Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет59/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Перфекционист
Оптималист
Өмір жолы тік сызық
Сəтсіздіктің алдындағы қорқыныш
«Бəрі немесе ештеңе» принципі бойынша
ойлану
Қарсы тұруға дайын тұрады
Қателікті іздеуші
Қатал
Өмір жолы ирек-ирек
Нəтижені сəтсіз көру
Шытырманды ойлану
Ақыл-кеңеске ашық
тұрады
Артықшылықты іздеуші
Кешірімшіл
Бен-Шахар перфекционисттің ең үлкен қателігі олардың өз таңдауына
деген сенімі мен тəуекелдерінің болмауында деп көрсетеді: «Оптимист
адам өз жұмысынан, таңдауынан лəззат алады жəне одан қандай
жағдай болмасын бас тартпайды. Мейлі оның бұл таңдауы оны түрлі
қиындықтарға, қателіктер мен келеңсіздіктерге ұшырататын болса да
ол өз таңдауы үшін соңғы күші қалғанша күреседі. Осы жолда ол
сүрінеді, құлайды, тіпті кейде өзіне зияны да тиеді, соған қарамастан
оның өмірі перфекционист адамның өміріне қарағанда анағұрлым
қызығырақ əрі мəндірек болмақ. Перфекционистің ойында тек «менің
мақсатым» деген бос жаңғырық тұрады, бұл оған тек зиянын ғана
тигізеді».
Ең жақсы шешім, бар назарыңызды мақсатыңызға ғана емес, сол
мақсатқа апарар жол мен əрекеттеріңізге аударғаныңыз дұрыс.
Мысалы, мен бір келісімшартқа қол жеткізуге қатты тырыстым.


Өкінішке орай, кездесуде ортақ шешімге келіп, келісім жасай
алмадым. Бірақ кездесуден кейін менің өзіме деген көңілім толды:
мейлі мен ол кісімен келісімге келе алмасам да, мен 100% сол
жұмысқа зейінімді аударғанымды жəне осы жобаға дайындық
барысында өзімнің жаңа қабілеттерімді анықтағанымды, тіпті
шыңдалғанымды білемін. Сондықтан мен өзіме-өзіме ренжімеймін.
Жобамды тапсыратын күннен бірнеше күн бұрын соқырішек болып
ауруханаға түстім. Наркоздан кейін есімді жия салып ойыма бірінші
келгені «Дəл қазір тұрып, жұмысқа баруым керек» деген ой болды.
Күнделігімді қолыма алып, ішін ақтарып, оқи бастаған сəтте соңғы
жарты жылдықта өзімнің жетерліктей еңбектенгенімді, тер төккенімді,
қолымнан келгеннің бəрін жасап көргенімді түсіндім. Ойым бірден
өзгеріп, өмірде біз басқара алмайтын дүниелер бар екеніне жəне оған
сабырмен қарап, жеңіл қабылдау керек екеніме көзім толық жетті.
Солай өзіме ауруханада тағы бірнеше күн қалып, демалуға рұқсат
бердім.
Айтпақшы, Никитаның жобасы ақыр аяғы өте сəтті шыққан
болатын.


3. Өзіңіздің ішкі əлеміңіздің бағасын түсініп,
мақсаттарыңыздың дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Қарапайым бірақ сиқырлы формула: Өзіңді бағалау = ЖЕТІСТІК /
ТАЛПЫНЫС. Егер сіз күтілген нəтижеден де жақсы нəтижеге қол
жеткізсеңіз, сіздің өзіңізге деген сеніміңіздің артатыны анық. Ал егер
керісінше аз болса, түсетіні де өтірік емес. Мысалы, сіз боулинг ойнап
жатқан сəтте өзіңіздің страйк соғатыныңызға сенімді болып, дайын
тұрасыз, бірақ бір кегльге дөп тигізе алмадыңыз. Осы жерде өзіңізге
көңіліңіз толмай, сеніміңіз бірден төмендейді, солай емес пе?
Сіз ештеңені алдын-ала күтіп, үміттенбей, бар назарыңызды ойынға
аударып, ойыннан рахат алатын болсаңыз, көңіліңіз жайланып, өзіңізге
деген сенімділігіңіз артып, страйк соғасыз. Мына бір жағдайға мəн
беріп, алдағы уақытта есіңізде сақтауға тырысыңыз: «Жаңа кірген
ойыншылардың жолы неге болғыш?» Себебі олар өздерінен ештеңе
күтпейді, тек ойнап, сол атмосфераны сезініп көргісі келеді,
сондықтан бар назары мен зейіні «жақсы ойыншы» атанып,
ойыншылар арасындағы абыройын арттыру емес, ойынның өзінде
болады.
Менің ойымша, «марафонда жеңуім керек» деген мақсатқа қарағанда
«марафонға шамам келгенше барынша күш-жігерімді салуым керек»
деген мақсат əлдеқайда дұрысырақ. Əлемге танымал, ұлы
спортшылардың барлығы, олардың жеңіске жетуіне «менің
қарсыласымды жеңуім керек» деген ойлары емес, бар күш-жігерін
салып, бар ықыласымен жасайтын дайындықтары, күнделікті
жаттығулары мен жеңіске жетуге деген талпыныстары көмектесетінін
жəне ең бірінші өз-өздерін жеңу керек екенін айтады.
Сексологтардың айтуынша, перфекционист болу сексуалды
дисфункцияға əкеліп соғуы мүмкін. Қарым-қатынаста екі жұп бір-
бірінен өз қалағанындай мінсіз қарым-қатынасты, əрекеттерді ала
алмаса жəне күтілгендей нəтиже болмай қалса, əртүрлі эректильді
дисфункциялы мəселелерге тап болатын көрінеді. Бұл – ер адамдардың
бойында жиі кездесетін мəселе. Отбасы құруда да, екі жұптың бірін-
бірі дұрыс танымай, бір-бірін идеалды көріп, əрқайсысы бір-бірінің
тарапынан өз қалауларын күтіп, сол қамқорлықты, сол қарым-қатынас
пен əрекеттерді сезіне алмаса, ара-қатынастарының ұшығуы мүмкін
екенін атап көрсетеді.


Босаңсу қалпы (демалу, рахаттану) – біздің өміріміздің мəні. Талқылап
қажеті жоқ.
4. Сіз үшін «жетістік» сөзінің өлшемі қандай екенін
анықтаңыз.
Коуч мамандарына келетін адамдардың барлығы «Менің табысты
болғым келеді» деп баратын көрінеді, сол кезде оған маман: «Ал сіз
табысты болғаныңызды қалай түсінесіз?» – деп сұрақ қояды екен.
«Мен қазір өз жобамды / кітап жазып / компания ашып / кино түсіріп
бастай алмаймын. Мен əлі дайын емеспін» – деген кезде, маман одан:
«Сонда сіз қашан дайын боласыз? Сіз өзіңіздің дайын екеніңізді қалай
түсінесіз?» – деп сұрақ қояды. Бұл ылғи қайталанатын жайт.
Олардың ойы: «Мен жетістікке жететіндей дəрежеге жетпедім. Мен əлі
де болса өз-өзімді дамытып, бұдан да жақсы бола түсуім керек».
Сіз бəлкім, қазір өзіңіздің «керемет өміріңізді» кейінге қалдырып,
өзіңізді ол өмірге лайық көрмей «сен əлі керемет емессің» деген оймен
жүрсеңіз, өмір бойы жүруге болатынын түсінген боларсыз, иə?!
Психолог Натаниэль Бранден «көңіл толмаушылық синдромы»
өзімізде бар нəрсеге көңіліміз толмаған сəтте болатынын айтады.
Бір кездері мен Ресейдегі ең танымал, мықты дизайн-бюроның негізін
салушыдан сұхбат алған болатынмын. Ол кісінің айтуы бойынша,
бұрындары дəл осы перфекционизмнің кесірінен бюрода финанстық
шығындарға тап болған екен. Осы жағдайдан кейін олар өздеріне
шығын Заңын жасаған. Ол жерде: «Жобаны 100% бюджетке жүзеге
асыру, 100% уақытта 100% əрекет ете отырып, 100% жүзеге асыру
мүмкін емес» деп жазылған. Компромис кезіндегі басты құрал сапа
болмауы керек. Біздің ойымызша, уақыт пен бюджетке көңіл бөле
отырып, əртүрлі деңгейдегі өзгермелі қызметтік əрекеттерді реттеу
керек.
Егер сіздің мінсіздікке деген құштарлығыңызда шек болмаса, онда
ешқашан ешқандай өнімді шығара алмауыңыз мүмкін. Жүйенің дамуы
туралы түсінік пен өніміңіздің сапалы шығуы туралы түсініктің ара
жігін ажыратып алу да маңызды. Бірінші, өнімнің қарапайым
қызметтермен шектелген бірінші нұсқасын шығарып көріңіз. Осыдан
кейін барып жүйені дамытуға жол ашылады».
Өнімді өндіруші жігіттер алдын-ала: «Мына функциялар өнімнің
бірінші нұсқасын шығару үшін жеткілікті. Қалған функцияларын


келесі нұсқаларда толықтырамыз» деп шешім қабылдайды.
Менің ойымша, бұл өте ұтымды əрі нəтижелі жүйе. Егер Microsoft
компаниясы мінсіз Windows бағдарламасын жасаймыз деп жүре берген
болса, біз олардың мінсіз бағдарламасын күтіп жүреміз деп ойлайсыз
ба? Əрине, жоқ.
Сондықтан мінсіздікке құштар болудың керегі жоқ. Тек бірнеше негізгі
кезеңдерін біліп алып, алғашқы өніміңізді шығарыңыз, қалған
идеяңызды келесі шығарылымды дамытуға қалдырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет