Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Неге жеке ой – керемет кеңесші?



Pdf көрінісі
бет30/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Неге жеке ой – керемет кеңесші?
Казимир Малевичтің «Қара шаршысын» еске алайық. Сурет кітапта
көрсетілмесе де, оқырман оңай елестете алатынымен де керемет.
Ол. Жай ғана. Қара. Шаршы.
Естеріңізге салайын, «Қара шаршы» – суперматизм бағытында
салынған, бағасы 20 миллион доллар туратын көркемсурет.
Осы тұста бірнеше фактілерді да атап өткім келеді. Малевичтің өзі өз
өмірбаянында 1898 жылды «көпшілік көрмесінің бастамасы» деп
атайды. Ал «Қара шаршысын» 1915 жылы салған. Сонда ол 17 жыл
шаршы салу идеясымен жүрген.
Мұның бəрі нені білдіреді?
Менің өнерде түсінетінім аз, сондықтан оны бағалайтын құқығым жоқ.
Бірақ жеке ойым Малевичтің ішкі ойымен кереғар түседі. Егер ол
маған келіп, көркемсурет жайлы ойымды сұрайтын болса, «Э-э-э-э...
Козя, менің ойымша сен қатты кеттің» – дер едім. Бақытқа орай, ол
келіп, менің ойымды сұрамады.
Егер сіз де мен сияқты өнерден алыс болсаңыз, өзіңізден сұрап
көріңізші: «Неге қарапайым қара шаршыны 20 миллион долларға
бағалайды?» Ойланып көріңіз.
Неге «Қара шаршының» ХХІ ғасырдағы өнер белгілерінің бірі
болғандығы жайлы жауаптың ресми нұсқасы бар. Ол былай: «Өйткені
Малевич – қарапайым шаршының маңызды хабарлама жеткізуші
екенін ойлап тапқан бірінші адам. Сондықтан бұл көркемсурет –
классикалық туынды».


Малевич ол кезде «Бұл жай ғана шаршы. Ақымақтық емес пе?
Леонардо да Винчи көрсе, не айтар еді? Ал менің достарым ше? Олар
мені ақылынан адасты деп ойламай ма?» – деп толғанбағаны анық.
Егер сіз жылдар бойы бар құлшынысыңызбен, жаныңызды салып
еңбектенсеңіз, ол ақымақтық бола алмайды. Бастысы – сіздің өзіңіз
одан мəн мен мағына көре алғаныңыз болмақ. Сонда өзгелер де оны
міндетті түрде көреді.
1,6 млн долларға сатылған «Жасыл дақ»
Заманауи өнерде «Қара шаршыдай» көркемсурет жоқ деп ойласаңыз,
олар өте көп. Менің сүйікті көркемсуреттерімнің бірі – Эллсворт
Келлидің «Жасыл дағы». Мұны да сөзбен сипаттау өте оңай. Ол –
жасыл дақ.
Сүйкімді емес пе? «Жасыл дақты» 1,6 миллион долларға сатып алған
адам «шаршы емес, əрине, бірақ мұнда бір мағына бар» – деп ойлаған
шығар.
Өзіңіз қалаған дүниемен шұғылдану керектігін түсіндіретін тағы бір
əдіс, ол – Лондондағы заманауи өнер көрмесіне бару. Сондай
көрмелердің бірінде жақында адам шаштарынан құралған жиһаз бен
бақбақ гүлінен жасалған люстра көрсетілді. Бəрі өте қымбат бағаға
сатылды.
Мұның бəрі не үшін?
Біреу басқаларға арнап бір нəрсе жасаса үнемі көп күмəнданады.
«Адамдарға ұнай ма? Тым біртүрлі/қарабайыр/түсініксіз емес пе?
Мұны басқаларға көрсетуге тұрарлық па?» деген сияқты сұрақтар
туындай бастайды.
Біз де үнемі «шаршылар», «жасыл дақтар» ойлап табамыз, бірақ
бұларлың барлғы бізге тым қарапайым, ақылға қонымсыз немесе
лайықсыз көрінетін идеяларымыз. Бұл ешкімге керек еместей, ешкім
бағаламайтындай бойымызды қорқыныш билейді.
Бұл – бізді өзімізді қалыптастыру бақытынан айыратын қателік.
Əрине, адам «көргің келмейтін» неше-түрліні ойлап табады (бұған
«Қара шаршының» қатысы жоқ). Мен сіздерді сондай ұнамсыз дүние
жасауға шақырып тұрған жоқпын. Өзіңіз шынайы сенген дүниеңізді
жарыққа шығаруға қорықпауға шақырамын.


Маңызы бар іс
Мен бір мəскеулік газетте жұмыс істеп, күн сайын жұлдыздар жайлы
жаңалықтар жазып жүрген кезімде («Леди Гага рəсімге еттен жасалған
киіммен келді», «Пэрис Хилтон жаңа итіне ат қойды» жəне т.б.) үнемі
болып жатқан дүниелердің маңызсыздығы жанымды жегідей жейтін.
Оны не үшін істеп жүргенімді түсінбейтінмін. Бұл жерде мен дамыған
жоқпын. Ол өзімнің дүниемді шығару емес еді: біз жай ғана шетелдік
сайттардан аударатынбыз. Менің ойымша, олардың барлығы əлемге
маңызы жоқ ақпараттар болатын.
Əрине, ол кезең менің өмірімдегі көңілсіз кезең болды. Істеп жүрген
ісіме көңілімнің толмауы түрлі аурулар мен мəселелерге апаратын.
Өзімді метроға адам қаптаған уақытта кіргенде тобырмен бірге
жүретін адамша сезінетінмін.
Күн сайын сол жаңалық жазатын редакцияда отырып, менің нағыз
өмірімнің босқа, маңызсыз өтіп жатқанын сезетінмін.
Офистарында отырып, сондай көңіл-күйді сезінетін таныстарым өте
көп. Менің бір құрбым ірі агроөнеркəсіптік компанияда жұмыс
жасайды. Оның міндеті тəртіпті қадағалау. Ол: «Егер бір адам
жұмысқа 5 минутқа кешігіп келсе, мен түсініктеме жазуын сұраймын.
Егер адам жұмыста 1 сағатқа артық жұмыс істеп қалса, біз, əрине, неге
олай болғанын жазып беруді сұрамаймыз», – дейді.
«Түсініктеме» сөзін естігенде мен отырған орындығымнан құлап кете
жаздадым. ХХІ ғасырда түсініктеме жазу? Рас па? Шындығында, тас
дəуірі мен құлдық ғасыры сияқты.
Мен ол құрбым үшін жұмысының маңызды емес екенін білемін. Ол
қаламаса да, сол жерден жұмыстан шықпайды, өйткені онда жақсы
жалақы төлейді.
Жаттығу. «Маңызы бар іс»
24
24
 Идея Барбары Шердің «Мечтать не вредно» кітабынан алынған.
Ойланыңызшы: жұмысыңыздың сіз үшін үлкен маңызы бар ма? Себебі
мен маңызы бар істің ғана адамға лəззат сыйлайтынына сенімдімін.
Қағазға өзіңіз маңызды деп санайтын адам мен кəсіп аттарын жазып
шығыңыз. Қоғамдағылар лайықты санайтындар мен бала кезіңізде
сізге таңып қойғандарды емес. Сіз ішкі «меніңізді»


қанағаттандыратындай өз жеке маңызыңызды табуыңыз керек.
Ойыңызға бірден келгендерді жазыңыз.
Мысалы, менің шеберлік сабақтарымның бірінде тіс дəрігері болып
жұмыс істейтін бір қыз болды. Бірақ ол тату саласындағы адамдардың
маңызын көретін. Сөйтіп солардың бірі болды! Оның əңгімесінен:
«Мен алғаш рет тату-салонға кіргенімде аяқтарым дірілдеп кетті. Дəл
осы жерде адамдар қоғам таңған таптаурындардан арылып, өзін денеге
салған сурет арқылы көрсететіндерін сезіндім. Мен үшін татудың
пəлсапасы – адамның бүкіл өміріне арнайтын белгі екендігі. Ол –
адамның даралығының белгісі. Мүмкін адам өзіне кез келген жағдайда
қолдайтын нақыл сөз жазғызар».
Осындай көңіл-күймен ол тату-шебер болып жұмысқа орналасты. Өте
жылдам үйренді. Бəлкім, нағыз өзінің ісі болғандықтан шығар.
Мəселен, мен нашар тату-шебер болар едім. Мен ол бағыттағы
адамдарға үлкен құрметпен қараймын. Бірақ өз денемді суретпен
«былғаудан» мағына көрмеймін. Бұл – менің жеке таңдауым. Егер
менің балаларым келіп (кəмелет жасына толған соң) тату салдырғысы
келетіндерін, оның олар үшін маңызды екенін айтса, əрине, мен қарсы
емеспін.
Мен өзімнің білімім мен сезімімді сізбен бөліскенді үлкен маңызды
нəрсе деп көремін. Ал менің бір өртсөндіргіш болып жұмыс жасайтын
туысым кездескенде, маған қалжыңдап: «Лора, тағы да компьютермен
бірдеңе жазып күніңді өткізіп жүрсің бе?» – дейді. Ол үшін менің
ісімнің маңызы жоқ. Мені жай ғана сөздерді жазады деп ойлайды.
Бірақ мен үшін ол сөздер орасан зор маңызға ие.
Мына əлемнің жақсы құрылғаны сонша – өзің үшін маңызды
саналатын кез келген жұмысты таңдап соның шебері болуға болады.
Міндетті түрде жанкүйерлер мен сіздің жұмысыңызды сатып алатын
адамдар табылады. Мейлі, сіз шаштан жиһаз жасасаңыз да, не «Жасыл
дақты» салсаңыз да.
Нағыз табысқа тек өзінің ішкі даусын тыңдайтындар ғана жетеді. Тек
өзіңіз үшін ғана маңызды болған нəрсе рухыңызды толтырады.
Ал сіздің ішкі даусыңыз не дейді? Сіз үшін қандай кəсіптер маңызды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет