Жаңа жылдық уəделерді микрошешімдермен ауыстыру.
Ең
алдымен, үлкен мақсатыңызды бірнеше кішкене нысаналармен
алмастырыңыз. Олар ойыңыздағы дүниенің ауқымдылығына
байланысты 3/6/12/60 айларға созыла береді.
Нақты жоспар.
Бұл жерде барлығы түсінікті: не нəрсені қашан
жасағыңыз келеді? Қай сағатта? Қай күндері?
Əрекеттерге байлаңыз.
Барлық микрошешімдер белгілі бір
уақытқа, жағдайға немесе əрекетке байланып тұру керек, шартты
рефлекс қалыптасу керек. Мəселен, «күн сайын төсек жинау» дегеннен
гөрі, «ұйқымнан оянған бойда төсегімді жинаймын» деген əлдеқайда
жақсырақ (əдет + күнделікті əрекет).
Біртіндеп ретке келтіріңіз.
Егер жоспарларыңызды өзгертіп
жатсаңыз, ештеңе етпейді. Мəселен, бір аптаға «дүйсенбі, сəрсенбі
жəне жұма күндері, яғни аптасына үш рет 19:00-де спортзалға
барамын» деп жоспарлауыңыз мүмкін. Бірақ келесі апта таңғы 8:00-де
жаттыққан ыңғайлы екенін түсінуіңіз мүмкін.
Асықпаңыз.
Бір істің əдетке айналуы үшін кем дегенде 21 күн керек
екен. Өзіңізге бірден көп жүкті артпаңыз. Жағдайды бағдарлаңыз. Егер
əдеттер тым болмашы болса, бір аптада іске қосуға болады, ал
ауқымды болса, 21 немесе 40 күнде енгізіңіз.
Қайда ілгерілейтінімізді қалай анықтаймыз немесе
керемет идеяны қайдан табамыз? Ұсақ бөгеттер тəсілі
Бəлкім, сіз өміріңізде бір рет болсын «Мен өміріме шығармашылық
енгізгім келеді, бірақ неден бастаймын?» «Мен жазғым келеді, бірақ не
туралы жазамын? Бағытымды қалай таңдаймын?» «Жаңа жоба
бастағым келеді, бірақ неден бастасам болады?» «Мен сурет салғым
келеді, бірақ нені шимайлаймын?» «Ойымда керемет, таңғажайып
жоба бар, бірақ қалай алға жылжитынымды білмеймін?» деген
сұрақтар туындаған болар.
Бастаманың екі түрі болады. Біріншісі анық əрі нақты болады
(мысалы, «Заң компаниясын ашқым келеді») жəне жоспардағы
қадамдар түсінікті болады. Ал екінші бастаманың түрінде нақтылық
аз.
Мəселен, шығармашылыққа келгенде, идеяларымыз тым бұлыңғыр
көрінуі мүмкін: «Мен бұл əлемді мəтінмен/музыкамен/суретпен/
фильммен өзгерткім келеді» дейсіз. О
,
кей, Google: енді ары қарай не
істейін? Адам жаңа бір жобаға талаптанғанда да дəл осындай күй
кешеді. Қалай жəне қайда барамын?
Жалпы, қарапайым сұрақ: қазір өзің тұрған А нүктесінен табыстыға
айналған В нүктесіне дейінгі жолды қалай сызып қоямыз?
Жауап та қарапайым: Ешқалай.
Бірақ бұл қол қусырып отыру керек деген сөз емес.
Google-дың тарихы
Google-дың пайда болу тарихы «Балтадан ботқа» ертегісіне ұқсайды.
Бастапқыда тек қана балта болды: Ларри Пейдж жəне Сергей Брин
Стэнфорд университетінің қызметкерлері еді. Оларға кітапханадан
іздеуді онлайн тəртібіне ауыстыру деген қарапайым тапсырма
жүктелді. Міне, болды. Ешкім де бұл идеядан алпауыт корпорация
шығады деп ойламаған болар.
Олар көптеген нұсқаларды байқап көргеннен кейін ойларына іздеу
алгоритмінің керемет идеясы келген: жеке туындылардың
үзінділерінің көрсеткішін түскен дереккөздер санын есептеу арқылы
анықтауды үйренсе керек.
Алгоритм іске асатындығын дəлелдегеннен кейін Ларри мен Сергей
«Осылайша əлемдегі барлық ақпаратты қоссақ қалай болады?» деген
ғаламдық деңгейдегі сұрақ қояды. Кішкентай қадамдар дүйім жұрт
білетін Google-дың пайда болуына алып келді.
«Кішкентай қадамдар» əдісін қолданған Эдисон 10 мың тəжірибеден
кейін ғана жарық шамды дүниеге алып келді. Оның танымал сөзі бар:
«Мен табысқа жетудің 10 мың əдісін ойлап таптым, бірақ барлығы
жарамады. Алайда бұл мені тоқтатпады. Себебі əр сəтсіз талпыныс
мені бір қадамға алға жетелеп отырды».
Дəл осылай Amazon да əрекет етеді. Оның негізін қалаушы Джефф
Безос Amazon-ның жаңа идеяларды жүзеге асыруы стратегиясы
қараңғы көше бойында серуендеуге ұқсайды депті. Оның айтуынша,
жаңашылдық көбінесе қолдау таба бермейді, бірақ уақыт өте келе
қараңғы көшеден шығып, идеяңның алып, кең даңғылға айналғанын
көресің.
Питер Симс өзінің «Ұсақ ұтыстар»
39
кітабында ұлы идеяны ойлап табу
мүмкін емес, бірақ ең табысты кəсіпкерлер мен шығармашыл жандар
үлкен жобалардан бастамағанын жəне жақсы идеялар жұмыс
барысында туындағанын айтады.
39
Симс П.
Мелкие ставки. Великую идею нельзя выдумать, но можно открыть. М.: Манн,
Иванов и Фербер, 2012
«Тəжірибе жасау» демекші, бұл тек Google, Эдисон жəне Amazon
тарихымен ғана шектелмейді. Шамамен барлық шығармашыл адамдар
өз туындыларына «ұсақ ұтыстар» əдісімен жеткен. Титер Симс:
«Бетховен тəжірибе жасамайынша, шығарған əуендері кез келген
қарапайым əуенге ұқсаушы еді. Оның бізге жеткен жазбалары түрлі
белгілермен шимайланған, өзгерістер мен сызбаларының көптігі
соншалық – қағаздың кейбір жерлері жыртылған. Шығармашылық
ізденіс барысында тəуекелге бел буып, қаншама əрекеттер жасалды.
Соның арқасында бұрын-соңды болмаған стилистика мен музыкалық
туындылардың композицияларының жаңа формаларын ойлап тапқан.
Менің ойымша, белгілі бір нəтижеге жеткен кез келген шығармашыл
тұлға бұл əңгіменің парқын түсінеді. Мысалы, мен «Өміріңді
өзгертетін 100 əдіс» атты кітап жазғанмын. Алайда кітап алдын-ала
жоспарланбады, керісінше, жұмыс барысында «ашылды».
Мен үшін «ұсақ ұтыстардан» бастау алған бұл кітабым жарты жыл
бұрын «ВКонтакте» əлеуметтік желісінде топ құрып, мені
шабыттандырған ойларымды жазудан басталды. Кейін кішкентай
жазбалар жаздым, одан соң үлкендерін қолға алдым. Сосын айдар
пайда болды, ақыр соңында кітап та жарық көрді. Желідегі бір ғана
қадам түрткі болып, кітап жазылып, еліміздің дүкен сөрелеріне тарап
кетті.
«Менің жазғым келеді. Ол үшін не істесем болады?» деп бір адам
келіп сұраса, мен əркез осылай жауап беремін: «Ал сіз не айтқыңыз
келіп еді? Қандай ойды кімге жеткізгіңіз келеді? Кез келген форма мен
ойды таңда да, жаза бер. Стартап жайлы поэма жаз, балаларға
арналған роман немесе кемпірқосақ жайлы өлең жолдары, детективті
тармақтар, ғарыш жайында ой толғау, əйелдерге немесе ерлерге
арналған кеңестер немесе доллар бағамына қатысты айлалар туралы да
жазыңыз. Жаз да, өзіңді сынап көр, ұнады ма əлде жоқ па?
Шығармашылықпен айналысқаннан ерекше сезімге бөленіп, шабыт
аласыз ба? Егер жауап «жоқ» болса, онда басқасын көріңіз. Егер «Иə»
болса, осы бағытқа тереңдей түсіңіз».
Барлық инноватор-тəжірибешілер дəл осылай жұмыс жасайды. Бірақ
кем дегенде жүзден біреу ғана іс-əрекет пен тəжірибе жасауға дайын.
Себебі адамдар кепілдік болғанын қалайды. Олар өздерін бірден
танымал етіп, даңқын жаюға кепілдік беретін керемет идея болғанын
көздейді. Атаққұмар достарының жүректері идеяның кереметінен
жарылып кететіндей ойды жылдар бойы іздейді.
Бірақ ондай идея керек емес. Бастама ретінде «балта» жеткілікті. Ал
ботқа үдеріс барысында қайнап пайда болады.
Міне, «ұсақ ұтыстар» əдісімен əрекет етушілерге бірнеше ереже
(Питер Симске рақмет).
• Тəжірибе жасай беріңіз. Іс жүзінде үйреніңіз. Сəтсіздік қаншалықты ертерек келсе,
соншалықты тезірек үйренесіз. Эксперименттер жасап, жаңа идеяға итермелейтін
прототиптер дайындаңыз. Айналаңыздағы мəселелерді Бетховеннің жаңа музыкалық стиль
мен түрін іздегені секілді шығармашылықпен шешіңіз.
• Ойнаңыз. Ойын атмосферасы, импровизациялау жəне əзілдесу мүмкіндіктері комплекстен
арылтады. Бұл жаңа идеяның жүректің түбінде көміліп емес, қайта көрінуі үшін өте
маңызды.
• Үйден тысқа шығуға, жаңа ойлар іздеуге, кез келген дүниенің терең мағынасына ой
жүгіртуге, адами мотивация мен қалауды түсінуге уақыт табыңыз.
• Істің төркініне терең үңіліңіз. Мəселенің шеңберін жəне шешімнің қажеттілігін анықтауда
дəл осы қабілетті қолданыңыз. Бұны проблеманы шешуді бастамастан бұрын жасаңыз.
«Google»-дің негізін қалаушылар да кітапхана мұрағатына жасақталған іздеу алгоритмі
бұдан да үлкен жаһандық тапсырмаларды шешуге қолданыла алатынын түсініп, дəл осылай
əрекет еткен.
• Қайталаңыз, жақсартыңыз жəне əрбір кезеңді жүзеге асырған сайын жəне жаңа ақпарат алған
сайын сүзгіден өткізіп, тұрақты тексере жүріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |