Лабораториялық жұмыс №1



бет1/5
Дата07.04.2020
өлшемі2,32 Mb.
#61825
түріПрограмма
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лаб doc

«C++ Builder программалау» пәнінен

Зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған

(5В070300 «Ақпараттық жүйелер » мамандығының

2 курс студенттері үшін

күндізгі бөлім )
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ









Лабораториялық жұмыс № 1.

Тақырыбы: С++ Builder ортасының визуальды және визуальды емес компонентттер

Мақсаты: С++ тілінін негізгі операторлары қолданып, қарапайым программа құра білу; құрылған алгоритмді ДЭЕМ-ға енгізу білу.

Материалдар және жабдықтар: ДК, C++ Builder программалау ортасы
Жұмыстың мазмұны және орындалу тәртібі:

  1. Вариант бойынша тапсырманы алу

  2. Есептің қойылымы

  3. Есепті шешу алгоритмі

  4. Есепті шешу программасын C++ Builder программалау ортасында құру

  5. Программа листингі

  6. Орындалған жұмыс жөнінде есеп беру


Әдістемелік нұсқау

С++ тілі – тасмалданатын тіл. Бұл ортада жазылған қолданбалы программалар бір компьютерден екінші компьютерге оңай тасмалданады. Сонымен қатар тіл - оңай компиляцияланатын тіл болып табылады. Ол жүйелік программаларда пайдаланылады.

Программалауды объектілік тұрғыда жүргізу ХХ ғасырдың 80-шы жылдарының ортасынан бастап 90-шы жылдардың соңына дейінгі уақытты қамтиды. Объектіге бейімделген программалау программаны объектілер жиынтығы түрінде көрсетуге негізделген күрделі программалық қамсыздандыруды жасаудың технологиясы ретінде анықталады. Мұнда әрбір объект белгілі бір тип, яғни класс данасы болып табылады. Ал, кластар қасиеттердің мұрагерлікке байланысты иерархиялықты құрайды. Мұндай жүйедегі программалық объектілердің өзара әрекеті хабарлама жіберу көмегімен орындалады. Программаның объектілік құрылымы ең алғаш күрделі жүйелерді иметациялық модульдеудің simula (ХХ ғасыр 60-шы жылдар) қолданған болатын. Объектілік тұрғыда программалаудың Delphi, C++ Builder, Visual C++ құралдары кеңінен таралған.
С++ Builder программалау ортасында негізгі келесі элементтер бар (терезелер):


  1. негізгі терезе (көк жолағы бар);

  2. обьектілер инспекторы терезесі (қасиеттер, оқиғалар);

  3. форма терезесі;

  4. программа коды терезесі (Unit1.cpp);

  5. обьектілер ағашы терезесі (Object Tree View).

Терезелердің арасында көшу Ғ12 пернесін басумен жүзеге асырылады. Негізгі терезеде құрылатын табаны басқарудың негізгі функциялары бар. Бұл терезеде негізгі меню, пиктографикалық батырмалардың жиыны және компоненттер палитрасы орналасқан.

Форма терезесінде болашақ жобаның жалпы кескіні жасалады. Обьектілер инспекторы терезесінде формаға орналастырылғанбарлық компоненттер, әртүрлі параметрлер жиынымен негізделеді: күйі, мөлшері, түсі т.б. Бұл терезесінің 2 беті бар: properts(қасиеті) және events(оқиғалар). Программа коды терезесінде қосымша мәтінін редакциялау және жазу үшін арналған. Обьектілер ағашы терезесінде формаға орналастырылған визуальды және визуальды емес компоненттердің құрылымын бейнелейді.

Программаны компиляциялау бірнеше әдістермен жүзеге асырылады. Run командасының көмегімен немесе Ғ9 батырмасы көмегімен жүзеге асыруға болады. Компиляциялаудың 2-ші әдісін Project/Compile project немесе Ctrl+F9 пернелерінің көмегімен жасауға болады.
Пиктографиялық батырмалардың қызметі.


  1. Файл->cоздать File->New-жаңа қосымшаны құру.

  2. File/Open file –бар файлды ашу.

  3. File/Save file-ағымдағы файлды сақтау.

  4. File/Save all-проектінің барлық файлдарын сақтау.

  5. File/Open project-бұрын құрылған проектіні шақыру.

  6. Project/Add to-проектіге файл қосады.

  7. Project/Remove from Project-проектіден файлды өшіреді.

  8. Help/Contens-анықтамалық жүйені шақырады.

  9. View/units-ағымдағы проектімен байланысты модельді модельдер тізімінен таңдайды.

  10. View/Forms-форманы редакциялау үшін оның күйін береді.

  11. View/Toggle Form/Unit-форма терезесімен программа коды терезі өзара алмасады.

  12. File/New form-жаңа форма құрып және оны проектіге қосу.

  13. Run/Run-программаны орындауға жібереді және компиляциялайды.

  14. Run/Program pause-программа орындау барысында уақытша тоқтатылады.

  15. Run/Trace Info-ішкі программаның көмегімен программаны қадам бойынша орындайды.

  16. Run/Step Over- ішкі программаны шақырмай-ақ, программаның қадамдап орындайды.

Компоненттер палитрасы қосымшаны өңдеуге қажетті компоненттерді таңдауға мүмкіндік береді. Әр компоненттің негізі-қандайда бір функционалды элемент болып табылады. Программист бұл элементті формаға орналастыра отырып, оған анықталған қасиеттерді бере алады және қайсыбір іс-әрекеттерді орындай алады.

Компоненттерді өндеушінің талабына сәйкес қалыптап алуға болады. Компоненттерді қалыптап (настройка) диалогтық терезесі Palette Propeties терезесінде орындалады. Бұл диалогтық терезені 2 әдіспен ашуға болады:



  1. Палитра компанентінің контекстік менюін пайдалану арқылы.

  2. Component/Configure Palette командасын орындау арқылы.

Standart беті.


Frame-тұқым қуалау мүмкіндіктері мен компоненттеріне арналған контейнер.

Main menu-формаға арналған негізгі меню командаларының панелін құрады.

Popup menu-тышқанның оң жағын басқан уақытта өзенше бір терезе болып шығатын көмекші менюді құрады.

Label-формада текст тақырыбын береді.

Edit-формаға енгізілетін информация үшін енгізуді редакциялайтын бір жолды облысты бейнелейді.

Memo-формаға енгізілетін информация үшін енгізуді редакциялайтын көп жолды облысты бейнелейді.

Button-жазбалы батырманы құрады.

Check Box -екі күйді басқару элементін құрады.

Radio Button-екі түрлі күйді басқару элементін құрады. Check Box-тан айырмашылығы бір айырғышқа тышқанмен шерту екі айырғышты автоматты түрде ажыратады.

List Box-мәтіндік жолдар тізімінің облысын бейнелейді.

Combo Box-түсетін тізімнен аралас редакциялау құрады.

Scroll Bar-теру форманың тізімді немесе мәндер диапазонын қарау үшін айналдыру жолағын құрады.

Group Box-қайсыбір компоненттің формада логикалық байланысты тобын біріктіретін контейнер құрады.

Radio Group-формада тәуелді фйырғыштар тобын біріктіретін контейнер құрады.

Panel-инструменттер панелін немесе күй жолағын құрадф.

Action List-компоненттің іс-әрекеті тізімін жинақтайтын компонент. Оларға меню пункттері немесе кнопкалар жатады.



1 –сурет С++ Builder интегралдық ортасының негізгі визуальды құралдары



2- сурет Басқару панелі


3- сурет Объектілер инспекторының панелі

4-сурет жұмыс терезесін визуальды жобалаушы (Форма)





5-сурет Программаны өңдеу терезесі

Мысал: С++ Builder программалау ортасында Қарапайым программа құру



Орындау реті:

  1. Формаға Edit1, Edit2, Label және Button компоненттерін қою

2.


1.Edit1-Dollarss.

2.Edit2-Rate (Rate-курс обмена).

3.Label1- Label1 бастапқы мәтін алып тастаймыз.

4.Button-TotalButton >.

Edit1 және Edit2 бастапқы мән ретінде 0 меншіктейміз

Программа кодын TotalButton батырмасын шертіп жазамыз




Программаны орындауға жіберу үшін F9 пернесін басамыз.

Тапсырма: Меншіктеу операторын қолданып программа құр

1. a) y = b) z = 2. a) y = b) z =

3. a) y = b) z = 4. a) y = b) z =

5. a) y = b) z = 6. a) y = z =

7. a) y = b) z = 8. a) y = b) z =

9. a) y = z = 10. a) y = b) z =

11. a) y = b ) z = 12. a) y = b) z =



13. a) a) y = b) z =
14. a) y= |sinx4-cos3 (x/3)|+ln2x, b) z = ln(tgx2)- sin3x,


  1. a) y= ln(x-1)-lg3x, b) z = (5x2+3x-10000x-1)1/5 .

Бақылау сұрақтары

  1.      С++ Builder тілінін негізгі компоненттері.

  2.      Программалаудың негізгі құрылымы қандай?

  3.      Енгізу-шығару процедуралары қалай жүргізіледі?

  4.      Сызықтық операторды қандай операторлар орындайды ?

 

Блиц-тест


1. Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты келесі классқа бөлінеді:

  1. жалпы мәнді;

  1. программалауға үйретуші;

  1. барлық жауап дұрыс

  1. проблемалық-бағытталған;

  1. параллель программалаушы



1. ОБП-ның негізгі принциптері

  1. Инкапсуляция, мұралау, полиморфизм

  1. мұралау, дедукция, инкапсуляция

  1. Индукция, мұралау, полиморфизм

  1. Полиграфия, мұралау

  1. Инкапсуляция, мұралау, делегирлеу




2. Көріну тәсілдерін өсу реті бойынша таңда.

  1. protected, private, public

  1. private, public, protected

  1. private, protected, public

  1. public, protected, private

  1. pritected, public, private




3. Компоненттердің Name қасиет нені анықтайды?

  1. Қате туралы хабарлама шығаратын мәтінді анықтайды

  1. Программадағы компонент атауын анықтайды

  1. Файлға шығарылатын мәтінді анықтайды

  1. Компонент өрісіне шығарылатын жазуды анықтай

  1. Компонентке енгізілетін мәтінді анықтайды




4. Объекті-бағытталған программалау тілдерінің негізгі концепциясы

  1. байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады

  1. құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады

  1. жәй мәліметтерден (сан, массив, текст) және күрделі құрылымды информациялардан (график, дыбыс т.б.) тұрады

  1. біртипті объектілерге арналған шаблон және объектілі айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын информациялардан тұрады

  1. программалауда әрекет объектіге хабарларды беру арқылы инициализацияланады


Жұмысты орындауға тапсырмалар

 

1. Лекциялар, әдебиеттер, әдістемелік нұсқау бойынша теориялық материалды қайталау.



2. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

3. Тапсырма вариантын таңдау және орындау

4. Есеп жазу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет