Лабораториялық сабақтар тізімі


Глюкозаның фенилгаидразинмен реакциясы (фениозазонды алу)



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)
Зертханалық жұмыс №1
Глюкозаның фенилгаидразинмен реакциясы (фениозазонды алу). 
Реактивтер: 
5%-тік глюкоза ерітіңдісі және сіркеқышқылфенилгидразин ерітіндісі 
Пробиркаға 2 мл 5%-тік глюкоза ерітіңдісін және 2 мл сіркеқышқыл-фенилгидразин 
ерітіндісін араластырады. Пробиркадағы реакциялық қоспаны қайнап тұрған су моншасында 20-
30 минут қыздырады. Тұнбаға кристалдық глюкозаның фенилозазоны түседі. Пипетка арқылы 
тұнбамен бірге сұйық тамшысын шыны плстинканың үстіне тамызьш микроскоп астында 
қаралады. Кристалдар инеге ұқсас, бір-бірімен шөп маясы сияқты байланысқан. Фенилгидразин 
суда нашар ерігендіктен оның орнына сіркеқышқылды фенилгидразин қолданылады, суда ерігенде 
өте жеңіл гидролизденіп, бос фенилгидразин түзіліп глюкозамен рекцияға кіріседі. 
Сіркеқышқылфенилгидразиннің гидролиздену схемасын, глюкозаның фенилгидразинмен 
(артық болған жағдайда) реакциясын жазыңдар. Глюкозаға ұқсас қандай моносахридтер 
фенилзазон түседі? 
 
Моносахаридердің шайырлануы. 
Реактивтер: 
10%-тік глюкоза ерітіндісі және 40%-тік натрий гидроксиді ерітіндісі. 
Пробиркаға 1 мл 10%-тік глюкоза ерітіндісін және 1 мл 40%-тік натрий гидроксидін кұяды. 
Қоспаны сілки отырып, қайнатқыш (фарфор сынықтары) салып 2-3 минут қайнатады. Осы кезде 
пробиркадағы қоспа сары түске, одан кейін қара-қоңыр түске болады. Күшті сілті ерітінділерімен 
моносахаридтерді қыздырғанда олар тотығады және шәйірленеді, күрделі заттардың қоспасы 
түзіледі, бұл полимеризация және поликонденсация реакциясына түзілген заттың, олар 
моносахаридтер ыдыраған кезде түзіледі. Реакция кезінде түзілген шәйірде бос гидроксил топтары 
болады сондықтан олар суда өте жақсы ериді. 
Кетогексозаға Селивановтың рекциясы.
 
Реактивтер: 
Селиванов реактиві, 1%-тік глюкоза және 1%-тік фруктоза ерітіндісі 
Екі пробиркаға 2 мл-дан Селиванов реактивін құйяды (Резорциннің сұйтылған тұз 
қышқыльшдағы ерітіндісі). Бірінші пробиркаға екі тамшы 1%-тік глюкоза, екіншісіне екі тамшы 
1%-тік фруктоза ерітіндісін тамызады. Екі пробирканы да 5-8 минут қайнап тұрған су моншасында 
қыздырады. Пробиркадағы глюкоза және фруктоза ерітінділердің бояуларының түсін 
салыстырыңдар. Минералды қышқылдармен, мысалы тұз қышқылымен қатар әртүрлі заттырдың 
қоспасы тұзіледі. Селиванов реакциясы альдоза мен кетозаларды ажырату мумкіндігін береді. 
Фруктозаны тұз қышқылымен қыздырғанда ол 5-гидрокси-метилфурфуролға айналып, 
резорцинмен реакцияға түседі (Селиванов реактивінің құрамына кіреді) қызғылт бояу түсті 


қосылыс түзеді, және резорцинмен боялған конденсация заттары түзіледі, бірақ альдозаларда бұл 
рекциялар өте жай жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет