1.5 Лактулозаның физиологиялық қасиеті
Қазіргі кезде лактулозаның жануарлар мен адам организмінің бифидофлорасының дамуына жағымды әсер ететіндігі дәлелденді. Функционалды тамақтану маманы Г.Мизота лактулозаның физиологиялық маңыздылығы туралы былай деді: « Медицинада қолданылуы ішек микрофлорасының метаболизіміне тікелей әсер ететін көмірсулы компоненттерінің эталоны болып отыр».
Адам денсаулығына лактулозаның сауықтыру әсері бифидобактериялардың маңызы туралы ғылыми-зерттеу арқылы анықталды. Асқорту жолы өте маңызды жүйе, макроорганизмдердің және соның нәтижесінде қалыпты биоценоз түзудегі өте маңызды, күрделі және қалыпты микрофлорасы қалыптасқан жүйе. Функцияларды және қалыптасқан мүшелер мен жүйенің қызметі әртүрлі метоболиттық, ферменттің, витаминдердің, антигендердің және түрлі қосылыстардан тұратын микробиологиялық трансформациялық процессте маңызды роль атқаратын қалыпты микрофлора болып табылады. Бифидобактериялық қалыпты биоценоздағы маңызды өкілдері болып табылады.Олар анаэробты бактериялар, морфологиялық құрылымы бойынша, ірі грамм қалыпты, спора түзбейтін таяқшалар, денесінің соңғы бөлігі екіге ажыраған, полимерфизмге бейімді бактериялар. Ана сүтімен қоректенетін 5-20 күндік нәрестелердің ішек микрофлорасында көп кездесетін мөлшері (80-98%) болады. Қалыпты жағдайда ана сүтімен қоректенетін балалардың бифидибактерияның мөлшері 10-9-10-10 КОЕ\гр фекалий, ал жасөспірімдерде және ересек адамдарда оның мөлшері 10-8-10-9КОЕ\гр болады.
Бифидобактериялар өте маңызды қызмет атқарады, әсіресе ішектің сілемейлі қабықшасы арқылы өтетін потогенді және шартты потогенді микроорганизмдер. Олар ағзаны бүлдіретін микроорганизмдермен, токсиндердің өтуіне кедергі келтіреді. Бифидобактериялар аминқышқылдарды, белоктарды, пантотен қышқылын және В- тобының витаминдерін синтездейді.Сонымен қатар ішек қабырғалары арқылы астық сіңірілуі мен, олар арқылы кальцийдің, ионның, темірдің және Д-витаминінің сіңірілуіне көмектеседі. Бифидофлора иммунитеттік әсерге бейім жасушалық гуморальды және иммунитеті гуморальды функцияларды реттейді. Иммуноглобулин А-ның дегридациясының секриторына кедергі жасайды, интерфиронның түзілуіне жәрдемдеседі.
Қазіргі кезде № 1-ші бифидус факторға жататын пребиотиктер түрі- лактулоза. . Ол алғаш рет ана сүтінің құрамынан бифидобактерияларды түзетін зат алды. Кейіннен лактоза изомеразасы- лактулозаның жаңа туған балалардағы және жасанды тамақтардан жас нәрестелердегі ішек микрибиоценозының өзгерісін және жағдайына әсерін анықтады. 1% лактулозаны қоректік қоспаға қосқанда бифидобактериялардың қалыптасу көрсеткіші 0-дік мөлшерден 80-98% көтерілді. Бұл дегеніміз-ана сүтімен қоректенетін нәрестенің ішектегі мөлшеріне сай келеді.
Осы жаңалықтан кейін оның маңызын анықтайтын 10-нан астам зерттеу жұмысы жүргізілді. O. Braun зерттеу нәтижелері бойынша жас нәрестелерді балаларға арналған қоспалармен немесе құрамында 5% лактоза бар сиыр сүтінің 2\3 бөлігімен арластырып тамақтандырғанда, бифидобактерияның мөлшері жалпы микроорганизмдердің 20% құрады. Сүтке 2 %-ті лактулозаны қосқан кезде бифидофлораның бөлігі 90-95% -ға өсті. СССР-да құрамы әртүрлі көмірсу қоспалары қосылған, балаларға арналған тағамдардың азықтық клиникалық абробациясы жасалынды. 1 айлық нәрестеге арналған иондалған сүттегі лакто-лактулозаның ішек микрофлорасына өте жағымды әсері байқалған. Емшек сүтімен қоректенетін нәрестелердің ішегінде кездесетін бифидобактериялардың түрлері мен штаммалары дамыған. Украинаның ет-сүт өнімдерін өндіру ғылыми-зерттеу институтында клиникалық абробацияланып зерттелген лактулозасы бар «Виталакт» қоспасы соның нақты дәлелі болады. Педиатрлардың зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша, ең тиімді бифидогендік факторға лактулозаның жататындығы дәлелденді.
Лактулозаның бифидогенді әсер ету механизмі мынадай:
Лактулозаның лактозаға қарағанда қанға ішектен сіңбейді, тек сол өзгермеген күйде тоқ ішекке жетеді де, сахаралитикалық микрофлораның тағамды субстраты болып табылады. Яғни тоқ ішектің бактериалды құрамының өсіп-дамуына және микроэкологиясына жақсы әсерін тигізеді.Лактулоза одан басқа маңызды қасиеттерге ие, ол гепатопротекция, нейропротекция және антиэндо-токсинді әсер етеді.
Лактулоза
О
Микроорганизмдерді оральды қолданылмайды
ральды қабылдау
Қарында гидролизденбейді, сіңбейді
Бифидобактерияларды қоректік зат ретінде қолдану , олардың өсуіне жағдай жасау
Органикалық қышқылдардың түзілуі, ішектің pH жағдайының төмендеуі
Нәжістің оңай шығуы
Қанға аммиактық түсуін алдын алу
Ішек функциясының жақсаруы
Бауырға түсетін күшті азайту
Мидың улануын болдырмау
Иммунитеттің жалпы жоғарлауы
Тістерді зақымдамайды
Ішек микрофлорасының жағымды өзгерісі
Витаминдердің ситезі
Протеолиттік микрофлораның қысылуы
Түзілістердің қысылуы және қанға токсиндердің түсуін ескерту
3 сурет. Лактулозаның адам организміне әсерінің схемасы
Суретте көрсетілгендей лактулозаның әсер ету жолдарының әртүрлі болатындығы көрсетілген. Лактулоза, оральды жолмен қабылданатындықтан, қажетті ыдырату ферменттерінің болмауынан, асқорыту жолының жоғарғы бөліктерінде ыдырамайды. Адамның (ересектерде, балаларда), шошқаның және ит ішегінің сілемейлі қабығы лактулозаны гидролиздеуге қабілетсіз немесе тіпті аз мөлшерде болатындығы белгіленді. Бұл лактулозаны қабылдаудан ішектің индикаторлық қасиетінің және тағамдық аллергияның мөлшерін анықтауға, сонымен қатар эндокриндік панкриотиттік дисфункциясын диагностикалауға қолданады.[86] Лактулоза тоқ ішекте сіңіріліп, бифидобактерияларға энергия және көміртек көзі болып табылады. Лактулозаның метоболизмі кезінде сірке қышқылы, сүт қышқылы және бірнеше органикалық қышқылдар түзіліп, ішек микрофлорасының шіруіне жол берілмей, ішектің ішіндегілердің қышқылдануы жүреді. Соның нәтижесі, ағзадағы нәжіс массасының оңай шығуына, нәруыздың ыдырауынан улы заттардың аз түзілуіне, бауыр мен бүйрекке күштің аз түсуіне, иммундық реакциялардың жүруіне жағдай жасалады .
Олай болса, лактулозаның адам ағзасына әсер ету механизмі схемада толығымен талданды.Бірақ та, медицинаның соңғы зерттеулерінің нәтижесінде, лактулозаның әсер ету механизмі мен маңызы шынайы жағдайда өте күрделі және тереңірек зерттеуді қажет ететіндігі анықталып отыр.
Сүт қышқылының басым болуы , лактулозаны артық мөлшерде қабылдаудан болады. Факты бойынша анықталғандай лактулозаның метаболизмі лактозаның сіңіру жолдарынан мүлдем өзгеше. Алғашқы зерттеулер бойынша анықталғандай, лактулозаның негізгі ыдырау өнімі сүт қышқылы деп есептелінді. Кейінірек, биохимиялық процесстерді тереңірек зерттеу лактулозаның ферменттенуінен сірке қышқылының басым болуы,сонымен бірге аз да болса сүт, пропион және май қышқылдарының концентрциясы біршама жоғарылайтындығы анықталды. In-vitro тәжірбиесі нәжістің инкубациялық кезеңінде сірке қышқылының түзілу жылдамдығы рН-тың 5-тен 9-ға дейін жоғарлауынан ал, лактулоза бар жағдайда пропионат және бутиратқа рН көрсеткішінің мүлдем байланысты еместігі белгілі болды.
Лактулозаның in vitro,оның ішінде бифидобактерияларды арнаулы қоректік ортада немесе сүтте өсірсе әсер етуі мүлде басқа немесе байланыссыз болатындығы белгілі болды.Лактулозаның бифидогенді қасиеті әсіресе in vivo жағдайында ашық көрінеді. Асқорыту жолының төменгі бөлігінде бифидофлораның негізгі ортасы бифидофактор немесе «ішкі» мотор қызметін атқарады. Лактулоза өзінің физиологиялық қасиеті жөнінен жекелей де қолданылып,сонымен қатар бифидобактериялы препараттардың әерінің мерзімін ұзартады.
Теория жүзінде лактулозаны бифидо бактериялардың және де басқа да микроорганизмдердің сапалық энергетикалық көзі реттінде қолданады.. Лактулозаның төмендегі ауқымы кең бактериялардың:Lac.Laktis, Str.thermophilus, Lb.brtvis, Lb.fermentum, Lb. acidophilus және Lb. сasei өсуіне мүмкіндік жасайтындығы анықталды.Бұл негізінен оң әсерлі факт,себебі сүтқышқылды бактериялар эубиотиктерге жатады. Сондай-ақ ішек осы аталған микроорганизмдердің қолайлы ортасы болмағандықтан,олар ол жерде басымды емес.
Жұмыс барысы лактулозаның мынандай жағымсыз микроорганизмдердің әсерінен :Salmonella, Shigella sonnei, Proteus, Bacteroides пайдану қабілетсіздігін көрсетті. Кейінгі зерттеулер көрсеткендей, кейбір жекеленген штаммалар Bacteroides және тағы басқа ішек микрофлорасының өкілдері(Clostridium, E. Coli, Str. Faecalis) лактулозаны жаратпайды.Алайда, тоқ ішек микрофлорасындағы клостридиилер көп болмады, ал бактероидтардың саны лактулазының болуынан төмендейді. Соның әсерінен рН көрсеткіші төмендеп,микроорганизмдерге жағымсыз деңгей туады.
Алғаш лактулозаны өндірісте өндіру, оның физиологиялық қасиеті анықталғаннан кейін басталды. Балаларға арналған тағам қоспасының құрамы ана сүтіне өте жақын екендігі белгілі болды. Кейінгі кезде лактулоза медицинада кеңінен қолданылуда.
Әсіресе, лактулозаны гипераммонемияда, бауыр жетіспеушілігінде және портальды жүйенің энцефалоптиясы (ПЖЭ) кезінде кеңінен қолданатындығы белгілі.ПЖЭ-бұл орталық жүйке жүйесінің метаболизімінен туындайтын психологиялық және неврологиялық жағдайдың бұзылуы. Соның әсерінен ақыл-естен біртіндеп айырлу, кейінен комаға түсуге әкеледі. Аурудың туындауы қан арқылы бауырға сіңген ішектегі аммиакты шіріту бактериялардың әсерінен болатындығы дәлелденді. Бауырдың бұзылу нәтижесінде аммиак миға түсіп, токсин ретінде әсерін тигізе бастайды. 1964 жылы F. Ingelfinger алғаш рет лактулозамен (ПЖЭ) емдеуге ұсыныс жасады. J.Brircher және басқалары бұл мүмкіншілікті экспериментальды зерттеулердің мәліметтерімен дәлелдеді.
Дәрігерлердің көп жылғы тәжірбиелерінің қорытындысы бойынша, мынадай шешім жасалды, ПЖЭ-мен ауратын және асқынудан комаға түскенде, лактулоза біргей шынайы өмір сүру мүмкіншілігі екендігін дәлелдеді.
ПЖЭ кезінде лактулозаның емдік әрекеті микрофлораның шіріткіштік деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі. Метаболизм кезіндегі өзгерістің бірегейлігі, ішек ішіндегі қышқылдылықтың жоғарлауына әсер етуі болып табылады. Соның салдарынан, аммиактан аминқышқылдарының және мочевинаның түзілу деңгейі төмендеп, қанға сіңіріліуі азайып, иондалған аммониилік формаға көшетіндіктен, ішектің сілемейлі қабығына өту қабілетінен баяулайды.Аммиак деңгейінің төмендеуінің келесі бір механизмі- лактулозаны бактериалды нәруыздан синтездеу. Лактулозаның бұл мүмкіншілігін, спортсмендердің жаттығу кезіндегі төзімділігін жоғарлатуға қолданылады.
Лактулоза сондай-ақ, іштің қатуын емдеуге және алдын алуға кеңінен қолданылады. Көптеген мемлекеттерде, антрахинондық препараттардың орнын лактулозаның залалсыз сироптарымен алмастырып пайдаланады. Лактулозаның сальмонеллезді, бауыр жетіспеушілігін, тоқ ішектің аденомасын емдеуде емдік әсері болатындығы дәлелденіп отыр
Аш ішектен өзгеріссіз өткен лактулоза.
Достарыңызбен бөлісу: |