11. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
11. 1 Қорытынды бақылауды (емтиханды) бағалау критерийлері.
11. Білім алушылардың білімін бағалаудың шкаласы және критерийлері
|
Әріп жүйесімен бағалау
|
Балдардың цифрлық баламасы
|
Балдардың пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйемен бағалау
|
Білімді бағалау критерийлері*
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
деспкрипторлар критерийлеріне толық сәйкес келеді. Білім алушы ландшафттану пәнінінен берілген тақырыптарды терең меңгергендігін көрсетеді; нақты фактілерді түсіндре, оларды ажырата және қолдана біледі; алған білімдерін іс жүзінде еркін қолдана алады және соларға сүйене отырып, тиімді шешім шығара біледі, шығармашылық жұмыстарын дәлелдеп, қорғай алады (презентация, карталар, баяндама). Тәжірибелік, зертханалық және сөж тапсырмаларын ешқандай ескертулерсіз қойылған талапқа сай, белгіленген мерзімде орындайды, бақылау сұрақтарына толық жауап береді.
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
деспкрипторлар критерийлеріне сәйкес келеді. Білім алушы ландшафттану пәнінінен берілген негізгі тақырыптардың материалын толық меңгергендігін көрсетеді; алған білімдерін іс жүзінде еркін қолдана алады, шығармашылық жұмыстарын дәлелдеп, қорғай алады. Тәжірибелік, зертханалық және сөж тапсырмаларын қатесіз белгіленген мерзімде қойылған талапқа сай орындайды, бақылау сұрақтарына елеусіз қатемен толық жауап береді.
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
Деспкрипторлар критерийлеріне сәйкес келеді. Білім алушы ландшафттану пәнінің оқу материалын меңгергендігін көрсетеді; жетекші сұрақтар қоюсыз жауап береді және жауап беру кезінде айтарлықтай қателер жібермейді; алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады ,шығармашылық жұмыстарын дәлелдеп, қорғай алады. Тәжірибелік, зертханалық және сөж тапсырмаларын қатесіз белгіленген мерзімде орындайды, бірақ бақылау сұрақтарын, тапсырмаларды,елеуге тұрмайтын қателермен орындайды.
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
Деспкрипторлар критерийлеріне сәйкес келеді. Білім алушы ландшафттану пәнінің негізгі оқу материалын ғана меңгергендігін көрсетеді; берілген сұрақтарға тиісінше нақты және толық емес жауап беретіндіктен, қосымша және анықтайтын сұрақтар қоюға тура келеді; шығармашылық жұмыстарын жасайды. Тәжірибелік, зертханалық және сөж тапсырмаларын, бақылау сұрақтарын олардың сапасына әсер ететін қателер жіберіп орындайды.
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д-
|
1,0
|
50-54
|
Fх
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Деспкрипторлар критерийлеріне сәйкес келмейді. Оқу материалын фрагментарлы меңгерген, берген жауабында өрескел, әрі принципиалды қателер жібереді, бақылау сұрақтарына 50%;жауап болу керек.
|
F
|
0
|
0-24
|
Деспкрипторлар критерийлеріне мүлдем сәйкес келмейді. Білімнің жоқтығы байқалады және жауап беруден бас тартады. Тәжірибелік, зертханалық және сөж тапсырмалары толық орындалмаған.
|
Пән бойынша қорытынды балл пайыздық мазмұнда мынадай формула бойынша анықталады: Қ% = АБорт * 0,6 + Е * 0,4
|
ЕМТИХАНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ ҮЛГІ СЫЗБАСЫ
|
ЕМТИХАН БАҒАСЫ
|
БАЛМЕН БАҒАЛАУ
(әрбір орындалған тапсырма үшін)
|
1
|
Ағымдық бақылау
|
50 / 100
|
2
|
Қорытынды бақылау
|
50 / 100
|
|
БАРЛЫҒЫ (ОРТАША):
|
50 / 100
|
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ
Әріп жүйесімен бағалау
|
Балдардың цифрлық баламасы
|
Балдардың проценттік мазмұны
|
Дәстүрлі жүйемен бағалау
|
А
|
4.0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3.67
|
90-94
|
В+
|
3.33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3.0
|
80-84
|
В-
|
2.67
|
75-79
|
С+
|
2.33
|
70-74
|
С
|
2.0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
1.33
|
55-59
|
D-
|
1.0
|
50-54
|
FХ
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлық-
сыз
|
F
|
0
|
0-24
|
Құрастырған: Кульжанова Салтанат Мукатаевна
№1 дәріс Ландшафттану курсына кіріспе.
Мақсаты: Ландшафттану ұғымымен танысу
Жоспар:
1. Ландшафт түсінігі.
2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
3.Ландшафттану ғылымының даму кезеңдері
Ландшафттану – географиялық қабықтың құрамына кіретін табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелер жайлы ғылым. Ландшафтанудың жер туралы ғылымдардың арасындағы орны. Ландшафттану, геоэкология және созоэкология, В.В. Докучаевтің және Л.С. Бергтің ландшафттану ғылымының басталуына сіңірген еңбегі.
Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарына дайындық жасайды. Қандайда болсын ғылыми теория заңды түрде тек қана белгілі тарихи жағдайда дамиды. Егер де жер бетіндегі жекелеген компоненттерді қарастыратын география салалары дамыған болса онда ландшафтану ғылымының шығуы екі талай еді. Сонымен бірге анализден синтезге өту барысында, яғни географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыс тану заңдылықтарының негізіне сүйенбеуі мүмкін емес. Бірақ, бұған жағдай өткен ғасырдың аяғында ғана жасалынды. Жекелеген жағдайд ландшафтанудың дамуына биологиядағы эволюциялық ілім-дарвинизм жӘне биогеография мен топырақ тану ғылымдарындағы өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынысын географиялық есептеу тұрғысынан қарау үлкен жаңалық болып енді.
Қандайда болсын ғылымның тарихын оқып үйренуде социалды-экономикалық жағдайдың ерекшелігін ұмытуға болмайды. Барлық ғылым социалды ортаға сай, қоғамға қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Ғылымның дамуы мен социалды экономиканың дамуы арасында күрделі қатынас бар. Практикалық қажеттілік ғылымның алдына шешуге тиіс мӘселелерді қояды, 2-ші жағынан алдыңғы қатардағығылымдардың творчестволық ойлары практикалық мүмкіншіліктерді басып озатын ойлар тастайды. Географияның бай тарихынан біз осы екі жағдайдың да мысалын табамыз. Ландшафтану ғылымының бүкіл тарихы қоғамдық практикамен тығыз байланысты. Ғасырдың соңғы он жылдығында орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлері ауыл жӘне орман шаруашылығындағы көптеген пролблемаларды шешу табиғи компоненттер арасындағы байланысты түсіну арқылы екендігін мойындады.
Сонымен, өткен жүз жылдықтың аяғында ландшафт туралы ұғым туды. Әрине, бұл ландшафт туралы ілім кенеттен пайда болды деген емес. Сонау ерте уақыттан-ақ күнделікті практикалық қажеттілік, өмір сүру ерекшеліктері мен жерді ауыл шаруашылығына пайдалану жолында Әртүрлі территорияларды бөлуді талап етті. Ғылыми ландшафтық идеялардың пайда болғанына дейін Әртүрлі мамандарда: аңшыларда,орманшыларда жергілікті жердің табиғи комплекстері туралы өз тӘжірибесінен алағн түсініктер болды. Мысалы: Европаның солтүстік тұрғындарында орман мен батпақтың Әртүрлі ландшафтық типтерін көрсететін, ал Орта Азия халықтаныда далаларда, шөлді, сортаң жерлердң ерекшеліктерін айқындайтын жергілікті терминдері бар. Мына территориялық категорияларды: батпақты жерлерді, өзен аңғарларын, сортаң жерлерді орыс тілінде урочище дейді жӘне осы халық термині ландшафтанудың ғылыми сөздігіне енді.
Екіншіден ландшафтанудың дамуындағы негізгі рольді оның географиямен тығыз байланысы анықтайды. Бірнеше ғасырдың көлемінде география өз теориясын іс жүзінде пайдалана алмай келді, ол тек сұрақ-жазу тӘртібіне ие болды.
Қазіргі кездегі кейбір географиялық идеялардың түбірін біз сонау ерте замандағы ғалымдардың еңбектерінен табамыз. Ұлы географиялық жетістіктердің нӘтижесінде жердің шар тӘрізді екендігі талассыз, мұхиттар мен құрлықтардың мөлшерлері, мұхит ағыстары тағы басқалар анықталды. Бірақ мұның бӘрі физикалық географияның өркендеуіне аз болды.
Географиялық жетістіктердің қорытындысы нидерланды ғалымының (Бернград Варения – 1622-50) «Жалпы географияң деген еңбегінде география-жаратылыстану ғылымы ретінде анықталды. Ғасырдың екінші жартысынан бастап жекелеген мемлекеттердің табиғатын зерттеу жұмыстары өріс алды.
Ғасырдың екінші жартысынан бастап бірқатар еуропалық мемлекеттерде капитализмнің өркендеуі география ғылымының дамуына жол ашты. Осы кезден бастап ғылыми түрде географиялық ізденістер басталды. Ғасырдың басында география ғылымынан геология ғылымы бөліне бастады. ЖӘне де осы уақытта географиядан климотология, океанография-фито-зоогеогрфия ғылымдары құрыла бастады. Кәдімгі география ғылымынан экономикалық география бөлініп шықты.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Ландшафттану пәні.
2. Негізгі зерттеу объектісі.
3. Территориялық табиғат кешені.
4. Ландшафттанудың басқа ғылымдармен байланысы
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
Ландшафттану ғылымының даму тарихы
Мақсаты: Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы мен даму этаптарын қарастыру.
Жоспар:
1. Алғашқы ландшафттану туралы ілімді қалыптастырушы оқымыстылар.
2. Докучаевтың ландшафт туралы көзқарасы, 20 ғ-ғы ландшафтттану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу методикасы, алға қойған мақсаты мен міндеті.
Ландшафтық-географиялық синтездің тағы да бір жаңалығы-аудандастыру болып табылады. Оның практикалық мақсатта мӘні зор екендігін ғалымдар мойындаған еді.
ХІХ ғасырдың аяғында табиғи ортаны зерттеудегі жекелеген – жерді, табиғи байлықты, су жӘне орман шаруашылығын зерттеу жұмысынтары нӘтижесінде климотология, геоморфология,биогеография т.б. салалар бөлініп жатқанда онда география нені зерттіейді деген ұғым туды. Бұл сала бойынша ғалымдардың көптеген пікірлері қалыптасты.
Осылай қиын уақытта Ресейде географиялық мектеп пайда болды. Оның негізін қалаушы – В.В.Докучаев (1846 – 1903). Докучаевтың топыраққа көзқарасы географиялық: топырақ дегеніміз бүкіл географиялық компоненттердің, яғни аналық жыныстан,жылудың, ылғалдың, рельефтің жӘне тірі организмдердің қарым-қатынасы кезінде пайда болған. Ол табиғи ландшафттың азығы жӘне оның айнасы іспеттес. Сонымен, топырақ жамылғысы географиялық байланыстардың соңғы звеносы болып табылады.
1989-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана тек қана табиғи процестер ғана емес бүкіл жер бетіндегі процестерге, тіпті минералдық заттардың орналасуына да Әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона – табиғи комплекстердің ең жоғары сатысы.
1905 жылы Г.Н.Высоцкий зоналарды бір-бірінен бөлуге сандық критерий-ауы ылғалдылығы көрсеткішін енгізіп, толықтарды (жауын-шашынның булануға қатынасы). Докучаевтың ілімін жалғастырушы ғалымдардың еңбегінің нӘтижесінде табиғи зоналардың шекаралары, картада орналасуы толық анықталып, соның нӘтижесінде табиғи аудандастырудың синтезі жасалды. Осы уақыттан бастап ғылымғы физгеографиялық аудандастыру термині енді.
1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын Л.С.Берг жасады, зоналар бірінші рет ландшафтық деп аталды. Осы уақытта еліміздің бірқатар территорияларында физзгеографиялық аудандастыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай түбегейлі аудандастыру географиялық ізщденістер физгеографиялық дифференция заңдылықтарының себебін шешуге бағытталды. Бірқатар ғалымдар физгеографиялық дифференциацияның факторы ретінде геологиялық негізге, рельефке, тіпті микрорельефке байланысты локалдық топырақ пен өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне көңіл бөлді, ал таулы аймақтарда биіктік белдеу өзгеруіне. Осындай Әр жерде Әр түрлі мақсатта жүргізілген жұмыстар отанымыздың ғалымдарын объектівті түрде жекелеген территорияларда табиғи компоненттредің аралығында заңдылықты байланыстың бар екені туралы тұжырымға Әкелді. Ертеде 1895 жылы А.Н.Краснов мұндай байланысты бірлестікті комплекстер деп атаған еді, ал ғасырымыздың басқы кезінде бұл идея ландшафт деген тұжырыммен аяқталды. 1904-1914 жылдар аралығындағы ландшафтқа генетикалық тұрғыдан қараған көзқарастарды біз Г.Ф.Морозовтың, Л.А.Борзовтың И.М.Крашенинниковтың, Л.Н.Бергтің еңбектерінен табамыз. Дегенмен ғылыми оқулықтарға «ландшафтң терминін енгізген Л.С.Берг деп білеміз, өйткені ол 1913 жылы географияның зерттейтін саласы «ландшафтң деген еді. Ол ландшафтқа рельефі, климаты, өсімдіктер мен топырақ жамылғысы бір-біріне сӘйкес біртұтас территория деп анықтама берді.
1914 жылы Р.И.Аболин шарының комплекстік ландшафтық қабықшасы деген ұғым енгізді.
Ландшафттық-гаографиялық идеялардың екінші бағыты – бұл түбегейлі ландшафтық экспедициялар ұйымдастыру еді. Ландшафтық съемкалар ірі масштабта жүргізіліп табиғи территориялық комплекстер болды. Ландшафтық съемкалар кезінде табиғи компоненттері, тіпті оның ауылшаруашылық потенциалы анықталды. Осы ізденітер нӘтижесі ол ландшафтардың динамикасы мен эволюциясы туралы алғашқы идеялардың пайда болуы.
Соғыстан кейінгі ландшафтану ғылымының дамуы ландшафтық съемкаларды олар Әрі өрістету еді Бұл жұмыс Н.А.Солнцевтің басқаруымен МӘскеу университетінің ғалымдарының жүргізуімен болды. Солнцевтің анықтамасы бойынша табиғи территориялық комплекстер қатарында ландшафт негізгі таксономиялық бірлік қоныстар мен фациялардың заңдылықты түрде үйлескен құрамасы.
1944-46 жылдары Б.Б.Полынов жаңа ғылыми бағытқа – ландшафттағы химиялық элементтер миграциясын танып білуге жол ашты.
Ландшафтану ғылымының дамуына 1955 жылы Ленинград қаласында болған 1 ландшафтану жиыны үлкен үлес қосты. Бұл жиындарда, мерзімді басылымдарда ландшафтанудың теориясы, ізденіс Әдістері, ландшафттық карталар жасау талқыланды. 1961-65 жылдары 1:4000000 масштабтағы ТМД территориясы бойынша ландшафттық карта жасалында.
Ландшафттық ізденістер екінші дүние жүзілік соғыстан кейін шет елдерде де жалғастырылды. Оның ішінде К.Тролдың ландшафттың жаратылыста өз шекарасы бар табиғи бірлік екені, ландшафттардың морфологиясы мен экологиясын ажыратудың, фацияның синонимі ретінде «экотопң терминін енгізуін атап кетуге болмайды. Ландшафт экологиясы ұғымының АҚШ-та Польшада. Канадада, Австралияда дамуы.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Алғашқы ландшафттану туралы ілімді қалыптастырушы оқымыстылар.
2. Докучаевтың ландшафт туралы көзқарасы, 20 ғ-ғы ландшафтттану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу методикасы, алға қойған мақсаты мен міндеті.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№ 2 дәріс Геожүйелік концепция
Мақсаты: Ландшафттың аймақтық және аудандық бөлшектерің қарастыру
Достарыңызбен бөлісу: |