Сұрақтың
анықтамасы
Мəселен, сіз – өте салақсыз, сөйтіп үйде тазалық сақтаймын деп
шештіңіз. Егер қойылған мақсат «Жаңа жылға дейін кірпияз адамға
айналамын» болса, ештеңе өзгермеуі мүмкін.
Мəселені
қандай микро шешімдерге бөліп, өзімізге енгізуге болады?
Мысалы,
бірінші апта:
ұйқыдан тұрған бойда төсегімді жинаймын.
Күн сайын оянған бойда төсегіңізді жинаңыз. Егер ыдыс-аяқ жуылмай,
микроəлемдерінде жаңа өмірлері басталып жатса да, ештеңе етпес.
Сіздің аптаға қойған мақсатыңыз – тек төсек жинай білу.
Екінші апта:
ас жеп болған соң, дереу ыдыстарды жуып тастау/ыдыс
жуатын машинаға салу. Осы аптада бізде
төсек жинау мен ыдыс-аяқ
жуу.
Үшінші апта:
əр сенбі түске дейін еденді жуу.
Төртінші апта:
əр сенбі сайын түске дейін еденді жуу жəне үйдің
шаңын сүрту.
«Супермен» болып, барлығын бірден өзгертуге тырыспаңыз. Ағзаңыз
да, миыңызды да физикалық, психологиялық тапсырмаларға шыдай
алмай, алға жылжудан бас тартады. «Балтадан ботқа» қайнату – міне,
ең дана шешім: алдымен
тек қана ыдыс пен балта керек, ал қалғандары
біртіндеп қосылады.
Айтпақшы, диетолог Лидия Ионова «Салауатты əдеттер»
38
деген
еңбегінде жүйелілікке аса мəн беру керектігін айтып, дұрыс əдеттерді
апта сайын енгізіп отыруға кеңес береді. Ол 12 апталық жүйені
ұсынады. Оған қоса, өзгерістер
алдында бір бос апта бар, бұл уақытта
күнделік бастап, не жеп жүргеніңізді жазып жүрген дұрыс. Осылайша,
аз да болса тұрақты əрекеттерді ұсынды.
38
Ионова Л. Здоровые привычки (Дұрыс əдеттер). Доктор Ионованың диетасы. М. : Манн,
Иванов жəне Фербер, 2012
Микрошешімдер қандай болуы керек?
Міне, сол кітаптан микрошешімдер енгізудің ережелері.
Достарыңызбен бөлісу: