рН (активті қышқылдылық)- бұл сутекті иондарының концентрациясы болып табылады. Ол су иондрының теріс логарифм концентрациясымен анықталып, рН – пен белгіленеді. Н2 концентрациясы жоғары болған сайын , рН төмендейді. Жаңа сауылған сүттің рН мәні 6,47-6,67 болуы тиіс. Мұндай рН мәні сүттің колоидты жүйесіне және бактериялардың дамуына тұрақты. Активті қышқылдығы жоғары болған кезде микроорганизмдер дамуы баяулайды, ал мүлдем төмен болған кезде микроорганизм өсуі тоқтайды.
Сүттің тығыздығын сауып болған соң 2 сағаттан кейін анықтау керек. Тығыздықтың көлемі лактация периодына, мал ауруына, жем беру рационына және породаға байланысты.
Түйе және сиыр сүтінің физикалық қасиетін салыстырмалы түрде 3-ші кестеде көруге болады.
Кесте 3. Сиыр және түйе сүтінің физикалық қасиетін салыстырмалы түрде зерттеу.
Сүттің түрі
|
Физикалық қасиеттері
|
0 Т
|
Тығыздығы 0А
|
рН
|
Сиыр сүті
|
16
|
29
|
6,6
|
Түйе сүті
|
18
|
27
|
6,4
|
Түйе және сиыр сүтінің физикалық қасиеттерін салыстырғанда түйе сүтінің қышқылдығы жоғары. Ал тығыздығына келетін болсақ сиыр сүтінің тығыздығы 29 0А, түйе сүтінің тығыздығы 270 А. Яғни сиыр сүтінің тығыздығы жоғары. Сиыр сүтінің активті қышқылдығы 6,6 , ал түйе сүтінің активті қышқылдығы 6,4. Яғни сиыр сүтінің активті қышқылдығы түйе сүтіне қарағанда жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |