жарнамалаумен айналысқанда пайда болмады. Ең жақсы ұсыныстар
мен көп жұмыс істеп жəне əлемнен не ала алатыныма мəн бермеген
кезде келді».
Мұны сіз өзіңіз де байқаған шығарсыз: егер сіз өзіңіз жақсы көретін
нəрсеге құмар болсаңыз, оған толықтай кірісіп кеткен болсаңыз, сіз
кенеттен бəріне қажет бола бастайсыз. Сізді түскі асқа, таңғы асқа
жəне кешкі асқа шақырады, тұсаукесерге шақырады, көмек сұрайды
жəне т.б.
Өзің жақсы көретін дүниені жасағанда, өмірге: «Маған кəмпит бер,
кəмпит бер!» – деп жалынудың қажеті жоқ. Сіз толыққанды азамат
болған сəтте, əлем сізге кəмпиттермен өзі келеді.
Даму туралы бірер ауыз сөз
Жақында мен тамаша бір сөз естідім: «Айналаның бəрі өсуге
ұмтылады. Егер ағаштың тамырына өсуге кедергі келтіретіндей етіп
тас бастырып қойса не болар еді? Ағаш бүйірден өсе бастайды.
Адамдар да сол секілді. Деградация – ол да өсу. Тек бүйірге қарай».
Адам əрқашан өсуді қалайды. Түзу болсын, қисық болсын, оңға я
солға, бүйірге болса да өседі. Егер адам өспесе, рухани құлдырайды.
Нүкте.
Сондықтан сізге үнемі дамып отыру өте маңызды. Егер біз күн сайын
күш жұмсап, жоспарымызды күрделендірмесек, біртіндеп кері кете
бастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: