Оқушылар: -Себебі олар қиылыспайды
Мұғалім: -Тағы кім мысал келтіреді?
Оқушылардың бес-алтауы «параллель түзу сызықтар»ға қатысты мысалдар келтіреді.
Мұғалім: -Тақтада қандай түзу сызықтар (мұғалім тақтаға параллель емес,бірақ түзу бойында қиылыспайтын, екі түзу сызық сызады) сызылған.
Оқушылар: -Бұл түзу сызықтар параллель емес.
Мұғалім: -Оқушылар дәптерлеріңе пареллель түзу сызықтарды және параллель емес түзу сызықтардың суретін салыңдар.
Оқушылар дәптерлеріне айтылған тапсырманы орындайды.
Мұғалім: -Енді сол салған суреттеріңді қасына «бұл параллель түзу сызықтар», «бұл параллель емес түзу сызықтар» деп жазып қойыңдар.
Мұғалім балалардың жазуларын тексеріп шығады. Кейбір оқушылар жазуды ауыстырып жазады. Мұғалім оқушылардың қателерін дұрыстайды.
Сөйтіп, «параллель түзу сызықтар » деп қандай сызықтарды айтады екен?
Оқушы: -Параллель түзу сызықтар деп,қиылыспайтын екі түзу сызыққа айтады.
Мұғалім: -Мынадай (мұғалім екі металл сымдың кесіндісін айқас түрге келтіреді) түзу сызықтар немесе мынадай (мұғалім бөлмедегі екі айқас түзу сызықтар сияқты қырларды көрсетеді) түзу сызықтарды параллель түзу сызықтар деуге бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |