау, фигураларды бірінің үстіне екіншісін қою, парақты бүктеу сияқты жолмен жүзеге асырылады.

5.Ұғымды белгілеу.Кейде жаңа ұғымды қысқа түрде көрсету үшін арнайы белгілер,символдар енгізіледі.

Танымал француз математигi Фреше: «егер,бір нәрсе керек болса , бұл – нормативті әдістерді жою: олардың қалай пайда болғанын, не үшін қажеттілігін, қалай қолданылатынын көрсетпей ешқандай анықтама бермеу», - деді. Мектепте оқытуда математикалық ұғымдарды енгізу кезінде оқыту шарттарының (математикалық ұғымдар сипаттамасын, топтар құрамын және т.с.с) объективті ауысуына байланысты толықтылылатын немесе қысқартылатын, серпінді болуы тиіс келесі сызбамен негізге алу пайдалы. Мысал ретінде «Параллель түзулер» ұғымын кезеңдер бойынша оқытудың әдістемелік сызбасын қарастырамыз.




Оқыту үрдісінің кезеңдері

Ұғымды қалыптастырудың психологиялық сатылары


Берілген ұғымның символдық немесе нақты сөздік берілуі; берілген ұғымның айқын модельдері


1-шi қадам. Бұл үғымды оқыту пайдалылығын көрсететін айқын практикалық мысаларды табу.

2-шi қадам.Берілген ұғымның әртүрлі мардымды және мардымсыз белгілерін анықтау (оқушылар); берілген ұғымды білдіретін терминді енгізу (оқытушы)

Егер ерекше жағдайлар бар болса, оларды қарастыру

Берілген ұғымды білдіретін терминнің дәлелдемесі (оқытушы)

3-қадам. Берілген ұғымның маңызды қасиеттерін сұрыптау және осы ұғымның анықтамасын қалыптастыру; бастапқы анықтама, түзетулер енгізу, екінші анықтама (оқушылар)

Айқын анықтама (оқытушы); анықтаманы қайталау (оқушылар)

4-қадам. Ұғымды айқын мысалдармен сипаттау; ұғымның модельдері (серпінді және орнықты); контр-мысалдар

Символдық белгілері

5-қадам. Берілген ұғымның басқа мүмкін анықтамалары (оқытушы анықтаманы сөзбе-сөз қайталауларын талап ететін әріпшіл болмауы тиіс, бірақ математикалық тіл мен жазуда қателіктеріне төзімділік танытпауы тиіс)

Түйсікті қабылдау


Түйсіктен елестетуге өту

Елестетуден ұғымға өту


Ұғымның жасалуы


Ұғымды меңгеру



Жолдың түзу бөлігіндегі темір жол құрылысы (темір жол тораптарының қалануы), есік ойығының жиектері

  1. түзулердің көлденең орналасуы (мардымсыз белгі)

  2. бір-бірінен бірдей қашықтықта (мардымды белгі)

  3. ортақ нүктесі жоқ түзулер (мардымды белгі)

  4. екі жағынан да ақырсыз ұласатын түзулер (мардымсыз белгі)

Үйлесетін түзулердің де бір-бірінен бірдей қашыктықта (нөлге тең) жататыны айтылады.

Параллель гректің «parallelos» сөзін аударғанда «жақын жүретін» деген мағынаны білдіреді.



  1. Параллель түзулер –бірдей қашықтықта жататын түзулер (айқын емес, қарсы мысал: кейбір бұрыштардың жақтары кейбір мағынада биссектрисасына қарағанда бірдей қашықтықта орналасады)

  2. Параллель түзулердің ортақ нүктесі болмайды. (толымсыз: қарсы мысал – айқас, үйлесетін түзулер және т.с.с.)

  3. Анықтама: « Бір жазықтықта жататын, ортақ нүктесі жоқ қиылыспайтын немесе бір түзудің бойында жататын а және b екі түзуі параллель түзулер деп аталады»

  1. Баспалдақ сатылары

  2. Бөлмедегі еден мен қабырғаға бастыра шегелентін тақта мен қабырғаның төбемен қиылысатын жиегі

  3. Кубтың моделіндегі сәйкес қырлары

  4. a||bнемесе (AB)||(CD) айқыш түзулері

Ұғым анықтамасын «бөліктеп» беруге болады:

  1. Параллель түзулер олар:

а) бір жазықтықтың бойында жатады;

б) бір түзудің бойында жатады немесе ешқандай ортақ нүктесі болмайды

2) Параллель түзулер – бір жазықтықтың бойында жатып, ешқандай ортақ нүктесі бола алмайтын түзулер.

16-сурет
Енді “параллель түзу сызықтар” ұғымымен оқушыларды эвристік сұхбат методы негізінде қалай үйрету керектігіне байланысты өтілген сабақтың бір бөлімін келтіреміз:

Евклидтың бұдан 2300 жыл бұрын жазған атақты “Бастамалар” кітабында (1-кітап,23-анықтама) “параллель түзу сызықтарға төмендегідей анықтама беріледі: “бір жазықтықта жататын “-” шексіздіктен “+“ шексіздікке шексіз жалғастырғанда да қиылыспайтын екі түзу сызық параллель түзу сызық деп аталады”. Евклид бұл анықтаманы келтіргенде “түзу сызықтарды шексіз жалғастыру”ды айтады. Мұнда “жалғастыру” дың себебі мынадай, ол түзу сызықты шектеулі деп елестетке . Шынындада, Евклидтың постулатында (сол кітап, 2-постулат) төмендегі сөздерді оқиймыз: “елестетейік, шектеулі түзу сызық осы түзу сызық бойынша үздіксіз жалғастыру мүмкін болсын”. “Параллель түзу сызықтар” ұғымымен оқушыларды эвристік сұхбат методы негізінде қалай үйрету керектігіне байланысты өтілген сабақтың бір бөлімі.

Мұғалім:-Балалар (мұғалім класс сызғышын көрсетеді) класс сызғышының қырларына назар аударыңыздар. Сызғыштардың осы қырлары (оқытушы қолымен қырларын көрсетеді) екі жаққада жалғасқан деп елестетейік. Бұл қырлар бізге қайсы геометрик фигураны есімізге түсіреді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет