Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


бір дүниеден бас тарта алмасаң, ақырында сонымен бірге



Pdf көрінісі
бет25/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

бір
дүниеден бас тарта алмасаң, ақырында сонымен бірге
қаласың
».
Бұл – нағыз шындық. Егер адам өз «нəпсісінен» құтыла алмаса,
онымен бірге қалады. Теледидар алдында бір бөтелке сыра мен шұжық
жеп отыра бермек.
Теледидардан бас тартып, əлеуметтік желілердегі мағынасыз
əрекеттерден жəне басқа да ермек болған дүниеден бас тарту қажет
екендігі айдан анық. Бірақ мұнымен бітпек емес.
«Эссенциализм» кітабында Грег Маккеон өте қызықты мысал
келтіреді.
Нью-Йоркте жарияланған бір мақалада Дэвид Седарис австралиялық
құрлық арқылы жасаған саяхаты туралы жазады. Саяхат кезінде оның
құрбысы əрі нұсқаушысы оған: «Төрт сақиналы пешті елестетіп көрші.
Бірі – отбасы, екіншісі – достар, үшіншісі – денсаулық, төртіншісі –
жұмыс. Табысқа жету үшін бір отты өшіру керек. Ал нақты жетістікке
жету үшін екеуін өшіру керек».
Мен эссенциалисттің (ең маңызды істі таңдайтындар) жолы отбасы,
жұмыс жəне денсаулық арасынан таңдау жасайды деп айтпаймын.
Сіздің талаптарыңызды (отбасы, денсаулығыңыз немесе жұмысыңыз)
анықтау барысында шешім қабылдау қажеттілігіне тап болған сəтте
өзіңізге «Мен қандай мəселені шешкім келеді?» деген сұраққа жауап
беруге дайын болсаңыз деймін.
Жеңілдіктер – қолды бір сілтеп бас тарта салатын нəрсе емес. Олар
саналы, стратегиялық жəне ақылға қонымды əрекетті қажет етеді.
Сəттілікке қол жеткізу үшін бір отты міндетті түрде сөндіру керек
дегенге сенемін. Мүмкін екеуін де сөндіру қажет болады. Қалай
болғанда да, сіз бір нəрсені құрбан етуіңіз қажет.


Сонымен, басты сұраққа жауап беретін кез келді:
сіз қандай мəселені шешкіңіз келеді?
Сізді не тежейді немесе сіздің сүйікті ісіңізге
барар жолдағы ең танымал үш «кедергі»
Бір кездері мен YouLead жас көшбасшыларға арналған конференцияда
сөз сөйлеген едім. Қойылымнан кейін жаныма көңіл-күйі жоқ бір қыз
келді. Ол өлең жазғанды жақсы көреді екен. Бірақ бұл арқылы ақша
таба алмайтынын айтты. Сондықтан ол банкте жұмыс жасап, сол
ортада мансап құруды жоспарлап жүр.
1-кедергі: «Бұл іс арқылы ақша таба алмайсың»
«Шығармашылықпен ақша таба алмайсыз» деген аңызға сеніп, сүйікті
ісінен бас тартқандар үшін өкінішті-ақ. Бұл қақпанға мен де түсуге сəл
қалдым. Менің əкем таңғажайып мəтіндер мен өлеңдер жазатын. Бірақ
инженер болып жұмыс істейтін. Əрине, осыған қарап, мен ақшаны
«дені дұрыс, адам білетін мамандық» арқылы табуым қажет, ал
шығармашылық қол жетпес сүйікті хобби болып қала беру керек деп
ойлайтынмын.
Бұл нағыз ақымақтық екен! Қазір бағымызға орай кез келген жұмыс
арқылы ақша таба аламыз: суреттер, өлеңдер (тіпті бір жолды болсын),
граффити, клиптер, инсталляциялар.
2014 жылы мен əйгілі дизайнер жəне суретші Натали Ратковскиймен
сұхбаттасқан едім, сонда ол кісі былай деді: «Мен өзімнің жеке
шығармашылық қабілеттерімнің арқасында бай болдым. Жетістікке
жету жолындамын. Бірақ мен ұзақ уақыттан бері бір ғана қарапайым
нəрсені түсіндім – əрдайым табандылық таныту керек. Басқалардың
тынысы тарылып, бас тартқан сəтте сіз бір нысананы көздеп, тек сол
жерді дамылсыз соққыға алыңыз. Өзіңізге сенімді болғанда жəне
мүмкіндік туғанда оны жоғалтып алмауға дағдылану қажет».
Бар ереже осы ғана.
Жақында маған мəскеулік өнертанушы жəне танымал «Оп-поп-арт»
өнер мектебінің негізін қалаушы, өнер туралы қарапайым əрі оңай
айтып жеткізетін Анастасия Постригай туралы айтып берді. Мысалы,


ол мұражайға барар алғашқы сапарды бала үшін қалай ұмытылмастай
етіп жасаудың немесе Гаудидің сəулет өнеріне сүйіспеншілікті қалай
ояту керектігін түсіндіреді. Мəскеуде дəрістер өткізіп, бейне курстар
жасайды. Инстаграмға тамақтың емес, Ван Гог пен Вермерлердің
суреттерін салады.
Сізге өлең жазу ұнаса, өз аудиторияңызды тауып, жақсы өмір сүруге
əбден болады. Тірі мысалдар – Вера Полозкова, Ах Астахова жəне
басқа да көптеген жас ақын қыздар. Олар əлеуметтік желілердің
арқасында сұранысқа ие.
Айтпақшы, маған адам шашынан жиһаз жасайтын, сол арқылы ақша
жасайтын бір ер адам туралы айтты. Əрине, мен өзіме қайдағы бір
Антонина Павловнаның шашынан жасалған орындық сатып алмас
едім, бірақ адамның табандылығына таң қалуға болады, иə?
Иə, мүмкін айына миллион ақша таба алмайтын шығарсыз. Бірақ
қалыпты өмір сүру үшін жеткілікті табыс көзі болары анық. Сонымен
қатар, сіз өзіңіз сүйетін нəрсені жасайсыз жəне бұл сіздің жер бетіндегі
ең бай адам болғаныңызды білдіреді.
2-кедергі: «Қадамымды нақты неден бастарымды
білмеймін, қалай бастағаным жөн»
Бірде Билл Гейтстен өмірде жеңімпаз атанып, мəре сызығын кесіп
өткеннен кейін өзін қалай сезінетіні туралы сұрайды. Сонда Билл бір
қасын көтеріп: «Егер мен бұл мəре сызығының қайда екенін білсем,
мен оны баяғыда кесіп өткен болар едім», – деп жауап берді.
Көптеген адамдар жүрек қалауы бойынша қадам жасауға қорқады, не
істеу керектігін, қайда бару керектігін білмейді. Мен қаншама кітап
оқып, «жетістік тарихы» туралы таныған сайын, табысқа жетудің
нақты белгілерін ешкім білмейтінін түсіндім.
Мəселен, Ларри Пейдж жəне Сергей Брин Стэнфордтың электронды
кітапханасының қызметкерлері болып жүргенде олардың алдында
онлайн іздеу жүйесін құру міндеті тұрды. Нəтижесінде Google пайда
болды. Қалай? Түсініксіз. Бастапқыда ешқайсысы əлемдегі барлық
ақпаратты біріктіру сияқты нақты міндет қойған жоқ. Жағдай біраз
бақылаудан шығып қалды деген осы болар.
Əрине, бұл тым асырмалап айтылған болар, бірақ мəні осы. Басында
бірінші деңгейді ғана «ашып», оны өткесін «екіншісі» ашылады.


Неге бізге жолымыздың қандай болатынын түсіну қиын? Себебі
білімнің үш түрі бар:
а) мен білетін білім (мысалы, шөптің жасыл екенін мен білемін);
б) мен білмейтінімді білемін (мысалы, қытай алфавиті бар екенін білемін, бірақ мен оны
білмеймін);
в) білмейтінімді білмеймін.
Ең қызығы, əрине, «в» нұсқасы.
Мысалы, қазір сіз кешке далаға шығып, өмірлік сүйіктіңізді
кездестіретініңізді білмейсіз. Немесе келесі аптада сізге бірлескен
жобаны атқаруға ұсыныс тастайтын адамды кездестіретініңізді
білмейсіз. Немесе бейтаныс жерде адасып, кенеттен сіз ұзақ іздеген
денсаулыққа пайдалы тағам сататын дүкенді тауып алатыныңызды
білмейсіз.
Əлемнің «в» жоспары бойынша жұмыс істейтініне сенімдімін. Біздің
өміріміздегі ең керемет нəрселерді жоспарлау немесе есептеу мүмкін
емес. Сондықтан ереже өте қарапайым: жаның сүйетін іспен
айналысуды бастаңыз, тұрақты болыңыз жəне табандылықты
жоғалтпаңыз.
Белгісіздік тұңғиығына қадам басқанда ғана жаңа есіктер ашылады.
Керемет мүмкіндікті күтіп тұрар болсаңыз, ештеңе де болмайды.
3-кедергі: Кепілдікті қалау
Бəлкім, бұл – ең зиянды «аялдама» болар. Егер де бізді жақсы көретін
болса ғана, біз сүюге дайынбыз. Ақша мен атақ əкелетін болса ғана біз
бір нəрсе жасауға келісеміз. Біздің кез келген əрекеттеріміздің
нəтижесі ретінде бəрі де «күшті» болатынына кепілдік қажет деп
білеміз.
Алайда көп жағдайда қандай да бір керемет жетістікке жету үшін сізге
«сеніммен секіру» керек. Шындығында, бұл белгісіздікке секірумен
тең. Бірақ тура жолға деген сенім керек. Бұл нəтиже бере ме, жоқ па
деп ойламаңыз. Жай ғана секіріңіз. Əрине, егер сенетін болсаңыз.
Маған Габриэль Гарсиа Маркездің Esquire-ге «Жүз жылдық
жалғыздық» туралы айтқаны ұнады. Бұл оның «сеніммен секіруі»
болды.
«Менің əйелім жəне екі кішкентай ұлым бар. Мен ол кезде PR-
менеджер болып жұмыс істеп жүрдім жəне қосымша
сценарийлерді өңдейтінмін. Кітап жазу үшін жұмыстан бас
тарту керек болатын. Мен көлікті кепілдікке қойып, ақшаны


Мерседеске бердім. Күн сайын ол маған қағаз, темекі, жұмысқа
қажет барлық заттарды алып келетін. Кітап біткенде барып
қасапшыға 5000 песо, біз үшін көп ақша, қарыз екендігімізді
білдік. Аудан бойынша мен өте маңызды кітап жазып жатырмын
деген сыбыс тарады. Оны естіген барлық дүкеншілер
атсалысқысы келді. Мəтінді баспаға жіберу үшін 160 песо керек
болды, оның тек 80-ін табу қалды. Сонда мен Мерседестің
миксері мен шаш кептіргішін кепілдікке қойдым. Мұны білген
ол: «Жазбаң жаман болып қалмаса игі еді», – деді».
Арманына толықтай иланғандар ғана бақытты. Ерте ме, кеш пе
секіруге тура келеді. Бəрібір секіресіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет