Лабораториялық сабақтар тізімі


Глюкозаның және формальдегидтін фуксинкукіртті қышқылымен реакциясы



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)
Зертханалық жұмыс №1
 
Глюкозаның және формальдегидтін фуксинкукіртті қышқылымен реакциясы. 
Реактивтер: 
Фуксинкүкіртті қышқылы, формальдегид ерітіндісі және глюкоза ерітіндісі. 
Екі пробираға 1 мл фуксинкүкіртті қышқылын құяды. Бірінші пробиркаға формальдегид 
ерітіндісін 1 мл 10%-тік глюкоза ерітіндісін құяды. Пробиркалардағы қоспаны жақсылап 
араластырады. Біраз уақыт өткен соң формальдегид құйылған пробиркада күлгін қызғылт түске 
боялады, ал глюкоза кұйылған пробирка түссіз күйінде қалады. Глюкоза және басқа 
моносахаридтер неге альдегидтер мен кетондарға тән реакцияны бермейді. Түсіндіріңдер. 
Мысалы: глюкоза фуксинкүртті қышқылымен және натрий гидросульфитімен әрекеттеспейді. 
4-тәжірибе.
 Моносахаридтердің күміс нидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығуы (куміс 
айна реакциясы). 
Реактивтер: 
1%-тік күміс нитратының ертіндісі, 5%-тік аммиак ертіндісі, 1%-тік глюкоза ертіндісі және 
1%-тік фруктоза ертіндісі. 
Таза пробиркаға күміс гидроксидінің аммиактағы ертіндісін дайындайды: 4 мл 1%-тік күміс 
нитратының ертіндісіне пробирканы сілки отырып 5%-тік аммиак ертіндісін тамшылатады 
алғышқы пробиркада тұнба түседі. Аммиак ертіндісін тұнба ерігенше тамшылатады. Алынған 
күміс гидроксидінің аммиактағы ертіндісін екі пробиркаға бөліп құяды. Бірінші пробиркаға 1 мл 
1%-тік глюкоза, екіншісіне 1 мл 1%-тік фруктоза ертіндісін құяды. Екі пробирканы да 70-80°С-қа 
қыздырлған су моншасында 5-10 минут қыздырады. Осы кезде пробирканың қабырғасына металл 
күміс бөлініп жылтыр айна қабыршағы пайда болады, ол үшін пробирка қабырғалары өте таза 
болуы керек. Егер пробирка қабырғалары кір болса онда металдық күміс қара тұнба түрінде 
бөлініеді. Жақсы айна алу үшін алдын-ала пробирканың ішінде 10%-тік натрий гидроксидінің 
ертіндісін құйып қайнатады, содан соң сумен жуады. 
Д-глюкозаның күміс гидроксидінің аммиактағы ертіндісімен тотығу реакциясының схемасын 
жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет