Лабораториялық сабақтар тізімі


Белоктар мен амин қышқылдарының түрлі-түсті реакциялары



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)
Зертханалық жұмыс №1
Белоктар мен амин қышқылдарының түрлі-түсті реакциялары. 
 
Биурет реакциясы. 
Реактивтер:
1%-тік CuSO
4
, 10%-тік және 30%-тік NaOH, 1 %-тік Нингидрин реактиві, 5%-дық 
(CH
3
COO
2
)Pb. 
2 пробирка алып біреуіне 5 тамшы 1%-тік жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне 5 
тамшы 1%-тік бидай белогының ерітіндісін құяды. Содан соң екі пробиркаға да 5 тамшыдан 10%-
тік NaOH ерітіндісін және 2-3 тамшыдан 1%-тік CuSO
4
ерітіндісін қосады. Екі пробиркадағы 
ерітінді де тұрақты күлгін-көк немесе қызыл-күлгін түске боялады. Бояудың түсі (қоюлығы) 
пептидтік байланыстың санына қарай өзгереді. 
Нингидрин реакциясы. 
Реактивтер:
1%-тік жұмыртқа белогы, 1%-тік бидай белогы, 0,1%-тік глицин ерітіндісі және 0,1%-тік 
нингидрин ерітіндісі.
 
Үш пробирка алып оның біріншісіне 5 тамшы 1%-тік жұмыртқа белогын, екіншісіне 5 
тамшы 1%-тік бидай белогын, ал үшіншісіне 5 тамшы 0,1%-тік глицин ерітіндісін құяды. Содан 
соң әрбір пробиркаға 2-3 тамшыдан 0,1%-тік нингидрин ерітіндісін қосып қайнатады, 1-2 
минуттан кейін ерітіндінің түсі қызғылт артынан көк түске ауысады. Пробиркалардағы 
ерітінділердің түстерін салыстыра отырып қорытынды жасаңыз.
 
Ксантопротеин реакциясы. 
Реактивтер:
1%-тік жұмыртқа белогы, 1%-тік бидай белогы және концентрлі HNO
3

Екі пробирка
 
алып, біріншісіне 5 тамшы
 
1%-тік жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне 
5 тамшы 1%-тік бидай белогының ерітіндісін құяды. Содан кейін екі пробиркаға да екі тамшыдан 
концентрлі HNO
3
қосып қыздырады. Пробиркадағы сұйықтар ашық сары түске боялады. Оларға 
аздап сілті немесе аммиак ерітіндісін қосатын болса түсі қызғылт-сарыға ауысады. 
 
Фоль реакциясы. 
Реактивтер:
1%-тік жұмыртқа белогы, 1%-тік бидай белогы, 5%-тік қорғасын ацетатының ерітіндісі және 
30%-тік NaOH ерітіндісі. 
Екі пробирка


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет