Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Шамадан тыс мінсіздікке құштарлықты



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Шамадан тыс мінсіздікке құштарлықты
жеңудің 4 сатысы


Перфекционистердің барлық өмірінің мəні «мінсіздікте» жатыр.
Олардың пайымдауынша, қандай жағдай болмасын барлығы керемет
болуы керек.
Бір жағынан, мінсіздікке құмарлық адамға жақсы əсер етіп, жетістікке
жеткізуі мүмкін, екінші жағынан – үлкен қиындықтарға апарып соғу
қаупі бар. Осы жерде үлкен сұрақ туындайды: «Мінсіздіктің қақ
ортасы, ең асыл тұсы қай жерде? Оны ұстап қалу үшін не істеуім
керек?»
Осы тұста сіздерге шамадан тыс мінсіздікке құштарлықты жеңудің 4
сатысын ұсынғым келеді:
1.
Сəтсіздікке деген ойыңызды саралаңыз.
2.
Бар зейініңізді нəтиженің өзіне емес, сізді мақсатыңызға жеткізетін əрекеттерге аударыңыз.
3.
Өзіңіздің ішкі əлеміңіздің бағасын түсініп, мақсаттарыңыздың дұрыстығына көз жеткізіңіз.
4.
Сіз үшін «жетістік» сөзінің өлшемі қандай екенін анықтаңыз.
1. Сəтсіздікке деген ойыңызды саралаңыз.
Менің танысымның өз ісін бастауға батылы жетпей, қалай бастаймын
деген ой жетегінде жүргеніне 3 жылдың жүзі болды. Тіпті төліне ең
қамқор жануар пілдердің өзі төлінің артынан бұлай ұзақ уақыт
жүрмейтін болар. Достарының: «Неге ойлаған істеріңді əлі күнге
бастамай жүрсің?» – деген сұрағына ол: «Маған көздеген нысанама
дөп тиетін мықты идея керек. Идеям мықты болмаса сəтсіздікке
ұшыраймын», – деп жауап береді.
Бұл əрекеттің мəні өте қарапайым. «Мен мінсіз, мықты идея тапқанша
ештеңе жасамаймын. Егер мен ештеңе жасамасам, демек,
қателеспеймін» деу – қате ой.
Дəл осы қате оймен қаншама жылдарды бос өткізуге болады. Бұл тек
жұмысқа ғана қатысты емес, солай емес пе?
Перфекционист, яғни мінсіздікке құштар адамдарда қателік жасауға
деген қорқыныш басым болады.
Гарри Поттер кітабының авторы Джоан Роулинг Гарвард
студенттерінің қоштасу кешіндегі сөзінде: «Сəтсіздік – маңызсыз
дүниелерден құтылу... Мен – еркін адаммын. Өйткені менің ең үлкен
қорқыныштарым уақыт өте келе орындалды. Алайда өмірімнің мəніне
айналған қызым, ескі жазу мəшинкем жəне менің қызықты ойларым
мен қиялдарым дəл бұрынғыдай менің жанымда қала береді.
Сəтсіздікке ұшырағанда тек маңызсыз дүниелерден арыламыз.


Сонымен, мені сəтсіздіктер құлатқан шыңыраудың түбі, қайта құрған
өмірімнің берік іргетасына, негізіне айналды... Сəтсіздіктерім менің
ішкі əлемімде ешқашан болмаған қауіпсіздік сезімдерін туғызды», –
деп айтқан еді.
Естір құлаққа біртүрлі қызық естілгенімен психологияда
сəтсіздіктердің адам бойындағы өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі
бағалау қабілеттерін дамытуға көмектесетіні дəлелденген.
Сəтсіздікпен бетпе-бет келгенде оның біз ойлағандай қорқынышты
емес екенін бірден түсінеміз. Міне, осыдан кейін біздің өзімізге деген
сеніміміз артады.
Адам «өміріндегі ең қорқынышты» деген сəтін өз басынан
өткергеннен кейін оның өмірі жеңілдеп, қорқынышы сейіледі. Менің
бір өте бай танысымның пластик ыдыстар шығаратын зауыты бар, ол
соңғы 15 жыл бойы ақшамнан айырылып қаламын деген
қорқынышпен өмір сүрді. Осы қорқынышымен ол күнде күйзеліске
түсіп, мазасы қашатын. Сөйтіп жүріп, күндердің бір күні сол
қорқынышты күн де туды: зауытта өрт шығып, бірнеше цехы өртке
оранды. Сол жайттан кейін арада бірнеше апта өткен соң, мен ол кісіні
бір мерекелік кеште кездестіріп қалдым. Таңқаларлығы, мен оның дəл
осы кештегідей бақытты жүзін бұрын-соңды көрмеген екенмін. Одан
бұл бақытың себебін сұрағанымда:
– Мен осы уақытқа дейін ақшамнан айырылып қаламын ба деген
қорқынышпен өмір сүрдім. Мен тіпті өзіме қателесуге рұқсат та,
мүмкіндік те бермейтінмін. Қазір іскерлік əлемінде үлкен
келеңсіздіктерге тап болдым. Кейін мен... осыған дейін болмаған
еркіндікті қазір сезінудемін. Маған енді ақшама алаңдаудың қажеті
жоқ, отбасыммен бірге уақыт өткізіп, еш жерге асықпасам да болады.
«Егер жоғалтып алудан қорықсаң, жоғалт та, қорқынышсыз өмір сүр».
Бұл менің күн сайын өзіме қайталап айтатын сүйікті фразама айналды.
Сəтсіздіктерге бетпе-бет келіп, оны қабылдау – жетістікке жетудің
кілті. Перфекционистерге осы қарапайым бірақ маңызды ойды түсіну
керек.
2. Бар зейініңізді нəтиженің өзіне емес, мақсатыңызға
жеткізетін əрекеттерге аударыңыз
Перфекционистердің өмірдегі ең үлкен кемшілігі əрі мəселесі олардың
өздеріне демалуға, өмірдің рахатын сезінуге мүмкіндік бермеуінде


жəне жеткен жетістігіне шүкірлік етіп, қуана алмауында жатыр.
Олардың ойынша өміріндегі ең бақытты сəттері тек өздерінің көптен
күтіп, армандаған «биік шыңын» бағындырғанда ғана туады. Бірақ ол
шыңды бағындырып алған соң, оның еш мəні қалмайды, сол сəтте
оларға жаңа биік қажет болады.
Шегі жоқ осындай күрестер адамның ығырын шығарады. Тал Бен-
Шахар өзінің «Перфекционист парадоксі» атты кітабында,
перфекционистке қарама-қайшы мінезді адам – оптимист адам.
Олардың айырмашылығы да осында» деп сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет