Лабораториялық сабақтар тізімі



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)
Зертханалық жұмыс №1
 
 
Глицериннің дегидратациясы 
Реактивтер: 
Этил спирті - 96%, глицерин және күкіртқышқылының натрий тұзын.
 
Тәжірибе ауа тартқыш шкафта жүргізіледі. Құрғақ пробиркаға бірнеше тамшы глицерин 
тамызып, оған 1 г шамасында күкірт қышқылының натрий тұзын қосып араластырады да, 
абайлап қыздырады. Акроленнің түзілгендігін оның өзіне тән өткір иісінен анықтайды. 
Реакцияның теңдеуін жазыңдар. 
Альдегидтер мен кетондар 
Этил спиртін сутексіздендіру арқылы ацетальдегид алу 
Реактивтер: 
Этил спирті және мыс сымы.
Пробиркаға 2 мл этил спиртін құйып, оған алдын-ала спиртовка жалынында сыртына қара 
қабыршақ пайда болғанша қыздырылған мыс сымнан жасалған спираль батырады. Байқаған 
өзгерістерді талдаңдар. Мыс сымның сыртында пайда болған қабыршақты түсіндіріңдер. 
Реакциялардың теңдеуін жазыңдар. 
 
Этил спиртін тотықтыру арқылы ацетальдегид алу 
Реактивтер: 
Калий бихроматы, концентрациялы күкірт қышқылы және этил спирті. 
0,6 г калий бихроматын пробиркаға салып, 3 мл концентрациялы күкірт қышқылын және 3 
мл этил спиртін қосып араластырады. Пробирканы штативке көлбеу бекітіп, аузын газ жүретін 
түтікшесі бар тығынмен мықтап бекітеді. Екінші пробиркаға 3 мл су құйып, оны ішіне салқын су 
құйылған стаканға салып, оған газ жүретін түтіктің екінші ұшын батырады. Бірінші қоспасы бар 
пробирканы сақтықпен спиртовка жалынында 3-4 мин. қайнатады. Екінші пробиркада қандай 
өзгеріс болды? Көңіл аударып тәжірибенің басынан аяғына дейін көптеген өзгерістердің болғанын 
байқауға болады. Алынған заттың өзіне тән иісі бойынша анықтайды. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Ацетон алу 
Реактивтер: 
Кальций ацетаты немесе варий ацетаты. 
Құрғақ пробиркаға 2-5 г кальций ацетатын салып (немесе барий ацетатын) аузын түтікшелі 
тығынмен мықтап жабады. Пробирканы штативке азырақ төмен қарата көлбеу бекітеді. Пробиркаға 
3 мл су құйып, оны ішінде салқын суы бар стаканға салып қояды да, оған түтікшенің ұшын 
батырады. Кальций ацетаты салынған пробирканы біртіндеп спиртовкада 5 мин. қыздырады. Не 
байқадыңдар? Екінші пробиркадағы сұйықтың көлемі өзгерді ме? Айдалған заттың түсі қандай? 
Затты иісіне қарап ажыратыңдар. Реакциялардың теңдеуін жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет