араластырып, рецепт ойластырып жүргенде уақыттың қалай өтіп
кеткендігін байқамай қаламын», – дейді.
Ольга – тренинг ұйымдастырушы. Оның айтуынша, білім мен
адамдарды байланыстыратын көпір бола алатыны өзіне ұнайды. Ол
адамдарға
білім алып, өмірлерін жақсарту үшін жақсы орын мен
атмосфера жасай алатынын біледі.
Адамдар – жол көрсетушілер
Мен əр адамның бізді бағыттаушы, жол сілтеуші екеніне сенімдімін.
Біз секунд сайын əлемді тани түсеміз. Сырттан келген ақпарат бізге
толассыз «сіңіп» жатыр. Осылайша біз қандай да бір тəжірибені,
сезімдерді өзімізге қабылдап аламыз. Мұның бəрі бізде «қайнап»,
кейіннен шығар жол іздейді. Біз мұны əлеммен
бөліскіміз келіп
тұрады. Түрлі əдістермен сыртқа шығуға тырысып-ақ жатады. Бөлісу –
баршаға ортақ қасиет. Адам əлемге бір нəрсе бере алғанда ғана
бақытты болады.
Енді ұнатпайтын жұмыспен айналысатын, кеңседе күні бойы отырып
ештеңе жасамайтын,
өзін дамытпайтын, түсінбейтін адамды елестетіп
көріңіз.
Аянышты бейне. Мен үшін бұл – тəжірибелерінің жіпсіз байланысына
тұтқынға түсіп, шығу жолын таба алмайтын адам. Ол іштей «шіри»
бастайды.
Басында адам қуаныштан құр қалып, қайғыға батады. Содан кейін ол
өмірдің
мағынасын біртіндеп жоғалтып, ақыры іші ашу-ызаға тола
бастайды. Өз өмірінен қанағаттанбаған, бір істің көзін таба алмаған
адамдар кейіннен əркімнің тырнақ асты кірін қазбалап,
интернетте
жағымсыз пікірлер арқылы өзін-өзі ақтауға немесе жетістікке
жеткендерді балағаттауға кіріседі.
Ал сіз сондай болғыңыз келе ме?
Басты сұрақ
Егер жауабыңыз «жоқ» болса, онда бүгінгі күннің басты сұрағы: «Сіз
бұл дүниеден алғаныңызды қалай қайтарып бересіз?»
Ұстаздарымның бірі керемет сөз айтқан болатын: «
Достарыңызбен бөлісу: