210
Қажылық
Мағынасы:
О, Жаратқан Иеміз! Дінге сенбейтіндердің арбауы-
нан сақта, бізді кешір.
О, Жаратқан Иеміз! Сен құдіреттісің, данышпан-
сың.
«Мүмтәхәнә» сүресінің 5-аяты
Оқылуы:
Рабби лә тәзәр ғалал-арди мин әл-кәфиринә
дәййәрән.
Мағынасы:
О, Жаратқан Ием!
Жер бетінде бірде-бір кәпір
қалдырма.
«Нұх» сүресінің 26-аяты
Оқылуы:
Рабби иғфир ли уа ли-уәлидәййә уа лиман дахала
бәйтиә мүминән уа лил-мүмининә уал-мүминәти уа лә
тәзиди-з-залимина иллә тәбәрән.
Мағынасы:
О, Жаратқан Ием! Мені, әке-шешемді, үйіме кіре-
тін мұсылманды, мұсылман
еркектер мен мұсылман
әйелдерді кешіре гөр. Залымдарды сәтсіздікке ұшырат.
«Нұх» сүресінің 28-аяты