Лабораториялық сабақтар тізімі



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)
Зертханалық жұмыс №1
Карбон қышқылдары 
 
Сірке қышқылын алу
 
Реактивтер: 
Сірке қышқылының натрий тұзы, концентрациялы күкірт қышқылы және лакмус қағазы. 
2 г сірке қышқылының натрий тұзының кристалдарынын пробиркаға салып, оған 3 мл 
концентрациялы күкірт қышқылын қосыңдар. Реакция жақсы жүру үшін пробирканы абайлап 
қыздырамыз (ыстық су құйылған ыдысқа). Сірке қышқылының түзілгендігін оның өзіне тән иіспен 
анықтауға болады. Пробирканың аузына ылғанданған лакмус қағазын жақындатқанда оның түсі 
қызарады. Ол сірке қышқылының буының әсерінен. Байқалған құбылыстарға түсінік беріңдер. 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Карбон қышқылының натрий бикарбонатымен реакциясы
 
Реактивтер: 
5%
 
сода ерітіндісі, сірке қышқылы, құмырсқа қышқылы және қымыздық қышқылы. 
3 пробиркаға әрқайсысына 2-3 мл 5%
 
сода ерітіндісін құйып, оларға: 1-не 2 тамшы сірке 
қышқылын, 
2-не 

тамшы 
құмырсқа 
қышқылын, 
3-не 
2-3 
тамшы қымыздық қышқылын қосыңдар. Зерттелген заттардан натрий биокарбонатын қосқанда 
көміртек қос тотығы бөлінеді. Оларда карбоксил тобының бар екендігін көрсетеді. Реакциялардың 
теңдеулерін жазыңдар. 
 
Сірке қышқылының тотығуы
Реактивтер:
Сірке қышқылы, күкірт қышқылы ерітіндісі, калий перманганаты ерітіндісі және ұшын ізбес 
суы. 
Пробиркаға 2 мл сірке қышқылын, 2 мл күкірт қышқылының ерітіндісін, 3 мл калий 
перманганатының ерітіндісін құйып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен бекітеді. Түтікшенің 
екінші ұшын ізбес суы бар пробиркаға батырып қояды. Қышқыл бар пробирканы қайнау 
басталғанша қыздырады. Калий перманганатында қандай өзгеріс болады? Ізбес суында тұнба пайда 


бола ма? Байқаған құбылыстарға түсінік беріңдер. Реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет